Бүгінгі бала
Автор: Kami Miras • Март 14, 2018 • Лекция • 1,091 Слов (5 Страниц) • 876 Просмотры
«БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯДАҒЫ» БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНЕ БІРШАМА ШОЛУ
Турсинбаева К.М.
«ТҰРАН» университеті, ГЮФ
Ғылыми жетекшісі: Жандарбек Б.А.
Бүгінгі бала - ертеңгі болашақ елдің азаматы, қорғаны! Бала тәрбиесіне әрбір ата-ана жіті мән беру керек. Болашақ баланың отбасы, ата-анасы алдында өзінің құқықтары мен міндеттері бар екенін түсіндіріп, соған дағдыландырып баланы тәрбиелесе, әрбір отбасыдан саналы ұрпақ, саналы тұлға шығады. Біз - тәуелсіз, егеменді елміз. Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы ретінде - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірі, денсаулығы, тыныштығы біздің мемлекетіміздің 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Конституциямен қорғалады. Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат. Ол 98 бапты біріктіріп, 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек [1].
Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына (ары қарай БҰҰ) қатысатын бірнеше елдің өкілдері бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989 жылы 20-қарашада қабылдады. Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі 54-баптан тұратын маңызды құжат. Бала құқықтары туралы конвенция - Адамзат баласының туған кезінен 18 жасқа толғанға дейінгі құқықтары мен бостандыктарын бекітетін халыкаралық құқықтық акт. Балалардың құқықтарын қорғау туралы негізгі және рәсімдік ережелер енгізілген. Бұлар: өмір сүруге, есімінін болуына, азаматтыққа және т.б. ие болу құқықтары; аман-сау отбасылық өмір құқығы; сәбидің жеке басының еркін дамуын қамтамасыз ететін құқық; денсаулығын сақтау нығайту құқығы; білім алу мен мәдени даму құқығы; төтенше жағдайларда сәбиді қорғау құқықтары. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген. Одан басқа конвенцияда адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасынан, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу жөнінде айтылған.
Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң қабылданған. Оған 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қол қойды. Ол заңның ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы болып табылады [2]. 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін. Әрбір бала міндетті:
- білім алуға,
- тәртіп сақтауға,
- мектеп мүлкін сақтауға,
- үлкендерді сыйлауға,
- ана тілдің тазалығын сақтауға,
- әрдайым таза,
- ұқыпты жүруге,
- темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге.
Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті [3].
✓ Балаға қатысты жасалатын барлық іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата – ана немесе басқа тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс.
✓ Мемлекет жоғарыда аталған Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.
✓ Мемлекет баланың жан – жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.
...