Көліктікке қызмет көрсету
Автор: Арайлым Конкыбаева • Октябрь 19, 2018 • Курсовая работа • 8,563 Слов (35 Страниц) • 919 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Көлік техникасы және технологиялар» кафедрасы
«кӨЛІК жүйеЛЕРІ және тасымалдау үрдісі»
пәнінен
«Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету жолдары»
АТТЫ КУРСТЫҚ ЖОБАНЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
5В071300 - “Көлік, көлік техникасы және технологиялар” мамандығы үшін
Астана
2015
Кіріспе
Еуразия субматеригінің ортасында орналасқан және ауқымды көліктік – коммуникациялық желіні пайдаланатын Қазақстанның халықаралық тасымалдар нарығында тұрақты позицияны қамтамасыз ететін потенциалы бар. Қазақстандық магистральдарды пайдалану байырғы халықаралық бағыттармен салыстырғанда жүкті жеткізу арақашықтығын және мерзімін біраз қысқартуға мүмкіндік береді.
Халықаралық тасымалдаулар ұйымдастыру жағдайы күрделі болып келеді және әдетте экспедиторлардың қатысуымен орындалады. Көбінесе жүк жіберушілер кешенді қызмет көрсетілуін қалайды, сондықтан экспедиторлық қызметтің даму деңгейі еліміздің транзиттік - көліктік потенциалының жүзеге асуына үлкен әсер етеді.
Халықаралық тасымалдармен қатар экспедиторлар ішкі мемлекеттік тасымалдарды да ұйымдастырады. Осының арқасында жүк жіберушілер көліктік мәселелерді шешуге қажетті уақытты үнемдейді. Бұл жағдай мекеменің құрылымын ықшамдауға және оның құрамындағы көмекші бөлімшелерді қысқартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде тауар өндірумен қызмет көрсетуге тікелей байланыс сұрақтарды шешіп, олардың сапасымен өзіндік құнына жақсы әсер етуге мүмкіндік болады.
Қазақстанның көліктік- экспедиторлық қызмет көрсету нарығы аз уақыт дамып келеді. Экономиканың, соның ішінде көліктік экономиканың барлық салаларындағы түбірлі өзгерістерге қарамастан, экспедиторлық бизнестің дамуының барлық мәселелері шешілген жоқ. Бұл көліктегі бәсекелестік нарықтық қатынастардың дамуына, еліміздің транзиттік потенциалының игерілуіне және әлемдік көліктік жүйеге енуіне кері әсерін тигізеді.
Жүктерді контейнерлеу және тасымалдауды ұйымдастыруды мультимодальдық технологияға көшу кезінде көрініс алатын көліктегі ғылыми-техникалық революция салдарынан жүк тасымалдау үрдісін ұйымдастыруда және көліктік кәсіпкерлікте соңғы 10-15 жылда көптеген өзгерістер пайда болды.
Қазіргі таңда контейнерленген жүктерді тасымалдаудың үштен екі бөлігін экспедиторлар ұйымдастырады, мұнда олар аралас қатынастағы жүк тасымалдауының операторы ретінде де болады.
Қазіргі таңда басты және контейнерленген сыртқы сауда жүктерін тасымалдаудың 75-80% жүк жіберуші емес, экспедиторлық және агенттік мекемелер құжаттайды. Экспедиторға қойылатын талап: өндірушіден тұтынушыға жүк жеткізудің тиімді логистикалық сызбасын құру, бір не бірнеше көлік түрін қолданып тауарды сатушыдан сатып алушыға жеткізу.
1. КӨЛІКТІК-ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Көліктік экспедициялық қызмет - жүк жіберушіге немесе жүк алушыға үшінші жақтың көрсететін қызметтері.
Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету жүк иесінің тасымалдаушыға жасаған ұсынысы бойынша жасаған келісім - шарттың негізі. Бұл қызмет көрсетулер көліктік көмекші қызмет көрсетуден бөлек. Бұл көмекші қызмет көрсетудіде үшінші жақ орындайды. Мысалы, оларға үшінші жақтың көрсететін стивидорлық жұмыстары жатады.
Бірқатар мемлекеттердің заңында болсын, көліктік көмекші жұмыстарды ұйымдастыруда болсын елеулі қарама-қайшылықтар кездеседі.
...