Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің арманымдағы жоғары оқу орны

Автор:   •  Сентябрь 12, 2020  •  Сочинение  •  519 Слов (3 Страниц)  •  2,410 Просмотры

Страница 1 из 3

Менің арманымдағы жоғары оқу орны

Армансыз адам болмайды. Себебі, армансыз адам- қанатсыз құспен тең.Әрбір адамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы  болады. Ол арман-адаммен бірге өседі,дамиды. Сол секілді менің де бала кезден бергі арманым бар. Сондықтан да мен, адамда тек  бір ғана арман болады, ал қалғаны сол арманға жетердегі мақсаттар деп білемін.

Бала кезден адам есейгенше асығады, ата-анамыз секілді жұмыс істеп, өз бетімізше өмір сүрсек дейді. Алайда ол күннің  қалай тез келіп жеткенін білмей де қаласың. Міне, биыл менде 11- сынып түлегімін. Алдымда жаңа өмірге дұрыс қадам басу үшін дұрыс таңдау жасау міндеті тұр. Яғни, ең алдымен дұрыс мамандық және жоғарғы оқу орны . Өйткені бұл таңдаулар алдағы жолды қиындықсыз өтудің бір амалы. Біздің әрбіріміз өзімізді тыңдауымыз керек. Себебі қазіргі және алдағы болатын жағдайдың бәріне өзіміз жауап береміз. Не анамыз, не әкеміз, не болмаса бір нәрсеге итермелейтін достарымыз емес тек қана өзіміз жауаптымыз.Бұл дегеніміз таңдауды сен жасайсың дегенді білдіреді және бұл таңдау сені өз арманыңа бір қадам жақындатуы тиіс.Себебі, бұл шешім сенің алдағы өмірің мен мансабыңа тікелей әсер етеді.Ал менің арманымдағы мамандық пен жоғарғы оқу орны қандай?

Мен үшін университет ол- менің арманымды жүзеге асыратын орын ғана емес сонымен қатар өзімді де дамыта алатын жер деп ойлаймын. Қазіргі таңда өте көптеген жоғарғы оқу орындары бар. Олар ұлттық, мемлекеттік, халықаралық секілді түрлерге бөлінеді және олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Әрбір оқу орны білім деңгейін жоғары болғанын әрі сапалы білім беруді қалайды деп ойлаймын. Сол секілді менде әрбір таңдаған оқу орнымның білім деңгейінің жоғары болғанын қалаймын. Оқу орнының білім деңгейі мен үшін        сондағы оқытушыларға байланысты секілді. Меніңше әрбір адам білім ала алады алайда ол сол білімді басқа бір адам бойына сіңіре ала ма міне сол маңызды.Бір үміттенерім білікті оқутышылар маған шын мәнінде білімді адамды өзін байсалды(дегенмен, байсалды бет-әлпет ақыл –ойы бар дегенді білдірмейді) тұлға ретінде көрсетуге тырысатын наданнан қалай ажырата алуды түсінуге көмектеседі деп ойлаймын. Өз басым оқытушы тек білім беріп қана қоймай сонымен қатар оқушысының деңгейіне қарай оған дұрыс бағыт-бағдар беріп,жол көрсете алуы керек.”Оқушы ешқашан өзінің ұстазын басып оза алмайды, егер ол ұстазын қарсылас емес, тек үлгі ретінде көрсе ” – деп Белинский айтпақшы ұстаз оқушысының бойында міне осы бәсекелестік қасиетті де оята алуы керек. Бәсекелестік қазір өте қажет қасиеттердің бірі себебі мынадай дамыған заманда ол қасиетсіз жоғарыға көтерілу оңайға соқпайды. Бүгінгі күндері жоғарғы оқу орындары тек біліммен ғана емес түрлі клубтар мен ұйымдардың болуымен және студенттік өмірді қызықты өткізу үшін түрлі бағдарламаларды ұйымдастыруымен ерекшеленеді. Мұның өзі де өте тыңғылықты істі қажет ететін жұмыс деп ойлаймын. В.И.Даль ғылымның – ақыл мен білім, ал тәрбие-мораль қалыптастыратындығына сенімді болды. Бұл ескі сияқты көрінуі мүмкін, бірақ  мен өз арманымдағы жоғарғы оқу орнынан осыны да және басқа да тосын жайттарды күтемін.Ия, оқу орнынан осыншама нәрсені талап ету өзіме де соған сай әрекет етуді талап ететіндігін түсінемін. Мен оған дайынмын  және соған сай әрі қарай табандылықпен әрекет етемін деп ойлаймын. Қорытындылай келе жоғарыда аталған барлық қасиетті мен КАЗГЮУ университетінен таба аламын деп ойлаймын және бұл мекеме менің  алдағы жолымдағы толы мүмкіндіктердің тоғысқан жері деп білемін. “Студент- түтікше емес, оны толтырудың қажеті жоқ, керісінше ол жанып тұрған алау” деп білемін және КАЗГЮУ менің алауымды жағады деген сенімдемін.

...

Скачать:   txt (6.5 Kb)   pdf (36.7 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club