Ә. Кекілбаевтың публицистикалық еңбегі: «Азаттықтың ақ таңы»
Автор: 1973 • Май 11, 2019 • Реферат • 6,352 Слов (26 Страниц) • 1,289 Просмотры
Тақырыбы: Ә.Кекілбаевтың публицистикалық еңбектеріндегі
тәуелсіздік тақырыбы /«Азаттықтың ақ таңы» еңбегі бойынша/
Мазмұны : Беті
І. Кіріспе 2- 3 ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Маңғыстаудың маң басқан марқасқасы 4-7
ІІ.2 . Ә. Кекілбаевтың публицистикалық еңбегі: «Азаттықтың ақ таңы» 7-12 ІІ.3. « Таң атар»: «Айналаң-алтын бесігің»-философиялық очерк 12-15
ІІ.4 «Күн көтерілді»: «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» 16 – 19
ІІІ. Қорытынды 20
І . Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі. Өткен күннен алыс жоқ,келер күннен жақын жоқ»,-демекші, міне жақын күндері қазақ халқы тәуелсіздіктің 26 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл-қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.
Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір адамның қолында емес. Бірақ, халық атынан үлкен деңдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тындайтын, мемлекетке бағыт-бағдар беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президент.Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап, Қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың мән-жайын түсіну, ұғыну, мемлекеттің одан әрi даму үрдiсiн болжау және халықтың талғамына сай, ең тиiмдi даму стратегиясын таңдауда жан-жақты, қайсар, жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең, интеллектуалды тұлға қажет еді. Мұндай тарихи міндетті, Жаратушы осы қасиеттерге сай Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі келбеті, бастан өткен сәтсіздіктері және жеңістері тұңғыш президентіміз, Елбасының есімімен тікелей байланысты. Тарихи өтпелі кезеңде Елбасының рөлі айқын және ашық көрінеді.
Еліміздің тәуелсіздік жолындағы күрес барысында талай ақын-жазушыларымыз,қоғам қайраткерлері,елім деп жүректері соққан абзал азаматтарымыз Елбасының қасынан табылып, елдік үшін еңбек етті, аянбай күресті. Сол тарихи жолдарды өзінің шығармаларына, публицистикалық еңбектеріне арқау етті. Сондай атпал азамат,қазақтың біртуар тұлғасы- ақын,жазушы,қазақтың публицист наркескені-Әбіш Кекілбаев. Оның публицистикалық шығармаларында тәуелсіздік тақырыбындағы еңбектерінің өзі бір төбе.Мен өзімнің осы зерттеу жұмысыма жазушының тәуелсіздік тақырыптағы еңбектерін талдай отырып, мәні мен мағынасын талдап көрсетуге тырыстым. Жазушының 1998 жылы жарық көрген «Азаттықтың ақ таңы» атты еңбегіндегі публицистикалық мақалаларын негізге ала отырып, осы зерттеу жұмысын жасадым.
...