Тәуелсіз елдің ұрпағымын
Автор: GULZATKA • Январь 20, 2019 • Практическая работа • 625 Слов (3 Страниц) • 1,164 Просмотры
Есік қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты
Мұғалім-дефектолог Анаркулова Г.Г.
Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұрпағымын
Мақсаты: 1. ҚР-ның тәуелсіздігі күні мерекесі туралы түсінік беру. 1-желтоқсан президент күні екенін естерінде жаңғырту. Бостандық, азаттық, теңдік сөздерінің мағынасына тоқтала отырып, Тәуелсіз Қазақстан туралы дүниетанымын кеңейту.
2. Егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы жас ұрпақтың бойына Отанға, ұлтына, туған жері мен өскен еліне деген сүйіспеншілік сезімін сіңіру. Оқу мәнеріне баули отырып есте сақтауын шыңдау. Сөздік қоры мен тіл байлығын дамыту. Ән айтқызу арқылы шаттық көңіл-күй сыйлау.
3. Отан-ананы құрметтеуге, Тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжандылық пен елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үнтаспа, даналық сөздер, Президент портреті, әртүрлі суреттер, Рәміздердің суреттері, шарлар, ту.
Әдісі: Тәрбие сағаты.
Өту барысы: І. Ұйымдастыру.
а) Психологиялық дайындық (шаттық шеңбері)
Тәуелсіз ел - Отаным,
Қазақстанда тұрамын.
Құрдастарым жанымда,
Бірге сайран құрамын.
Елім, жерім, кең далам,
Бәріне ие, өз балаң.
(оқушылар бір-біріне жақсы тілектер, жылы сөздер айтады)
ә) Тақырыпты таныстыру.
Кіріспе бөлімі:
Педагог: - Тәуелсіздік дегенде ұлан байтақ жерімізді анталаған жаудан қорғаған, бес қаруы бойында, үстіне сауыт киген батыр бабаларымыз көз алдымызға келеді.
Олай болса біз батыр да ержүрек халықтың ұрпағымыз.
Біздің туып өскен жеріміздің егеменді ел болып тәуелсіздік алғанына биылғы 16-желтоқсан күні 27 жыл толады екен.
Құрметті ұстаздар, қымбатты балалар келе жатқан тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
ІІ. Негізгі бөлім.
- Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатын әнұранмен бастаймыз (қолдарына жалау ұстаған оқушылар ән әуенінің ырғағымен ортаға шығады). Әнұран орындалады.
Оқушыларға ой тастау:
- Балалар, біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)
- Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)
- Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
- Ал сендер қай қалада оқып, білім алып отырсыңдар? (Есік қаласында)
- Осы қаланың жанында үлкен қала бар ма? (Алматы)
- ҚР президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)
- Иә балалар, Тәуелсіздік пен Елбасы егіз ұғым. 1-желтоқсан президент күні мерекесі екенін айтып өту.
1-оқушы: Нұр атам менің,
Намысын отқа қайраған.
Күндіз де, түнде де,
Халқының қамын ойлаған.
2-оқушы: Қазақтың атын,
Танытып әлем жұртына.
Байрағын ұлттың,
Басына шыңның байлаған.
Нұр атам менің,
Маңдайдан бағы таймаған.
3-оқушы: Кім сүймейді ел басын?
Ел деп соқса жүрегі
Кім сүймейді ел басын?
Елбасының тілегі
Елмен бірге болғасын!
Патриоттық ән «Жігіттер, жігіттер» (хормен)
1-оқушы: Мен қазақпын,
Шындық менің ұраным.
Шындықты мен,
Алашым деп ұғамын.
Елім, жерім, халқым дейтін еңіреп,
Ертең мен де
...