Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халыққа қызмет көрсету

Автор:   •  Август 26, 2018  •  Реферат  •  10,787 Слов (44 Страниц)  •  2,154 Просмотры

Страница 1 из 44

Кіріспе

Іс-тәжірибе өту орны «Азаматтарға арналған үкмет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Іс-тәжірібенің мақсаты таңдаған мамандық саласында кәсіби білімді қалыптастыру және дамыту, жалпы кәсіби және арнаулы пәндер бойынша алған теориялық білімдерін бекіту, таңдаған мамандығы боцынша қажетті әдістерді, дағдыларды меңгеру, мамандық пен мамандану бағыты бойынша жеке пәндердітерең оқып үйрену және іс-тәжірибе нәтижелерін дипломдық жұмысты орындау үшін тиімді пайдалану болып табылады.

Іс-тәжірібені өту мақсатына жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

1. Іс-тәжірібе орнының қызметі бойынша:

- ұйымның орналасқан орны, мақсаттары мен міндеттері, сонымен қатар оның статусымен анықтайтын құжаттармен танысу (ереже, жарғы және т.с.с.);

- қалыптасқан басқару құрлымы және оны жетілдіружолдары, негізгі бөлімдер мен басқармалардың қызметі мен міндеттерімен танысу;

2. Іс-тәжірібе өткен функционалдық бөлімше бойынша:

- іс-тәжірібе өту үшін бекітілген бөлімнің қызметкерлерінің аткаратын қызметі мен лауазымдық міндеттері;

- қызметкерлерді мотивациялау, қолданылған еңбекті бағалау және ынталандыру жүйесі;

- стратегиялық жоспарлау теориясы мен ұйымның нақты іс-тәжірібесіне сүйене отырып, осы ұйымның миссиясын, оның маңызды міндеттерін тұжырымдамалау; - дербес тапсырма мен СҒЗЖ тапсырмасын орындау.

1 Мекеменің қызметін іске асыруының құқықтық негіздері

Халыққа қызмет көрсету орталығы бюрокраияны болдырмау және әкімшілік кедергілерді алып тастау мақсатында қазақстандықтарға мемлекеттік қызметті «Бір терезе» қағидаты бойынша қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылы құрылды. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 25 ХҚКО бар. Оның жетеуі — Шымкентте. 2014 жылы екі ХҚКО ашылды. Жаңа ХҚКО-ларда келушілерге қолайлы болу үшін «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс жасайды, ол жерде баланы балабақшаға кезекке қоюды, дербес кредиттік есеп беруді, мемлекеттік қызметке кадрлық қорға қоюды және т.б. барлық электрондық қызметтерді алуға болады. Электронды нысанда көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушының электрондық цифрлы қолтаңбасы болса жеткілікті. Айта кетейік, дәл осыны өзіне-өзі қызмет көрсету секторында алуға болады. 2014 жылы ХҚКО-ларға 21 жаңа қызмет түрі беріліп, 2015 жылы олардың саны 212-ге, ал 2016 жылы 215-ке жетті(1-ші суретке сәйкес). Жаңадан қосылған қызмет түрлерінің қатарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қорғаншылары мен қамқоршыларына жәрдемақы тағайындау, жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу және т.б. бар.

[pic 1]

Сурет 1. ХҚКО-ның қызмет түрінің саны

2015 жылдан бастап Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін «Бір терезе» қағидаты бойынша ХҚКО-да ашылған Инвесторларға қызмет көрсету секторы жұмыс жасайды. Енді инвесторларға рұқсат құжаттарын алу үшін әр түрлі мемлекеттік органдарға жүгінудің қажеті жоқ. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ХҚКО-ға келсе болғаны. Сондай-ақ, «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру», жеке және заңды тұлғалар ауылшаруашылығы саласында субсидиялауды ХҚКО арқылы ресімдей алады.

ХҚКО-ларға «кедергісіз» кіру үшін пандустар мен шақыру батырмалары орнатылған. I, II топтағы мүгедектерге үйлеріне барып, есту қабілеті нашар азаматтарға SMS көмегімен қызмет көрсетудеміз. Сонымен оларға Электронды үкімет порталымен жұмыс істеуді үйретіп жатырмыз. ХҚКО-ның ұсынатын барлық 212 мемлекеттік қызметін үйінен шықпай-ақ алу үшін «1414» бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалса болғаны. Осылайша қажетті мемлекеттік қызметтер туралы кеңес алып, қажетті мемлекеттік қызметке тапсырыс бере алады. Осыдан кейін ХҚКО қызметкерлері хабарласып, қажетті құжаттар тізбесін ұсынады және бару үшін қолайлы уақытты белгілейді. Бұл үдеріс 72 жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ОҚО бойынша ХҚКО-ларында сурдоаударма тілін 80 қызметкер игерген. Қазіргі уақытта әр ХҚКО-да ыммен сөйлесуді игерген 2 қызметкер жұмыс істейді.
Облысымызда мүмкіндігі шектеулі 2 мыңнан астам тұрғын мемлекеттік қызметтерді үйлерінен шықпастан алды. Облыс бойынша 4 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрі үйге бара отырып көрсетілді.

...

Скачать:   txt (170.1 Kb)   pdf (738.4 Kb)   docx (527.7 Kb)  
Продолжить читать еще 43 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club