Аға буынның еңбегі бүгінгі ұрпақтың көзімен
Автор: 789654123 • Апрель 24, 2018 • Доклад • 1,359 Слов (6 Страниц) • 1,045 Просмотры
«Жамбыл Жабаев атындағы №15 Қарсақбай
ЖОББ мектебі базасындағы Тірек мектебі
(ресурстық орталық)» КММ-сінің
музыка пәні мұғалімі
Акдаулетова Сауле Нуркамаловна.
Аға буынның еңбегі бүгінгі ұрпақтың көзімен
Орта жастан асқан соң аға буынның орыны нақтылана түседі. Осыған сәйкес аға буынның өзіне тән әлеуметтік міндеттері арта түседі.Бұл кезде осы буынның көрген-түйгені молайып, тәжірибесі толығып, өмірдің мәніне тереңірек үңіледі, ұрпақтың болашағының баянды болуына қажетті шараларды берік ұстана отырып, оны жіті қадағалайды. Қоғамдағы рөлі мен міндеті артқан сайын аға ұрпақ өзінен кейінгілерге үлгі-өнеге көрсетіп, өздерінің қадірін біліп, жастардың орынды істерін, оң пікірлерін қолдап-қуаттап, қателерін түзетіп, ақыл-кеңес беріп, жөн сілтейді. Кейінгі ұрпақ аға буынның озық өнегесін сақтап, одан ғибрат алып, өз өмір тәжірибесінде ілгері дамытып, өз кезегінде кейінгі буынға жеткізіп отыруға ерекше мән береді. Абайдың «Алдынғы буын ағалар, кейінгі толқын інілер» деген өлең жолдары аға ұрпақ пен жас ұрпақтың арасындағы мәдени сабақтастықтың этнос өміріндегі маңызын аңғартады. Аға буынның тектілігінен туған қасиеттер, қазақ зиялыларының тарихы, қазақтың тәрбиесі, балаға үйреткен өсиеті уақыт өте келе ұлттың дүниесіне айналып отырады. Бұның бәрі өмір болмысын ақыл биігінен зерделеп, өмір сүруде ұлт болашағына сауаттылықпен қараған атбабаларымыздың рухани деңгейімен өлшенеді.Ата-баба өнегесі деп қазақ қоғамының қалыптасу тарихынан бастап, халықтың ұлт болып қалыптасудағы қасиеттері мен өмір сүру тәсілінен туындаған рухани құндылықтарды айтамыз. Ұлттық өнеге қлт болмысының ерекшелігін, табиғатын, дүниетанымын, дәстүрі мен мәдениетіндегі даналықты көрсетіп отырады. «Қазақ өнегесі» ұғымының мәніне назар аударған адамға алдымен қазақ ұлтының отбасылық мәдениеті мен дәстүрі, қарияыларымыздың ұрпақтың тілеуін тілеген мінезі, қазақ баласының батыр, ержүрек болып есейетіндігі, елдігі, бір сөзбен айтқанда елдің ел болудағы жетістіктері, кейінгіге үлгі болатын жөн сілтейтін іс-әрекеті көрінеді. Талай қиындықты басынан өткерген аға буынның еңбегі мен ерлігі-ел тарихы. Отанын жаудан қорғаған, қираған шаруашылықты қалпына келтіріп, тың игерген аға ұрпақ тәуелсіз Қазақстанның нығаюына сүбелі үлес қосты. Бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отырған алдыңғы буынның өмірінен үлгі алып, оларға тиісінше лайықты құрмет көрсету-бізге міндет. Жеңіс. Ия,осы сөзі сан миллиондаған адам төрт жыл бойы сарыла күтті. Ақыры ол кісілердің үміті мен сенімі ақталды. Арман, тілектері орындалды. Бірақ, жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қасиетті қазақ жері соғысқа перзенттерін аттандырумен қатар, жер байлығын да иіп берді. Барланған кен орындарының негізінде металл өндіру, байыту мен қорыту кәсіпорындары салынды. Айталық, Қарағанды, Өскенмен,Ақшатау, Жезқазған, Қарсақбай,Жезді өндіріс ошақтары соғыс жылдарында елеулі рөл атқарды. Осының арқасында Қазақстан одақтағы молибден мен марганец рудаларының 60, висмуттың 65, полиметалл рудалары мен қорғасынның 80 пайызға жуығын өндірді.Қарағанды көмір кеніші соғысқа қажетті отынның 65 пайызын ойып берді. Ер-азаматтары майданға алынып, бар ауыртпалық егде адамдардың, әйелдер мен балалардың мойнына түсті.Тылда қалған қаншама қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ жүре тынбай еңбек етті. Олардың арқасында соғыс жылдары Қазақстан колхоздары мен совхоздары елімізге 56 млн пұт астық, 733,9 мың тонна ет, 1142 мың тонна сүт, 62,4 мың тонна жүн өткізді. Ұлы Отан соғысы кезеңінде өз үлестерін айтарлықтай қосқан, Қарсақбай зауытының ұжымы да қиындықтарға және жұмысшы қолының жетімсіздігіне қарамастан әрі қара мыс шығарумен қатар майданға оқ-дәрі дайындауды да ұйымдастырды.Майданға жөнелтілегн әрбір төртінші оқ Қарсақбай мысынан құйылды.Зауыттың көптеген жұмысшылары мен қызыметкерлері майданға аттанды,қалғандары зауытта жұмыс істеді.Ең жауапты жерлерде үздік өндірісшілер жұмыс істеді. Көккөзов, Манукян, Питерский, Лобанов секілді озаттар мыс балқытушылар ауысымын басқарды.Мыс балқытушылар арасында шапшандықпен ауыр салмақты мыс балқыту қозғалысы дамыды. 17 қыркүйекте Көккөзовтің ауысымы майдандық вахтаға тұрып,152 тонна штейн берді,келесі күні осы ұжым қосымша тағы да 5 тонна штейн берді.150-153 тонна штейнді Манукян мен Лобановтың ауысымы алды.Жоғары көрсеткішке аға көрікші Ахметов,көрікшілер Баймендинов, Сыздықов, Байтүбеков,формовщиктер Қощанов,Ниязбековтер де қол жеткізді.Байзақов пен Оңаев та күн сайын шихтаны балқытудағы жоспарларын артығымен орындады.Конверторшы Сейтенов шапшандықпен ауыр салмақты мыс алу жоспарын жүйелі орындады.Ол бірінші болып конвертор қуатын 15,содан соң 40 пайызға көтерді.Сейтеновтен үлгі алған конверторшы К.Ниязов зауыт тарихында бұрын-сонды болмаған көрсеткішке қол жеткізді.30 қыркүйекте Өдербаев жолдасының көрсеткішінен шихтаны балқыту жөнінде 46,6 пайызға,кенді өңдеуде 19 пайызға,концентратты қайта өңдеуде 39,5 пайызға,жүк айналымы бойынша 41,4 пайызға өсті.
...