Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абай болашаққа бағдар беруші

Автор:   •  Сентябрь 17, 2020  •  Эссе  •  285 Слов (2 Страниц)  •  604 Просмотры

Страница 1 из 2

Абай – болашаққа бағдар беруші

“Абады тани алмаған қазақ, дүниені де танып жарытпайды”

                                           Н. Ә. Назарбаев

   Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, жазба әдебиетінің негізін салушы, аудармашы, ағартушы, ұстаз, қоғам қайраткері.  

   Ақын өлеңдерін қаншама рет оқысақ та, қаншама жыл өтсе де жаңа қырларынан ашылып, жарқырай түседі. Өйткені заман, қоғам өзгерсе де ақын шығармашылығы санамызға, жан дүниемізге үлкен ой салады.

   Өз заманының күрескері, дана ойшыл ақын қазақтың әрқашан оқуға деген құштары болғанын қалады. “Ғылым таппай мақтанба”, “Интернатта оқып жүр” өлеңдерінде білім-ғылымның адамға пайдасын, “артық білім кітапта” деп жалықпай оқып-білуді, табанды түрде білімге ұмтылуды насихаттап, жастар санасына сіңіруге күш салды.  Абай ел билігіне араласа жүріп өз ұлтының болашағы тек білімде ғана екенін терең түсінді. Ағайын арасындағы ауызбіршіліктің жоқтығы, бар дүниені малмен ғана бағалайтын надандық, аярлық пен бақталастық – осы жаман қасиеттердің түп-тамыры білімсіздіктен, тәрбиенің кемдігінен шығатынын Абай айқын аңғарды. Ақын қазақ халқының тек ғылым игергенде ғана іргелі, өркениетті жұрттармен терезесі тең боларын ұғынды. Сондықтан, көзіміз ашық болсын десек, Абайдың шығармаларын оқып, өлеңдерін жаттаудан жалықпауымыз керек. Сонымен қатар, Абайды әлем жұртшылығына кеңінен таныстыруымыз қажет, Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек. Бұл бүгінгі ұрпақтың, яғни біздің қастерлі борышымыз.

  Қорыта келе, біз ақынның ұлы мұрасын, құнды, асыл дүниесін ешқашан ұмытпауымыз керек.

   Толық адам болуды дәл Абай атамыз сияқты жан-жақты түсіндірген ақындар жоқ шығар.

   Өзіміздің ұлт ақыны, жарқын болашаққа бағдар берген Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттап жүруіміз керек.

...

Скачать:   txt (3.2 Kb)   pdf (29.7 Kb)   docx (7.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club