Жарақаттың организмге жалпы әсері. Жарақаттық шок. Коллапс.Есінен тану. Буын шығуы және сынық
Автор: zhakanova99 • Сентябрь 26, 2018 • Реферат • 4,426 Слов (18 Страниц) • 4,288 Просмотры
Қарағанды Мемлекеттік Медицна Университеті
Жалпы хирургия және травматология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Жарақаттың организмге жалпы әсері. Жарақаттық шок. Коллапс.Есінен тану. Буын шығуы және сынық.
Тексерген: Каюпов С. К
Орындаған: Жаканова А.Б
3-027 ЖМ
Қарағанды, 2018
- Жоспары
Жарақаттың органимзге жалпы әсері. Түрлері. - Жарақаттық шок.
- Клиникалық көрінісі. Емі.
- Коллапс.
- Есінен тану.
- Буын шығу. Буын шығуы кезіңдегі көмек
- Сынық. Сынық кезіңдегі көмек
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жарақат (грекше trauma-зақымдалу)- сыртқы фактордың әсерінен, тіндердің жергілікті анатомиялық және функциональды қызметінің бұзылысынан, организмнің жалпы реакциясын туғызуы.
Пайда болған зақым дене қуыстарына енген және енбеген болып бөлінеді. Дене қуыстарына енген жарақат денсаулыққа қауіп төндіреді. Мысалы, іш қуысына шеге кіріп кетсе, ол ішектерді тесіп, перитонит ауруына ұшыратады. Пышақ, шеге, өткір темір тізе буынына кіріп кетсе, сол буында бара-бара іріңді артрит пайда болады.
- Жарақаттанғаннан кейінгі кезде қауіпті жағдай үш түрлі. Біріншісі- тікелей қауіп жағдай. Жаңа ғана жарақаттанған адамның өміріне қансырау салдарынан қауіп туады. Аяқ асты жарақаттанған кезде адам бірден талма, коллапсқа ұшырап, жүрек пен өкпе қызметтері нашарлағандықтан, адам өміріне қауіп төнеді. Екінші жағдайда жарақаттану салдарынан адам өміріне қауіп біршама уақыт өткеннен соң туады. Ол бірнеше сағат немесе бірнеше апта аралығында байқалады. Мұндай жай көбінесе жараның іріңді процнске шалдығуынан пайда болуы мүмкін.
- Үшінші жағдайда жарақаттану салдарынан болатын әр түрлі өзгеріс, асқынулар өте баяу байқалады. Мысалы, жараланған жердің төңірегіндегі сүйек созылмалы шіруі (остеомиелит). Сонымен қатар әртүрлі мүшелердің анатомиялық құрылымы бұзылып, ол мүшенің атқаратын қызметі де нашарлап кетеді.
- Жарақаттық шок деп-ауыр механикалық зақымдалуға жауап ретінде, тамырлар жүйесінің микроциркуляциялық бөлімінің перфузиясының жедел бұзылуын айтады. Капиллярлы қан тамырларының кенеттен тарылуынан,тіндерге оттегінің, пластикалық заттар мен энергетикалық субстраттардың жетіспеуі,алмасудың соңғы кері қарай шығуының бұзылуы дамиды. Осының салдарынан пайда болатын ағзалардың қызметінң бұзылуы, науқастың жедел өліміне алып келеді. Жарақаттық шок ауыр жарақаттану кездерінде дамиды. Бұл ұғымды ең алғаш 1737 жылы француз ғалымы Ле Дран енгізген.
Тамырларды қозғалту теориясы (Крайль)- жарақатқа жауап ретінде, шеткі тамырлардың рефлекторлы салдануының дамуымен түсіндіріледі. Сол себептен, венозды арнада қанның жиналуына (қор ретінде) және артериялық қысымның төмендеуіне алып келеді.- Акапния теориясы (Гендерсон)- ауру сезімі пайда болғанда, өкпенің гипервентиляциясының салдарынан қанда көмірқышқыл газының деңгейі төмендейді. Ол метаболизм мен қышқыл-сілтілік жағдайдың бұзылыстарына, жүрек-тамыр жетіспеушілігінің дамуына, қанның тұрып қалуы мен метаболиттік ацидоздың дамуымен қатар жүретін гемодинамиканың және микроциркуляцияның бұзылыстарына алып келеді.
Нервті-рефлекторлы теория (И.П.Павлов; Н.Н.Бурденко)-жарақат аймағынан келетін нервтік импульстар нерв жүйесін аса қатты тітіркендіріп,оның қозуына және ондағы қорғау үрдістерінің туындауына, содан кейін қатты тежелуіне алып келеді.- Симпато-адреналды криз (Селье) теориясы бойынша жарақат гипофиздің алдыңғы бөлігі мен бүйрекүсті безінің функциональді күйзелісіне алып келеді. Соның нәтижесінде, гормонды тапшылық жағдай және жарақаттық шоктың негізінде жатқан әртүрлі патологиялық реакциялар дамиды.
[pic 1]
Клиникалық көрінісі
- есінің тежелуі (мидағы қан айналымы төмендегенде);
- жиі, жіп тәрізді тамыр соғуы (жүректен қанның шығарылуы азайғанда);
- артериялық қысымның төмендеуі;
- тері жамылғысының мұздай, ылғал, бозарған- цианозды немесе мраморлық түсті болуы (шеткі вазоспазм, микроциркуляцияның бұзылуы);
- диурездің азаюы- шамамен бір минутта 0,5 мл-ден төмен (жүректен қанның шығарылуы азайғанда, тамырлардың тарылуынан,антидиуретикалық гормон мен альдостеронның антидиуретикалық әсерінен);
Жарақаттық шоқтың емі
- ауыру сезімін жою:наркотикалық анальгетиктер- промедол, омнопон, морфин; наркотикалық емес анальгетиктер, азоттың асқын тотығымен ингаляционды анестезия; жергілікті анестетиктермен блокада жасау- олар ауыру сезімін жоя отырып, жарақаттанған ішкі ағзалардың клиникалық көрінісін өшірмейді;
- қансырауды тоқтату,иммобилизация, науқасты абайлап тасымалдау;
- өкпедегі газ алмасуды демеп тұру (оксигенотерапия, ауа жүретін жолдардың обструкциясын жою, жасанды тыныс алдыру);
- ЦҚК-ң тапшылығының орнын толтырғаннан кейін, кардиотоникалық заттарды, вазодилятаторларды, вазопрессорларды тағайындайды;
- кортикостероидтарды ,антибиотиктерді тағайындау.
- гемостаз бұзылыстарын қалпына келтіру;
- шұғыл хирургиялық көмек.
- Коллапс – тез дамитын қан тамырлары қызметінің жеткіліксіздігімен көрінетін сілеймеге ұқсас жағдай. Бірақ одан айырмашылығы бұл кезде афференттік серпіндердің күшеюі байқалмайды. Соған қарамай артериялық және веналық қан қысымдары күрт төмендеп кетеді, айналымдағы қан көлемі азаяды. Пайда болу себептеріне қарай коллапстың келесі түрлерін ажыратады:
- геморрагиялық (қансыраудан дамитын);
- уытты- жұқпалық ;
- ұйқыбездік.
- Коллапс қан айналымындағы тамырлардың күрт жеткіліксіздігі нәтижесінде артериялық гипотензияға, микроциркуляцияның бұзылыстарына, тіндердің гипоксиясына әкеледі. Емдеу жолдары артериялық қысымды көтеруге, айналымдағы қан көлемін келтіруге , гипоксияны аластауға бағытталады.
- Есінен тану –мидағы қысқа уақыттағы қан аздығы және бас айналу, әлсіздік, көздің қарауытып, талып қалу жағдайы. Есінен тану шаршаған уақытта, ұйқы қанбағанда және оттегінің жетіспеушілігі кезінде пайда болады.оған қоса, қатты қорыққанда, психикалық уайымда, қан көргенде, диагностикалық манипуляцияда, ерекше иістен пайда болады.әсіресе жүкті әйелдер көп шалдығады. Есіне танған адамның терісі бозарады, температурасы төмендейді, тынысы жиілейді. Артериялық қысым қысқа мерзімге төмендейді, тамыр соғуы жиілейді, сирек жағдайда брадикардия анықталады. Есінен тану қалыпты жағдайда , бірнеше минутқа созылып, өз бетімен қайтады. Науқасты жатқызып , аяғын көтереді, жейденің түймесін ағытып, шалбарының белін босатады да, ауаның толық жетуін қамтамасыз етеді, бетіне су сеуіп, мүсәтір спиртін иіскету керек.
- Буын шығуы — буын сүйектерінің өз орнынан қозғалуы. Буын толық және жартылай шығуы мүмкін. Әдетте екі сүйек буын қалтасында бір-бірімен түйісіп, беттесіп тұрады. Кейде баланың буыны іштен шығып тууы, күнделікті өмірде жарақаттанудан және түрлі ауру салдарынан шығуы мүмкін. Буынның іштен шығып тууы, көбінесе, жамбас, иық, шынтақ буынында жиі кездеседі. Ол жамбас, ұршық буынының толық өсіп-жетілмеуіне байланысты және Буын шығуының өте жиі кездесетін түрі оқыс жағдайда жарақаттанудан болады. Буын шығуында оны қоршаған сіңірлер, қалталар, сүйектің түйіскен жеріндегі тері зақымданып, тіпті сүйегінің сынуы да мүмкін. Мұндайда сүйек қана тайып қоймайды, сонымен қатар буынға жақын орналасқан қан тамыры және жүйке талшықтары да зақымдануы мүмкін. Буынның патологиялықшығуы түрлі буын ауруының салдарынан (артрит, полиартрит, жүйке аурулары) болады. Шыққан буынды тек маман дәрігерге көрсетіп емдеу қажет. Шыққан буынды орнына салып, таңғышпен байлау керек. Мезгілінде емделмеген, орнына түспеген буын ескірген шығу деп аталады. Мұндай буын тек операция арқылы қалпына келтіріледі.
- Буын шығуы және сынықтар
- Буын шығуы – деп сүйек эпифиздерінің өз орнынан толық тайып кетуін айтамыз. Кейде буынның жартылай шығуын да (подвывих) байқауға болады. Буынның орнынан толық шығуы, - деп екі сүйектің буын басының орнынан шығуын айтады. Омыртқа сүйегінде жоғарғы омыртқаның орнынан таюын шығу, - деп атайды.
- Даму себептері бойынша шығу – туа біткен, жүре қалыптасқан болып екіге бөлінеді. Соңғысы өз алдына:
- 1) жарақаттан соң дамыған шығу; уақытымен – 3 күнге дейін, кешеуілдегенде - 3 аптаға дейін, кешіккенде –3 аптадан жоғары немесе әдетке айналған шығу қалыптасады;
- 2) патологиялық үрдістерден кейін дамитын шығу; Буын шығуы сүйек сынығына қарағанда 18-20 есе сирек кездеседі. Жарақаттан алған шығу орналасуы бойынша әртүрлі болады. Иық шығуы - 40- 50%, шынтақ шығуы - 8,5-27,2%, ұршық шығуы - 8-9%, саусақ шығуы - 7-8%; бақайлар шығуы - 5-6% кездеседі. Қолдың буындарында шығу 7-8 есе аяққа қарағанда жиі байқалады. Дене буындарының шығуы Ленинградтың жарақаттану және ортопедия ғылыми зеріттеу институтының (ЛИТО) мәліметі бойынша 5,8- 8,7% кездеседі. Шығудың жиілігі мен шыққан сүйектің қозғалыс бағыты буынның анатомиялық құрылысына және әсер етуші күшке байланысты қалыптасады. Бұл жағдайларды - шыққан буынды орнына салып, түсіру кезінде естен шығармау керек. Анатомиялық тұрғыдан буынның көлемінің маңызы зор. Мысалы, жауырынның буын беткейі иық буынымен салыстырғанды кіші және де олардың құрылысы да өзгеше. Жамбас – ұршық буын – шар тәріздес болып келіп, өз орнында тереңде жатыр, жан-жағынан мықты бұлшық етпен, байланыстырушы сіңірлерімен қоршалған. Сонымен қатар, буын байланыстырушы сіңірлердің мықтылығы да шығуда маңызды орын атқарады. Сондықтан, мысалы: ұршық буын, иық буынына қарағанда сирек шығады. Тағы да, буындағы қозғалыс көлемінің шекті шамасы мен шығарушы күштің арасында маңызды қатынас бар. Неғұрлым шығарушы күш үлкен болып, буындағы қалыпты қозғалыс көлемі аз болса – буын шығуы жиі кездеседі. Негізінен буын тайғанда буын қабы жыртылып, байланыстыру сіңірлері мен қан тамырлары жарақаттанады. Сондықтан буын айналасының қанталауы мен буын қуысына қан жыйналу (гемартроз) жиірек кездеседі. Буын шыққанда бұлшық еттердің бекіну жерлері ауысып, аяқ қолдың не ұзаруы, не қысқаруы байқалады. Бұлшық еттің жиырылуы буынды қисық қалыпта көрсетіп, қозғалуын тежейді. Сондықтан, шыққан сүйекті неғұрлым ертерек орнына түсіру қажет, ол үшін еттің босаңсуын жақсы қалыптастыру керек. Клиникасы. Өзіне тән клиникалық белгілері болғандықтан диагноз қою қиын емес. Зақымдалған буын аймағында ауыру сезімі күшейеді. Буын аймағының пішіні өзгеріп, еріксіз қимылсыз қалыпта болады. Аяқ-қолдың шығуына байланысты оның ұзындығы сау жақпен салыстырып қарағанда өзгеше келеді. Шыққан жерден төмендеу терінің өзгерілуін және тамыр соғуын анықтау керек. Өйткені, кей шығуларда қан, жүйке тамырлары қысылып, зақымдалуы мүмкін. Міндетті түрде рентгендік зерттеу әдісін қолдану керек. Онымен біз буын беткейлерінің қалай тұрғанын көріп, қосымша сүйек сынығы жоқ па екенін анықтаймыз.
- Буын шыққан кездегі көмек
- Аяқ-қолдың маңызды емес қозғалысынан-ақ жанға батар ауыруы мүмкін, Сіз аяқ-қолды сол қалыпта ұстауыңыз қажет, оған ауруханаға жеткізу деңгейінде бір қалыпты қамтамасыз ету қажет. Ол үшін көліктік шиналарды, арнайы таңбаларды немесе қолда бар құралдарды қолданған жөн. Қолды иммобилизациялау үшін мойын арқылы жіңішке шеттері түйін қылып байланатын бас орамалды қолдануға болады. Аяқ буындары шыққан кезде, оның астына және қабырғасына шина немесе тақтай салады, оған аяқты бинтпен орайды. Қолдың саусақтары шыққан кезде кез-келген тегіс жазықтыққа қолдың барлығына иммобилизация жүргізу керек. Шина мен аяқ-қол арасындағы буындар аумағында мақтаның бір қабатын салады. Төменгі жақ шыққан кезде оның астына сақпан тәрізді таңбаны кигізеді (кезекшілердің қолына тағатын таңба екенін еске саламыз), оның шеттерін крест тәрізді етіп желкеге байлайды. Емдеу – шыққан буынды орнына түсіріп, буында жыртылған тіндердің біту уақытына дейін қозғалыссыз қалыпта құрсаулап, таңып немесе гипспен бекітеміз. Ол үшін көбінесе гипспен таңуды 10-15 күнге қолданамыз, сонан соң қимыл –қозғалыспен емдеу басталады. Шыққан буынды орнына түсіру жедел операция түріне жатады. Уақытында шыққан буынды түсіру жеңіл, бірақ күн өткен сайын буынды орнына түсіру ауырлай түседі. Буынды орнына түсірерде бұлшық еттің жиырылуын, ауыруын азайту үшін жақсы сезімсіздендіру қажет. Кейбір жағдайда жалпы, өткізгіштік, жергілікті жансыздандыру түрлері қолданылады. Қазіргі уақытта наркозбен қоса кураре тәріздес заттар қолданылады. Шыққан буынды түсіруде өте күшті күш қолдануға тиым салынған. Жансыздандырусыз буынды түсіруге болмайды, өйткені бұлшық еттің толық босаңсуы болмай, тіндерге қосымша жарақат жасалады. Кейін мүндай жағдайдың арты бұлшық еттің үзілуіне, буын ішінде беріштелуге, әдетке айналған шығуға соқтырады. Шыққан буын орнына түскенде өзіне тән сылқ еткен дыбыс шығады, бірақ кейінде өте баяу орнына түсіргенде бұл дыбыс шықпауы мүмкін. Буын орнына түскен соң, оны құрсаулап, таңып, бекіту керек. Буын қабы жазылған соң, 10-14 күннен кейін қозғалыспен емдеу басталады. Ол үшін буынды қалыпты қозғалтып, бұлшық еттеріне жандандыру, ЕФЖ (ЛФК), физиотерапия қолданылады. Кейбір жағдайларда буын ішіне буын қабының қысылып қалуына байланысты орнына түсіру мүмкін болмайды. Оны орнына түспейтін шығу, - дейміз. Бұл жағдайда емдеу тек операция арқылы шешіледі. Кешіккен буын шығуы – оларға үш аптадан жоғары уақыт өткен шығулар жатады, оларға да операциялық ем қолданылады. Буын қабын ашып, буын беткейін ашық түрде орнына түсіреді, әрі қарай буын қабын құрастырып (артропластика), байланыс сіңірлерін қалпына келтіреді. Егер буынды қалыпқа келтіру мүмкін болмаса, еріксіз артродез операциясын жасайды. Артродез – буынды жою операциясы, буын құрастыратын сүйек беткейлерін қимылсыз қалыпта бір – біріне бітістіріп, жапсыру, бекіту жүргізіледі. Әдетке айналған буын шығуы – көбіне алғашқы шығуды дұрыс салмаудан, жеткілікті жансыздандырмаудан, дұрыс бекітпеуден, байлап құрсаулаудың дұрыс болмауынан қалыптасады. Әлсіз қимылдан буын шығуы қайталана береді. Жиірек иық буынында анатомиялық құрылысына байланысты әдетке айналған шығу байқалады. Төсекте қозғалу кезінде, киіну, оқыс қимылдау кездерінде де әдетке айналған шығу пайда болады. Емдеу жолы – тек операциямен жүргізіледі.
- Патологиялық буын шығуы.
- Патологиялық үрдіске байланысты шығу – буын құрылымының өзгеруінен (деструктивное), буын қабының созылып, кеңеюінен және салданудан (паралитическое) болып үш түрге бөлінеді. Құрылымның өзгеруінен – буын құрастырған сүйек беткейлерінің бұзылуына байланысты қалыптасады. Буын қабының кеңеюінен – буын қабының мөлшерден тыс, ішкі сұйықпен немесе іріңмен созылуына, кеңеюіне байланысты пайда болады. Салданудан (паралитическое) – бұлшық еттің салдануға үшыруына байланысты, буынды қоршаған еттердің, сіңірлі байламдардың, шандырдың босаңсып кетуіне байланысты дамиды. Бұл патологиялық шығуды емдеу тек қана операция жолымен ғана жүргізіледі.
- Сынықтар
- Барлық хирургиялық аурулардың арасында сынықтардың алар орны өте жоғары. Сондықтан да олар травматологиялық науқастардың 39-50% құрайды. Жарақаттың бұл түрінің алдын алу мен емдеу қазіргі заманғы травматологияның кезек күттірмес міндеттерінің бірі. Әрбір хирургтің травмотология негіздерін терең зеріттеп, игере білуін күнделікті тәжірибеде көз жеткізуге болады. Теориялық және практикалық білімсіз хирург бұл салада түрлі жарақаттарды толық емдей алмайды, сонымен қатар әскери және бейбітшілік уақытындағы сынақтарды да анықтап, алғашқы көмек көрсету оңай емес.
- Сынық – дегеніміз патологиялық үрдістің (ісік, остеомиелит) немесе жылдам әсер етуші күштің ықпалынан болған сүйек тұтастығының бұзылуы мен жұмсақ тіндердің зақымдалуы жатады. Сынықтардың жіктелуі. Сынықтардың бірнеше жіктелулері белгілі. Сынықтар себептері мен пайда болу жолдарына байланысты іштен туа және жүре пайда болғандар болып екіге бөлінеді. Туа пайда болған сынықтар құрсақішілік кезінде қалыптасып, кездейсоқ жиі жағдайда, көпше түрде кездеседі және олар нәрестенің қаңқасының кемшіліктерінен болады. Туа пайда болған сынықтардан босану кезінде нәрестені шығаруға жұмсалған күштің әсерінен болған сынықтарды ажырата білген жөн (тоқпан жіліктің, ортан жіліктің, бұғананың сынақтары). Жүре пайда болған сынықтар жарақаттық және патологиялық болып екіге бөлінеді. Жарақаттық сынық деп – белгілі күштің (механический) әсерінен сау сүйектің тұтастығының бұзылуын айтады. Ал патологиялық сынық болса сүйектегі әртүрлі аурулардан қалыптасатын зақымдалу мен қабыну, асқыну, шіру, т.б. өзгерістердің салдарынан дамиды (остемиелит, туберкулез, сифилис, эхинококк, жаралы ісіктер). Патологиялық сынықтар көбінесе сау сүйектерде сынық тудыра алмайтын әлсіз жарақаттардың әсерінен болуы мүмкін (мысалы: Қол ауруы сырқаты).
- Сынықтарды ашық және жабық, - деп бөлудің зор маңызы бар.
- Ашық сынық - деп жарақаттанған сүйек бөлігінің аймағындағы тері мен кілегейлі қабаттың тұтастығының бұзылуын айтады. Бұл сынықтар өте қауіпті болып саналады, өйткені ол уақытта залалдану мен қабыну қаупі жоғары болады. Тері қабатының зақымдануы – сынық тудырушы күштің әсерінен немесе өткір сүйек сынықтарының теріні зақымдануынан және сырқатты тасымалдау әсерлерінен де болуы мүмкін. Ашық сынықтар жиі жұмсақ тіндердің жаншылып, жыртылуымен қабаттасады.
- Жабық сынықтар – инфекция үшін кедергі болып саналатын тері мен кілегей қабықшаларының жарақаттануымен қабаттаспайды. Орналасу жеріне байланысты сынықтар: эпифизарлы, метафизарлы, диафизарлы болып бөлінеді. Эпифизарлы сынықтар – сынықтардың ең ауыры және олардың бітісуіне қолайсызы болып саналады. Сынықтың бұл түрінде сұйектің буын жағы ұшының жылжуы мен шығуы (буынішілік сынықтар) бір мезетте қабаттасуы жиі кездеседі (шығумен асқынған сынық). Сынық сызығы жиі жағдайда буын іші арқылы өтеді және сұйек сынықтарының арасына ығысқан буын сұйығы (синовиальная) кіреді. Ол сынықтың жазылуына кедергілік туғызады (буын – ішілік сынықтар). Кейде балаларда жиі кездесетін тек эпифиздің бөлініп, жұлынуы ғана байқалады (эпифизеолиз). Эпифизарлы шеміршектің сұйектенуінен соң эпифизиолиз өте сирек кездеседі. Сынықтың бұл түрінің даму себебі көбінесе жылдам қозғалыстың әсерінен сүйектің жалғасқан аймағында бұралуының салдарынан болады (кәрі, тоқпан, асықты жіліктің эпифизиолиздері).
- Метафизарлы сынықтар (буын маңайында) - сүйектің кемікті бөлігінің (метафиз) зақымдануы көбінесе сынықтың екі бөлігінің бір – бірімен байланысымен қабаттасады, сондықтан оларды тірескен немесе түйіскен сынықтар дейді. Өйткені, бұл жағдайда бір сүйек екіншісіне еніп кетеді. Сүйек қабы (периост) мұндай сынықтарда зақымданбайды, сықырлау болмайды және еш уақытта жылжымайды. Әсер етуші күштің ерекшелігіне (механизм) байланысты сынақтардың қалыптасуы: Тікелей соғудың салдарынан; Сығылудан; Қайырылудан; Бұралудан; Сүйектің жұлынып, бөлектенуінен, - пайда болады. Тікелей соғудың әсерінен көбінесе шеткергі бөлігі едәуір жылжыған, көлденең сынықтар жиі кездеседі. Сығылудан болған сынықтар – сығылған (компрессионные) сынықтар деп аталады. Мысалы: парашютист аяғына секіріп түскенде омыртқа жотасының бойында қалыптасқан тіреліс қысым күшінен жарақаттықалған омыртқаның сынуы, шығуы, жаншылуы, бөлектенуі, жұлын-жүйке түйіндерінің қысылып, жарақатталуы мүмкін. Қайырылудан болатын сынықтар – сүйектің өз серпінділігінен аса қайырылып, үшбұрышты сына тәрізді сынық құрай зақымдалуы байқалады. Сұйектің тік ұзын бойымен бұралуының әсерінен туындаған сынықтар – спираль немесе винт тәріздес, - деп аталады. Бұл жағдайда сынық күштің әсер еткен аймағынан тыс жерде орналасады және де сүйектің екі жағының бір ұшы бекітілген қалыпта болуға байланысты тосыннан дамыған бұлшық еттердің күшті жиырылуынан сіңірлі байламдар мен еттер бекітілген сүйек бөліктерімен бірге жұлынып, опырылып, жылжып, ығысып кетеді.
- Алғашқы жәрдем.
- Иық немесе шынтақ буындары шығып кетсе, қолдың бас жағын жазып қойып, таңғышпен кеудеге немесе қолын орамалға іліп қояды. Аяқ буындары шығып кеткенде зақымданған аяқты таңғышпен таңып, сау аяғына немесе қол астындағы құралмен жазып қояды, ауырған буынның қозғалмауына көмектеседі. Суық және ауыртпайтын құралдар қолдану керек. Зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу керек. Созылу және буын аралығының созылуы – дене мүмкіндіктерінен асатын қозғалыстан буындардың зақымдануы. Буын арасының созылуы кезіндегі белгілерге буындардың ауруы, оның функцияларының бұзылуы, ісіну, қан құйылуы жатады. Алғашқы жәрдем. Зақымдалған буынды қатты басып таңып, үстінен суық басу керек.
- Зақымдалған қол-аяқты ампутациялау толық және жартылай болады. Толық ампутацияда аяқ-қол бастарындағы мүше сегменті қалдықпен ешқандай байланыста болмайды. Толық емес ампутацияда буындардың, жүйкенің, сүйектердің, сіңірлердің бірен- саран жұмсақ тіндері мен тері беттерінде зақымдану болады. Ампутацияланған аяқ-қол бастарын ойдағыдай толық бұрынғы қалпына келтіру үшін зардап шегушіге дұрыс мағыналы жәрдем жасау, ампутацияланған сегментті тасымалдау және сақтау жағдайын орындау қажет. Алғашқы жәрдем. Қалдығынан қан кетуді таңғышпен басып таңып немесе үрілген манжетпен тоқтатады. Аяқ-қолдың зақымданған жерін биіктетіп ұстау керек. Зардап шегушіні жатқызып, оған ауыртпайтын құралдар береді, қою шай беріп, жарақаттың бетін таза немесе стерильденген салфеткамен жауып қою керек. Кесіліп қалған мүше бөлігінің басын таза немесе стерильденген матамен орап, полиэтиленді пакетке сыйдырып, қар, мұз, суық су толтырылған сыйымдылыққа салады. Тасымалдауда ампутацияланған пакеттегі аяқ-қол бастарын жоғары көтеріп қою керек, қағазға зақымданған уақыты көрсетіледі. Жартылай ампутацияда барлық қол-аяқты мұқият иммболизациялайды және жұлынып қалған бөлікті суытады. Зардап шегушіні шұғыл емдеу мекемесіне жеткізу керек
- Қорытынды
- Буын шығулар деп буындың зақымданумен қатар мүшелеу сүйектерінің буын бөліктерінің ауысуы аталады.
- Буын шығуының белгілері:
- • буын формасының өзгеруі;
- • аяқ-қолдың қалыпты емес орналасуы;
- •қақсау;
- •оның физиологиялық жағдайын беру кезінде аяқ-қолдарды серіппелі фиксациялау;
- •буын қызметінің бұзылуы.
- Жарақаттанудан буын шығудың жиі кездесетіні буынның шартты түрде тез қозғалуынан болады. Бұл, мысалы, қатты соққы кезінде буын, ұрылған буын аумағында болады. Ережедегідей, буынның шығуымен қатар буындардың жарылуы және мүшелік туын жазықтықтарының бөлінуі болуы мүмкін. Кейде буын шығу сынықтармен – сынық буын шығулармен күрделенеді. Жарақаттану буын шығуын қалпына келтіру ертерек жасалуы тиіс.
- Сынық деп оның біртұтастығымен сүйекке зақым келуді айтады. Сынықтар жабық (теріде зақым болмауы) және ашық (теріде зақым болуы) болуы мүмкін. Сонымен қатар сүйекте жарықтар болуы мүмкін.
- Сынықтың белгілері болып табылады:
- • сынық орнында аяқ-қолдың деформациясы;
- • аяқ-қолды қозғалта алмауы;
- • аяқ-қолдың қысқаруы;
- • терінің астында сүйек сынықтарының қытырлауы;
- •осьтік қозғалыс кезінде ауру (сүйек бойы);
- • жамбас сүйектерінің сынуы кезінде - пациент жатқан жерден аяғыңды көтере алмауы.
- Егер сынық теріге зақым келумен қатар жүрсе, оны жарадан шығып тұрған сүйек сынықтарының бар болуы кезінде тану қиын емес. Жабық сынықтарды табу қиынырақ болады. Жарақат пен сынықтар кезіндегі негізгі белгілер – сыздау, ісік, көгеру, қозғала алмау – сәйкес келеді. Сынық аумағында қытырлау сезімі және осьтік жүктеу кезіндегі ауруға көңіл бөлу қажет. Сол кезде сынған жер қатты ауыра бастайды.
- Сынық кезінде көмек
- Жабық сынықтар кезінде, буын шығу кезінде де, аяқ-қолдарды иммобилизациялауды және тыныштықты қамтамасыз ету қажет. Иммобилиациялау құралдарына шина, көмекші құралдар кіреді. Жамбас және иық сүйектерінің сынуы кезінде шинаны үш буынды (сирақтабанды, тізе, жамбас және білектік, шынтақ және иық) бірге алып салады. Басқа жағдайларда екі буынды – сынған жердің жоғарғы және төменгі жақтарын байлайды. Сынық сүйектерді бір біріне үйлестіріп көруге тыйым салынады – онымен Сіз қан кетуді тудыруыңыз мүмкін.
- Ашық сынық кезінде
- Сіздің алдыңызда екі міндет тұрады: қан кетуін тоқтату және аяқ-қолға иммобилизация жүргізу. Егер, Сіз тамыр соғып тұрған қан ағымын (артериалды қан кету) көрсеңіз, қан кеткен орыннан жоғары жгут салыңыз (Қан кету кезіндегі алғашқы жәрдем көрсетуді қараңыз). Қан тоқтағаннан кейін жара аумағына асептикалық (стерильденген) таңбаны салыңыз және иммобилизация жүргізіңіз. Егер қан біркелкі ағынмен ақса, онда бастаны асептикалық таңбаны салыңыз және иммобилизация жүргізіңіз. Аяқ-қолды иммобилизациялау кезінде екі буынды сынған жердің жоғарғы және төменгі жақтарын қозғалтусыз қалдыру қажет. Жамбас және иық сүйектері сынған кезде үш буынды қозғалтусыз қалдыру қажет (жоғаыдан қара). Есте сақтаңыздар, шинаны жалаңаш теріге –оның астына міндетті түрде киім немесе мақта салу қажет.
- Ашық немесе жабық (сүйек сынықтары қозғалуымен) ірі сүйектердің сынуы кезінде бірден ауруханаға жеткізу және аурухана жағдайында сүйектерді репозициялау қажет (анатомиялық қалыпты келтіру). Егер сынықтан кейін кем дегенде 2 сағат өтсе, ал сүйек сынықтары сәйкес келтірімесе, ауыр салдарға әкелуі мүмкін – май эмболиясына әкелуі мүмкін, ол өлімге немесе мүгедектікке әкелуі мүмкін. Оны біле тұра, Сіздің пациентіңізге жедел көмек көрсету үшін қабылдауды сұраңыз.
- Буын шығуы — буын сүйектерінің өз орнынан қозғалуы.
- Буын толық және жартылай шығуы мүмкін. Әдетте екі сүйек буын қалтасында бір-бірімен түйісіп, беттесіп тұрады. Кейде баланың буыны іштен шығып тууы, күнделікті өмірде жарақаттанудан және түрлі ауру салдарынан шығуы мүмкін. Буынның іштен шығып тууы, көбінесе, жамбас, иық, шынтақ буыны нда жиі кездеседі. Ол жамбас, ұршық буынының толық өсіп-жетілмеуіне байланысты және Буын шығуының өте жиі кездесетін түрі оқыс жағдайда жарақаттанудан болады. Буын шығуында оны қоршаған сіңірлер, қалталар, сүйектің түйіскен жеріндегі тері зақымданып, тіпті сүйегінің сынуы да мүмкін. Мұндайда сүйек қана тайып қоймайды, сонымен қатар буынға жақын орналасқан қан тамыры және жүйке талшықтары да зақымдануы мүмкін. Буынның патологиялық шығуы түрлі буын ауруының салдарынан (артрит, полиартрит, жүйке аурулары) болады. Шыққан буынды тек маман дәрігерге көрсетіп емдеу қажет. Шыққан буынды орнына салып, таңғышпен байлау керек. Мезгілінде емделмеген, орнына түспеген буын ескірген шығу деп аталады. Мұндай буын тек операция арқылы қалпына келтіріледі.
- Буын шығу жарақаты – сүйектердің соңғы буынымен өзара араласып тұрған буын формасының зақымдануы. Сонымен қатар кенеттен ауыруы байқалады, формасы өзгереді және буын функциялары зақымданады.
- Пайдаланылған әдебиет
- 1) Г.С.Юмашев. «Травматология и ортапедия» Москва «Медицина» 1999
- 2) М.В.Казарезов, И.В.Бауэр, А.М.Королева, «Травматология, ортапедия и восстановительная хирургия» Новосибирск 2004
...