Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шикізат қасиеттерін көрсеткіштері. Қабылдау ережелері, таңбалау, тасымалдау және шикізат материалдарын сақтау

Автор:   •  Апрель 13, 2018  •  Реферат  •  8,144 Слов (33 Страниц)  •  1,054 Просмотры

Страница 1 из 33

МАЗМҰНЫ

      Кіріспе

  7

1    Технологиялық бөлім

  8

1.1 Ақ портландцементтің сипаттамасы

  9

1.2 Шикізат материалдары өндірісі үшін өнім: заттық, химиялық және минералогиялық құрамы

10

2   Шикізат қасиеттерін көрсеткіштері. Қабылдау ережелері, таңбалау, тасымалдау және шикізат материалдарын сақтау

14

2.1 Тасты қабылдау. Ақ силикатты қоспа.

14

2.2 Цементке қосымша сипаттамалар

16

2.3 Қабылдау ережелері

17

2.4 Тасымалдау және сақтау

18

3    Ақ портландцементтің шикізат қоспасын есептеу әдісі

20

3.1 Үш бөлікті шикізат қоспасын есептеу

22

4    Негізгі технологиялық есептеулер

24

4.1 Цехтың жұмыс жасау тәртібін есептеу

24

4.2 Шикізат пен отынның қажеттігін есептеу

24

4.3 Технологиялық және транспорт қондырғыларын талдау

25

4.4 Шикізат қоймасындағы ыдыстарды және дайын өнімге керек     цццсүрлемдерді есептеу  

27

4.5 Энергия ресурсы қажеттілігін есептеу

29

4.6 Жұмыс күнінің қажеттілігін есептеу

30

5    Еңбек қорғау және техника қауіпсіздік ережелері

31

      Қорытынды

32

      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

33


КІРІСПЕ

Құрылыстағы пайдаланылатын материалдық қордың негізгі құрамын цементі бар материалдар сақтап қалады және 2006 жылдың бағдарламасында цемент байланыстырғышының өндірісін ұлғайту қарастырылған. Сонымен қатар, бұл негізгі материалдық өндірісті ұлғайтумен бірдей, оны тиімді пайдалану халық шаруашылығының басты техникалық шаралары болып қала береді. Мұның бәрі құрылыста цементті пайдаланудыың артып отырғанын көрсетеді.

Россияда портландцемент өндіретін бірінші завод 1839 жылы Санк-Петербургте салынған, 1856 жылы осы жерде тағы үлкен завод салынды. Бұдан басқа Ригада, Щуварада, Польскіде және т.б. жерлерде цемент шығаратын зауыдтар іске қосылған. 1913 жылы Россияда цемент өндірісін 1777 мың тоннаға жеткізген. 1940 жылы 5,77 млн тонна цемент шығарылған. Сол уақыттан бері көптеген республикаларда , соның ішінде Қазақстанда да көптеген цемент зауыттары салынып, казңір тек Қазақстанның өзінде 9 млн тонна портландцемент және оның басқа түрлері шығарылады.

Ақ түсті портландцементті бояғыш, мысалы хром, темір, т.б тотықтары өте аз шикізаттардан жасайды.

Түрлі түсті цементтер клинкеріне жарық (күн сәулесі) пен сілтілер әсерінен өзгермейтін бояулар қосып майдалау арқылы алынады. Мысалы, марганец рудасы, ультрамарин, т.б. бояғыш заттар қосылады. Түрлі-түсті цементті, шикізатта бояғыш тотықтар қосылғанда шығатын клинкерлер негізінде де алуға болады. Ақ және түрлі-түсті цементтер үй қабырғасын тыстайтын плиткалар (тақталар), сатылар, әсемдік бұйымдар мен конструкциялар өндірісінде қолданылады.


1 Технологиялық бөлім

1.1 Ақ портландцементтің сипаттамасы

Портландцемент дегеніміз – әктас пен балшықтан құрастырылған қоспаны 1450°С күйдіру арқылы алынатын, негізінде кальций силикаттарынан тұратын клинкерге біраз гипс қосып ұнтақтап өндіретін гидравликалық байланыстырғыш зат.

Портландцемент шикізаты – цемент өндіруге қолданылатын табиғи және жасанды минералдық түзілімдер. Көп жұмсалатын өндіруге әкті, мергельді, сазды тау жыныстары қолданылады. Саз, саздық, сазды тақтатас, лесс тәрізді саздақтар, цемент өндірісінің негізгі шикізаттаары болып табылады. Цемент алу үшін шикізат шихтасына аздаған түзуші қоспалар домна өндірісінің қалдықтары, теміркен тасы трепел, опока, кварц, құмы, маршаллит, боксит, т.б, қосылады.

...

Скачать:   txt (79.1 Kb)   pdf (522.5 Kb)   docx (624.6 Kb)  
Продолжить читать еще 32 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club