Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фитнестің қандай түрлерімен таныстыңыз

Автор:   •  Сентябрь 25, 2021  •  Контрольная работа  •  1,038 Слов (5 Страниц)  •  341 Просмотры

Страница 1 из 5

Фитнестің қандай түрлерімен           таныстыңыз?

Фитнес дегеніміз бұл дене жаттығуларының белгілі түрлері ғана емес, сондай-ақ адамның қозғауыш белсенділігінің тетіктерін танытып, қалыптастыруы және оның ағзаға әсер етуімен айналысатын тұтас ғылым. Фитнестің базасы физикадан, химиядан, анатомиядан, физиологиядан, психологиядан және көптеген басқа да саладан алған білім болып табылады. Олардың барлығы жаттығулардың нәтижесінде күштің, төзімділіктің және иілгіштіктің көрсеткіштерін жақсарта отырып, фитнестің тиімділігін жоғарылатуға арналған.Фитнестің  негізгі түрлеріне тоқталып өтемін.

1. Йога

Негізі Ежелгі Үндістанда қаланған фитнестің ең сəнді түрінің бірі. Йога арқылы дене пішіміне сырттай əсер ету арқылы түзетіп, ішкі гармонияға қол жеткізуге болады. Бұл əдіснамадағы жаттығу белгілі бір уақытта ұсынылған қалыпты ұстап отыруға негізделеді. Мұнда күш-қуатты арттыру, төзімділік пен иілгіштік, ерік-жігерді қашау, кеудені тік ұстау мен зат алмасу процесін жақсартуға өте пайдалы жаттығулар жасалады.

2. Шейпинг

Бұл əдіснама қарапайым, жеңіл жаттығулар кешенінен тұрады. Соның арқасында бұлшық еттерге жүйелі күш түсіріліп, көп қайталау арқылы дене бітімді түзеп алуға болады. Егер бұл жаттығуды таңдаудағы мақсат арықтау болса, онда ол арнайы диета кешенімен бірге өткізіледі. 

3. Калланетика

Бұлшық еттерді нығайту мен майды кетіруге бағытталған аса танымал фитнес жаттығуларының бірі. Кез келген жасқа жəне дене бітімге лайық жаттығулар түрі бар. Бұл əдіснаманың негізі де йогадағыдай денені бір қалыпта ұстау болып табылады. Өзгешелігі тек созылу жəне бір орында тұрып жасалатын жаттығулармен алмастырып берілуінде.  Жаттығу кезінде бір уақытта барлық бұлшық еттер тобы іске қосылады.

4. Пилатес

Бұл жаттығулар кешені кез келген адамға сəйкес келе береді. Мұндағы мақсат сау жəне сымбатты дене пішімге ие болу болып табылады. Жаттығу кезінде іш, арқа жəне бүйір тұстарының қамтылуына мəн беріледі. Жүйелі түрде айналысу арқылы бұлшық еттің нығыз, кеуденің тіктеліп, иілгіштік, кербездік, төзімділік жəне буындардың иілмелілігіне қол жеткізесіз. 

5. Бодифлекс

Бұл əдіснамада дұрыс тыныс алу жəне созылуға арналған жаттығулар кешені жинақталған. Тыныс алудың ерекше əдістерін үйрету арқасында бұл əдіснама ерекше болып саналады. Тұрақты түрде айналысу артық салмақтан арылтып, бұлшық еттерді нығайтып, көңіл-күйге оң əсер береді. 

6. Стрип-пластика

Фитнестің бұл түрі бөкседегі артық бөлікті кетіргісі келетін, сұлу дене бітімді қалайтын əйелдерге жақсы келеді. Дененің иілгіштік қасиетін қайтарып, аяққа отырып тұру арқылы күш түсіру түріндегі жаттығулардан тұрады.  

7. Body Sculpt

Күш жұмсауды қажет ететін жаттығулар кешенінің бұл түрінде барлық бұлшық еттер жұмылдырылып,  орташа жəне жоғары қарқындылықтағы қарапайым жаттығулар жасалады. Body Sculpt жаттығулары салмағы 6 кг-ға дейін болатын гантельдермен жасалады.

8. Аэробика

Жалпы тонусты жақсартуға, артық салмақтан арылуға, көңіл-күйді көтеру, жүрек қантамырларына оң əсер етуге, тыныс алу жүйесін ашуға арналған өте танымал əрі сəнді фитнес түрі. Бұл əдіснамада бұлшық еттерге күш салу жаттығулары тыныс алу жаттығуларымен өте жақсы астасып жатады. Жаттығулар ырғақты əуенмен жасалады. 

Фитнестің жаңа түрлері:

1. Калари-паятту

Қазіргі заманда денені босаңсыту гимнастикасымен астасып кеткен ежелгі үнділердің соғысу өнері. Сабақ құрылымы жан-жануарлардың қимыл-қозғалысын қайталай отырып тыныс алу жаттығуларынан тұрады. Фитнестің бұл түрінің мақсаты дене бітімді түзеу, иілгіштікті дамыту, рухани жетілу. 

2. Core First

Бұл жаттығу түрінде пенопласт тұрбалар, үлкен доптар жəне өзге де спорт жабдықтары қолданылады. 

3. Байлотерапия

Бұл əдіснамадағы жаттығулар латынамерикалық би мен аэробиканы қатар жасаумен ерекшеленеді. Этникалық ырғақтар - венесуэлалық, африкалық, шығыс музыкаларымен қарқынды үдете отырып жасалады. Іш, бөксе жəне аяқ бұлшық еттерін шымыр етуге бағытталған.  

...

Скачать:   txt (14.3 Kb)   pdf (76.3 Kb)   docx (11.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club