Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жіңішке аморфты сым мен лента алу тәсілдері

Автор:   •  Апрель 2, 2018  •  Реферат  •  684 Слов (3 Страниц)  •  789 Просмотры

Страница 1 из 3

Дәріс 9: Жіңішке аморфты сым мен лента алу тәсілдері.

Аморфты құрылым алу әдістеріне: тамшыны сұйық пластинаға катапульталау, ағысты газ немесе сұйықтықпен ыдырату, тамшы немесе ағысты центрифугалау, негізгі металл массасымен жылдам жылу шығару арқылы металл бетінің жұқа қабықшасын лазермен балқыту, газды ортадан аса жылдам суыту және т.б. жатады.

         Осы әдістердің пайдаланылуы, ені мен қалыңдығы әртүрлі болатын лента, сым мен ұнтақ алуға мүмкіндік береді.

 

Лента алу

Аморфты лентаны өнеркәсіпте өндірудің аса тиімді әдістері: айналмалы барабанның сыртқы бетінде сұйық металл ағысын салқындату (дискте шынықтыру); айналмалы барабандардың ішкі бетінде сұйық металл ағысын салқындату (ортадан тепкіш суыту); жылу өткізгіштігі жоғары материалдардан дайындалған, суық біліктер арасында балқыманы илемдеу болып табылады.

[pic 1]

Суретте балқымадан шынықтыру арқылы жіңішке лента алу әдістерінің принципиалды сұлбалары келтірілген:

а – ортадан тепкіш шынықтыру; б – дискте шынықтыру; в – балқыманы илемдеу; г – ортадан тепкіш шынықтыру; д – дискте планетарлы шынықтыру

Индукциялық пеште алынған балқыма, шүмектен бейтарап газбен шығарылады және айналмалы суытылатын дене (тоңазытқыш) бетімен жанасу кезінде қатаяды. Айырмашылығы, ортадан тепкіш шынықтыру мен дискте шынықтыру әдістерінде балқыма тек бір жағынан суытылады. Негізгі мәселе, тоңазытқышпен жанаспайтын сыртқы бетінің жеткілікті тазалану дәрежесін алу болып табылады.

Балқыманы илемдеу әдісі лентаның екі бетінің жақсы сапасын алуға мүмкіндік береді. Бұл, магниттік жазба бастиегі үшін пайдаланылатын, аморфты ленталар үшін ерекше маңызды.

Әрбір әдіс үшін, қатаю процесінің өтуі мен әдістерді аппаратуралық рәсімдеу айырмашылықтары болғандықтан, ленталар өлшемі бойынша өзіндік шектеулер бар. Егер ортадан тепкіш шынықтыру кезінде лента ені 5 мм дейін болса, онда илемдеумен ені 10 мм және одан артық болатын ленталарды алады.

Дискте шынықтыру әдісі, ол үшін аса қарапайым аппаратура талап етіледі, балқыту тигельдерінің өлшемдеріне байланысты лента енін кең аралықта өзгертуге мүмкіндік береді. Берілген әдіс ені 0,1-0,2 мм болатын жіңішке және 100 мм дейін – жалпақ ленталарды дайындауға мүмкіндік береді, бұл кезде енін ұстап тұру нақтылығы ± 3 мкм болуы мүмкін.

Сұйық күйден шынықтыру үшін қолданылатын барлық қондырғыларда, айналмалы тоңазытқыш беті бойынша жұқа қабатпен жайыла отырып,  металл жылдам қатаяды. Қорытпа құрамы тұрақты болған кезде, суыту жылдамдығы балқыма қалыңдығына және тоңазытқыш сипаттамаларына тәуелді болады.

Тоңазытқышта балқыма қалыңдығы оның айналу жылдамдығымен және балқыманың ағу жылдамдығымен анықталады, яғни шүмек диаметрі мен балқымаға берілетін газ қысымына тәуелді болады. Металдың тоңазытқышпен жанасу ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік беретін, дискке балқыма беру бұрышының дұрыс таңдалуы үлкен мәнге ие. Оған қоса, суыту жылдамдығы балқыманың қасиеттеріне: жылу өткізгіштігіне, жылусыйымдылығына, тұтқырлығына, тығыздығына тәуелді.

...

Скачать:   txt (8.9 Kb)   pdf (258.7 Kb)   docx (136.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club