Утопиялық социалистердің саяси көзқарастарындағы кемшіліктер қандай? Олардың еңбектеріндегі жалпыадамзаттық идеяларға нелерді жатқыза
Автор: fara1 • Сентябрь 27, 2021 • Реферат • 742 Слов (3 Страниц) • 555 Просмотры
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Физика кафедрасы
[pic 1]
Тақырыбы: “ Утопиялық социалистердің саяси көзқарастарындағы кемшіліктер қандай? Олардың еңбектеріндегі жалпыадамзаттық идеяларға нелерді жатқызар едіңіз?”
Қабылдаған: Назарқасым Ж.
Орындаған: Дәріхожа Т.
Тобы: ЖФЗ-011
Түркістан- 2021 ж.
Утопиялық социалистердің саяси көзқарастарындағы кемшіліктер қандай? Олардың еңбектеріндегі жалпыадамзаттық идеяларға нелерді жатқызар едіңіз?
XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс /1588 - 1679/ еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға /не мемлекет ұйымдарына/ жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье /1689 - 1775/ әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға /ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б./ байланыстырды. Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.
Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо /1712 - 1778/ ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі тендік, ал тендік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында тендікті сақтауы керек.
Руссо тікелей халық-билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо халық жиналасын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.
...