Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Автор: Балнур Алибекова • Сентябрь 3, 2023 • Эссе • 315 Слов (2 Страниц) • 137 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым
Министрлігі
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
ЭССЕ
ТАҚЫРЫБЫ: Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Орындаған: Алибекова.Б
Қабылдаған: Мендикулова.Ж
Тобы: ЭФ-21-1к1
Шымкент 2022
Кемел елдің келісті болашағын көркейту мақсатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сындарлы саясаты мен көреген көріпкелдігінің арқасында халыққа жолдаулар мен мақалалар ұсынуда. Яғни, Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» атты мақаласында еліміздің игілігі үшін атқарылар істің бағдары айқын, болашағы жарқын болу керектігін баса айтып, алға игі мақсаттар мен жоспарлар құрып берді. Көреген көшбасшы Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігін беріп отыр.
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Рухани жаңғыру бастауын бүгін алған мәселе емес. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес.
Қазір білектінің емес, білімдінің салтанат құрған уақыты. Елбасымыздың «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапыда қалып жүрмедік» деген нақылында тұщымды ойдың айтылуы да еліміздің қай заманда болмасын, есесі кетпегенінің айқын дәлелі. Ел болашағы, ұлт болашағы жас өскелең ұрпақтың қолында екені даусыз. Демек білімді, бәсекеге қабілетті оқушыларды тәрбиелеу – ұстаздар қауымына артылар ауыр жүк болмағын бәрі де сезеді. Осы орайда барлық ұстаздар қауымына аса жауапты қадам – ел болашағы мен бүгінгісін жалғар жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің үйлесім тауып, бәсекеге барынша қабілетті болуы жүктелуде.
...