Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Автор: Asseltai • Март 27, 2022 • Эссе • 1,607 Слов (7 Страниц) • 328 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Коммерциялық емес акционерлік қоғам «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
Эссе
Пән атауы:Философия
Тақырыбы: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Орындаған: Тайшаева Ә.
Тобы:Ап-20-6тк
Қабылдаған: Балтабаев Н.
Шымкент 2022
Н.Ә.Назарбаевтың бұл жолдауының басты мақсаты әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу болды. Бұл жолдаумен Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғаны жарияланды. Жолдаудың рухани жаңғыру деп аталу себебі, мақсатқа жету үшін біздің санамыз, ойымыз ісімізден тез, озық жүруі тиіс.
Барлық ел қазір өзгеру үстінде. Бірақ әлемді қандай болашақ күтіп тұрғанын ешкім біле алмайды, алдымызда бәрі бұлыңғыр. Адамдар күн сайын дамып, жаға нәрселерге көздері ашылуда. Егер біз де қатып қалған бұрынғы қағидалардан арылмасақ, басқа елдермен бір қатарда тұра алмаймыз.
Жаңа заманға сай болу үшін жолдауда бірнеше бағыт аталып көрсетілген.
1.Бәсекелік қабілет. Бұл ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, немесе сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бәсекелік қабілет бұл тек бизнесте ғана керек нәрсе емес, қандай жерде болсаң да ол жеңіске жетуге көмектеседі. Мысалы, білім алу орындарында, жұмысқа жаңадан орналасатын кезде және тағы да басқа кездерде.
2. Прагматизм. Прагматизм дегеніміз – адам өзінің ұлттық және жеке байлығын нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағын жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу.
...