КЖ ақпаратты тасымалдау қағидалары
Автор: Aldiyar BoranBak • Апрель 27, 2023 • Лабораторная работа • 1,864 Слов (8 Страниц) • 340 Просмотры
Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: «КЖ ақпаратты тасымалдау қағидалары»
Жұмыстың мақсаты: Компьютерлік желі ұғымымен, ақпаратты тасымалдау қағидаларымен танысу және қарапайым желіні құруға машықтану.
Жұмысқа арналған тапсырма:
Теориялық мәліметтерді оқып зерделеу және практикалық нұсқаулықта көрсетілген әдіс бойынша қарапайым желіні құру.
Есеп беру мазмұны:
- атауы, мақсаты және зертханалық жұмысқа арналған тапсырма.
- жеке тапсырманы орындау нәтижесі (тапсырманы орындауға арналған практикалық нұсқаулар Қосымша А келтірілген).
Бақылау сұрақтары:
- Компьютерлік желі ұғымы
- Компьютерлік желілер классификациясы
- Типтік пакеттің құрылымы
Теориялық мәліметтер:
[pic 1]
Компьютерлік желі деп хабарламалар алмасу және желінің программалық, техникалық, ақпараттық және ұйымдастыру ресурстарына пайдаланушылардың қол жеткізу мақсатымен байланыс арналары мен коммутациялау құралдарының көмегімен бір ортақ жүйеге қосылған өзара байланысқан компьютерлер жиынтығын атайды.
Ең қарапайым компьютерлік желіні құру үшін кем дегенде 2 түйін болуы қажет.
Компьютерлік желілерді таптастырудың көптеген әр түрлі әдістері бар. Солардың кейбіреуін қарастырайық.
Байланыстырылатын түйіндер арасындағы арақашықтыққа байланысты келесі түрлерін ажыратуға болады:
- территориалды желілер – кең ауқымды географиялық кеңістікті қамтиды; территориалды желілер арасында сәйкес түрде жергілікті және ғаламдық масштабтарға ие жергілікті және глобальды желілерді белгілеуге болады. Әсіресе дәл өзіндей нұсқасы жоқ глобальды желі Internet ерекшеленеді.
- локальды (ЛЕЖ) - шектелген территорияны қамтитын (әдетте станциялар бір-бірінен бірнеше ондық немесе жүздік метр шегінде, сирек 1..2 шақырым шегінде орналасады);
Желі қызмет ететін кәсіпорын масштабына қарай келесі түрлерін ажыратуға болады:
- бөлімдер желілері (жұмыс топтары);
- кампустар желілері (кәсіпорын масштабында);
- корпоративті желілер.
Бөлімдер (жұмыс топтар) желілері – ортақ есептерді шешетін қызметкерлердің кішігірім тобымен пайдаланылады. Бөлім желісінің басты мақсаты болып қосымшалар, деректер, жабдықтар сияқты локальды ресурстарды бөлу табылады. Қандай да бір желілік технология негізінде құрылады, ішкі желілерге бөлінбейді. Жұмыс топ немесе бөлім желісінің негізгі сипаттамалары болып бір тектілік және кішігірім масштабы табылады. Мұндай желілер локальды болады.
Кампустар (мекеме масштабындағы) желілері – бөлімдер бірнеше желілерін жеке ғимарат ішінде немесе мекеме территориясының ішінде қосады, олар бірнеше шаршы километр аймақ көлемін қамтуы мүмкін. Олардың басты желісі және ішкі желілері болады, бірақ олар жиі әртекті компьютерлік жүйелерді қосады. Мұндай желілер қызметтері бөлімдер желілерінің арасындағы әрекеттесуді, мекеме деректер қорына, пошталық серверге, жоғары жылдамдықты модемдер мен принтерлерге қол жеткізуді қамтиды.
Корпоративті желі, әдетте, бір-бірінен алшақта орналасқан офистерді, бөлімдерді және басқа құрылымдарды біріктіретін территориалды үлестірілген болады. Жиі корпоративті желі түйіндері әр түрлі қалаларда, кейде елдерде де орналасқан болуы мүмкін.
Заманауи корпоративті желі телекеоммуникациялық қызметтердің түгел түрлерін қамтамасыз ететін интеграцияланған орта болып табылады. Корпоративті желінің қажетті компоненттері болып деректер тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мобильді қол жеткізу құралдары табылады.
Ұсынатын қызметтеріне байланысты келесі түрлерін ажыратуға болады:
- деректерді тасымалдау желілері – ең алдымен, компьютерлік трафикті тасымалдау қызметіне бағытталған. Бұл желілерде дыбыс пен бейнені де тасымалдауға болады, бірақ бұл қызметтер деректері үшін қажетті сапа деңгейін желі кепілді етпейді.
- қызметтерді интеграциялау желілері – компьютерлік трафикті тасымалдаумен қоса, дыбысты, бейнені тасымалдау қызметтерін қолдайды. Бөл желілер қызметтердің әрбір түрі үшін қажетті сапа деңгейін қамтамасыз етеді.
Желі сәулеті — компьютерлік желінің топологиясын, құрылғылар құрамын және олардың желі ішінде әрекеттесу ережелерін анықтайтын нақты құрылымы.
Кең таралған сәулеттер қатарына келесілер жатады, локальды есептеуіш желілер:
...