Аннотация Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар Тоғысында» атты кітабы
Автор: akoooon02 • Май 3, 2021 • Творческая работа • 503 Слов (3 Страниц) • 936 Просмотры
Аннотация
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар Тоғысында» атты кітабы
[pic 1]
Бұл кітап 1996 жылдың 23 сәуірінде Атамұра баспасында жарық көрді.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет қайраткері, саясаткері ретінде басымыздан өткерген оқиғалардан сыр шертеді. Бұл кітаптың негізгі мән-мағынасы – елдің саяси жағдайы болып табылады. Кітап үш тараудан тұрады.
- Күні кешегіні көзге елестетсек...
- Жол айрығында
- Мағұрып пен машұрыт арасында
Автор дәл осы үш тарауды жеке-жеке бөліп, әрқайсысына талдау жасайды. Әр тараудың мазмұнына сәйкес жеке тақырыпшаларда кітап мағынасы толығымен ашылады.
Жалпы кітаптан қазақ халқының басынан өткерген тарихындағы КСРОның құлауы және оған түрткі болған саяси түсініктер, өз тәуелсіздігімізді алғандығымыз жайында және әрі қарайғы Қазақстан Республикасындағы орын алған жағдайларға негізделген. Автор өз көзімен көрген, бастан өткерген тарихымыздың жайттарына сараптама жасап, келешек ұрпаққа жүріп өткен дара жолымыз жайлы мағлұмат береді. Бұл кітаптың мақсаты – расында да, болмыстарынан бедерлі жаратылған саяси ықпалдастарымыздың бейнелерін жарқыратып сомдап шығу емес, керісінше кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына оқырмандарды өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу. Әркімді ұлт есебінде өзін-өзі тануға, ұлтының тегін, тарихын, мінезі мен қасиетін саралауға үндейді.
Бұл кітаптың есте қалар ерекшелігіне тоқтала кетсек, Ел арасында КСРО тарап кетуі жайлы әртүрлі сыни пікірлер қалыптасқан болатын, Елбасы бұл жайында «Кеңестер одағы ақпараттық және мағыналық шабуылды күшейтіп, жүйелі түрде іргесін сөге беруді көздеген көп жылғы іріткі әрекеттің нәтижесінде құлады дейтін пайымдаудың , былайғыларына қарағанда көбірек қисыңға келіңкірейтіні рас» деп пайымдайды. Елбасы өз кітабында социалистік идеяға қисынсыз сын тағушылармен келіспейтінін ашық айтты. Сонымен қатар, құлауға себеп болған экономикалық, ұлттық және саяси дағдарыстар жайында кеңінен ақпарат береді.
...