Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру
Автор: Sambak • Октябрь 19, 2022 • Творческая работа • 366 Слов (2 Страниц) • 261 Просмотры
Қазақстан. Топырағына қасиет тұнған менің асыл мекенім. Шыр етіп дүниеге келгенімізден кіндігімізбен байланып, жүрегімізбен құшатын қастерлі туған жеріміз. Оның әр тасы мен қара суында сезіміңді баурайтын бір кие бар. "Менің Қазақстаным" деп айта бастағаннан-ақ көкірегіңде бір мақтаныш, бір қуаныш сезімі толып тұрады емес пе?! Бабалардың қанымен қорғалған, абыздардың жырына айналған кең байтақ жерімнің болашағын бақыттың құтты мекені етіп елестетемін. Менің арманымдағы Қазақстанның шуағы жүректерден төгіліп, жарқыраған нұры көңілдерге құйылып жатады.Міне, менің туған жерімнің қасиеті осындай! Оның жерін басқанның қадамы құлпырып, арманы адал сенімге айнала береді. Көкірегіңе бар асыл сезімді құя алатын жер бетіндегі ең арман мекен ол менің Қазақстаным екен!Жарқырай бер, жасай бер, жасара бер менің арман мекенім! Болашағымның бағы болып биіктей бер, Қазақстан!Әрине, болашаққа әр адам әртүрлі көзқараспен қарайтыны анық. Тіпті «Болашақ қандай болады?» - деп өз-өзімізге сұрақ қоямыз. Болашаққа біреуі зерделі көзбен қараса, біреуі беймәлім, сыры мол әлемге жас көзбен қарайды. Біреулері «Болашақта адам жұмыс істемейді, оның орнына робот жұмыс істейді» деп болжам жасаса, енді біреулері «Болашақта андай болады, мынандай болады» деп жорамал жасауда. Әрине, мұның бәрі уақыт еншісінде. Дей тұрғанмен, менің көзіммен қарағанда өсіп келе жатқан ұрпақ үшін болашақ жарқын болуы тиіс.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында халықтың алдағы өркендеуіне, қадамын нық басып, болашаққа сеніммен қарауына негіз болатын нәрсе атам заманнан ескірмей, ұмытылмай келе жатқан қазақтың
...