Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында: "Туған жер"
Автор: Sandugash23 • Январь 27, 2019 • Статья • 812 Слов (4 Страниц) • 1,079 Просмотры
БІЛІМНІҢ ШЫҢЫНДАҒЫ – ҰЗТАЗ
ПИРИМБЕТОВА Сандуғаш
ЖШС Каспий өңірі «Болашақ» колледж 4 курс студенті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында: "Туған жер" бағдарламасында: ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу, елді мекендерді абаттандыруға, көгалдандыруға баса мән беру, тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Туған жеріне көмек жасаған адамдарды қолдап құрметтеудің түрлі жолдарын табу. Осыған орай мен сол секілді елге еңбегі сіңген, білім жолында қиын-қыстау кезеңдерде ер мінезділік танытқан, терең ойлап, бар өмірін білімге арнаған, биік тұлғалы, елге ерен еңбегі сіңген ұстаздықтың биік шыңына жеткен Жантөре Жәкішқызы Мамаеваның ұзтаздық өмірімен таныстырмақшымын. Ең алдымен осы кісінің еңбек жолы туралы жазғым келіп отыр.
Жантөре Жәкішқызы Мамаева 1948 жылы 14 наурызда Түрікпен ССР, Балқан облысы «Қошоба» ауылында дүниеге келген.
1967 жылы орта мектепті бітіргенен кейін Өзен ауданы Ақсу поселкесіндегі № 17 8 жылдық мектепте пионер вожатый болып жұмыс жасады. 1968 жылы Атыраудағы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институттың биология факультетіне түсіп, 1973 жылы бітірген. Сол жылы Ералыдағы №6 мектеп директорының оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлығына қабылданады.
Кейін сол мектептің директорлығына ауыстырылады. Бұл мектепте Жәкішқызының атқарған жұмысы, жеткен жетістігі көп болатын. № 6 мектеп соған дейін ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, құлаудың аз-ақ алдындағы, жылусыз, жарықсыз, алыстан келетін оқушыларды әкелетін транпортсыз, ескі оқулық құрал – жабдықсыз. Ол Жәкішқызының мектептегі қиыншылықтарының басы еді. Жәкішқызы мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді, жаңа технология, парта, оқулық, жылу, транспорт осы секілді көптеген жұмыстар жүргізе білді. Әр қаладан мамандандырылған студенттерді алып келіп, оларды бұрынғы мамандармен салыстыра отырып жастардың білім деңгейінің жоғары екенін анықтап, жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз етті. Осылайша мамандандырылған жоғары деңгейдегі мектеп қатарына қосты сонымен қатар бұл мектепте Жәкішқызы музей ашқан болатын. Музейде 10 мың экспонатты оқушылардың көмегімен жинады. Бұл музей Республика бойынша бірінші орынды алған алғашқы мектептегі музей еді. Бұл мектепті іштейде, сырттайда жаңалады деумізге болады.
[pic 1][pic 2]
№ 6 мектеп музейінде
1996 жылдан бастап Ш. Есенов атындағы университетінің биология және география кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс жасаған. 2008 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.
Оның 40 мыңнан астам мақаласы, «Көмілген арналар, көшен жұрттар» тақырыбындағы аудармасы, «маңғыстау жануарлар дүниесі» атты кітабының авторы.
Жәкішқызы «Көмілген арналар, көшкен жұрттар» атты тақырыбындағы кітаптың аудармашысы яғни кітап түрікмен тілінен тікелей қазақ тіліне аударылған. Бұл кітапта Маңғыстау түрікмен арақатынасына ерекше еңбек сіңірген түрікмен халқының айтулы тұлғаларының өмір тарихы, қайраткерлігі сөз болады. Мысалы, бүкіл түрікмен аяғына бас ұрып, сыйлайтын, қадірлейтін, нөмірі бірінші адамы қазақтағы Бекет ата сияқты пірі Бегдұрлы Ишан, Ақшұқыр ауылының, мектебінің, бақшасының негізін қалаған айтулы тұлға Машырық Қажы, Адайға күйеу бала болып келетін, ел билеуші Мәмбет Сапа екі халықтың достығын, татулығын, бірлігін көксеген адамдар еді. Бұл тұлғаларды Жантөре апа терең білгендіктен осындай ауқымды, айта қаларлықтай істі атқарды. Көлемі шағын болғанымен, көтеріп тұрған жүгі ауыр, романның жүгін көтеріп тұрған шығарма. Бұл кітаптың оқырманға берері көп. Ғалым Бегжан Амантағанның «Түрікменстанның кейбір тарихи тұлғалары» туралы жазған еңбегін түрікмен тілінен қазақ тіліне аударғандағы мақсаты: ғалымдар, оқытушылар, студенттер мен оқушылар пайдалануға және де Маңғыстау тарихын зерттеуге септігін тигізеді деген үміт.
...