Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кескіндеу тәсілдері. Монж әдісі. Монж эпюрі. Нүктенің проекциялары

Автор:   •  Сентябрь 14, 2021  •  Реферат  •  463 Слов (2 Страниц)  •  8 Просмотры

Страница 1 из 2

  РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫП: Кескіндеу тәсілдері. Монж әдісі. Монж эпюрі. Нүктенің проекциялары.

Орындаған:

Факультет:  

Топ:

Қабылдаған:

                            Шымкент, 2021ж

                             Монж әдісі
[pic 1]

    Кеңістіктегі фигураларды жазықтықта салу туралы мәліметтер ежелгі заманнан жиналып келеді. Бірнеше уақыт бойы жазық суреттер тек көрнекі сурет ретінде ғана қолданылып келді. Техниканың дамуына байланысты бейнелердің нақтылығын және қолайлы салуын, өлшемдерін анықтауға, әр нүктенің орнын басқа нүктеге немесе жазықтыққа қатысты орнын табуға мүмкіндік беретін әдістер керек болды. Уақыт өте келе бейнелерді салу жолдары мен ережелері туралы көптеген еңбектер жинала бастады, соның ішінде француз ғалымы Монж деген кісінің «Geometrie descriptive» туындысында кездеседі.        

[pic 2]

Гаспар Монж (1746-1818 ж) француз инженері, 1789-1794 жылдардағы революция және Наполеон I басқару кезінде мемлекеттік қызметші, Париждегі әйгілі политехникалық мектептің негізін қалаушы, өлшеудің метрлік жүйесін салу жұмыстарының қатысушысы, тарихқа улкен француздық геометр ретінде келді. Франциядағы революциялық басқарманың министрі болып, оның қорғау үшін және революцияның жеңуіне көп улесін қосқан. Оның сызба сызу әдістері соғыста қолдануын табатынын біліп, мемлекет Франциядан тыс жерге шығарғысы келмей біраз уақытқа дейін оның кітаптарының шығуына рұқсат бермеді. 18 ғасырдың аяғында ғана кітаптарын шығаруға мүмкіндік алды. Бурбонов реставрациясынан кейін ол қуғынға ұшырап, өмірінің соңын кедейшілікте өткізіп өлді. Монж әдісі-паралель проекциялау әдісі заттардың бейнесін нақты, қолайлы салуға мүмкіндік беретін техникалық сызудың негізгі әдісі болып қалады. Нүктенің жазықтыққа дейінгі арақашықтығын сандық белгілеумен бермесек, екінші
проекциялық жазықтықта салынған нүкте арқылы анықтауға болады. Мұндай әдісті комплесті немесе екібейнелі деп атайды.
П1 проекция жазықтығын горизонталь, ал П2 – вертикаль орналастырады. П1 – горизонталдық проекциялық жазықтық, ал П2- фронтальдық. Жазықтықтар шексіз. Проекцияның жазықтығы кеңістікті 4 ке бөледі.  Жазықтықтардың қиылысу нүктесін координат осі деп атап x12 деп белгілейді. П1 жазықтығын x12 айналасында П2 жазықтығына қатысты айналдыра отырып, жазық сызу алуға болады.

...

Скачать:   txt (5.1 Kb)   pdf (139.3 Kb)   docx (48.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club