Екінші ана
Автор: Aigerim9495 • Сентябрь 30, 2019 • Эссе • 277 Слов (2 Страниц) • 894 Просмотры
Екінші ана
Келін болып, алғаш табалдырық аттағанда, қарсы алатын адам, осы үйге тез сіңіп кетсін деп, меніңде қызым деп, балам келін әкелді деп қуаныштан жүгіріп жүретін - Ана. Қазіргі заманда ЕНЕ деген ат құлаққа жағымсыз естіліп, келіндер жинала қалса, енелерінің құлағын шулататын өзекті әңгіме, өсекке қалатын есім. Неге екенін білмеймін өздерінің аналары алтын, өзгенің анасы сапасыз алтын іспетті. Ене туралы әңгіме басталса таң атып, кеш батқанын білмей қалатындай, таусылмайтын әңгіме, шешілмейтін түйін.
Осы орайда Ене, Келін деген тақырыпқа өз ойымды білдіргім келеді. Қазіргі таңда әлеуметтік желі деген жақсы болды гой, ешкім бұрынғыдай газет ақтарып, газет күтіп оқымайды, оның орнына блогер айтпақшы деп, стористерін күтіп отыратын жайы бар. Бір күні бір блогер ханым енелердің түрлерін шығарып қойыпты. Ондай да қызық болады екен. Ол түрлерге сипаттама беріп, ал қайсыларыңыздың енелеріңіз бар мынаның ішінде, жақсы жауап жазғандарға 2000 бірлік сыйлаймын делінген. Қарап отырсам қаншама келін бір-бірімен жарыса біреу мақтап, біреу даттап жазысып жатыр. Ал бір блогердің парақшасын қарап отырсам адам сүйсінеді, енелеріне арнап жақсы жыр-шумақ жазыңдар деп сыйлықсыз парақшасында дамытып жатыр. Қыз-келіншектердің барлығы осындай парқшаларды күніге ақтарудан шаршамайды. Күні ұзақ блогер сторисін ақтарып, кеш болғанда тірлік бітпесе өзінен емес жылаған баладан немесе жұмыстан ерте келіп қалған күйеуін кіналап жатады.
Өзіміздің үйге келін болып түскен келін жаманда, өзіміз келін болып түскен үйде ене жаман. Неге? Келіндердің жарыса айтатын шағымы баласын қызғанады, қазан ошаққа араласады, ортамызға түседі айта берсен тізбектеліп таусылмайды. Бұлардың барлығын ашып айтар болсақ бірнеше томдық кітап болар-ау, оданда бір ауыз сөзбен айтар түйінім: сіздерде ЕНЕ боларсыздар сол кезде барін түсінерсіздер. Ене қандай болсада, сіздердің жәннәттарыңызды (күйеулеріңізді) жарық дүниеге әкелген ана, өсіріп сіздерге жеткізген ана. Егер ана куйеуіңізге разы болмаса, сізге де күйеуіңіз разы болмас. Баршамыз аналарымызды құрметтейік!
...