Сенің болашақ мамандығыңның адам өмірін сақтаудағы маңызы қандай деп ойлайсың?
Автор: Rauak • Октябрь 17, 2023 • Эссе • 263 Слов (2 Страниц) • 498 Просмотры
Сенің болашақ мамандығыңның адам өмірін сақтаудағы маңызы қандай деп ойлайсың?
Әлемде сан мыңдаған мамандық бар.Олардың қай-қайсысының болмасын адам өмірінде алар орны зор. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Мамандық таңдау қиын әрі жауапты қадамдардың бірі болып табылады. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Мектеппен қоштасып, жаңа өмірге қадам басатын болғандықтан болашақ мамандығымды фармацевтика саласымен байланыстырдым. Бала кезімнен бастап биология пәніне деген қызығушылығым ерекше болды.Қазіргі таңда елімізде кәсіби фармацевт мамандары өте аз.
Екіншіден, дәрі-дәрмектің көп бөлігі шетелден тасымалданатын болғандықтан, қазіргі таңда фармацевт мамандардың қызметі дәріхана жүйесін басқарумен шектеліп келеді. Ал елімізде ерекше науқастарды емдейтін қымбат дәрі-дәрмекке сұраныс өте жоғары. Біздің елде осы ауруларды емдейтін дәрілерді жасайтын шөптер мен қажетті жағдай болғанымен, оны иегеріп кететін мамандар жоқ десек те болады. Тіпті, кей дәрі-дәрмектерді шет мемлекеттерге тапсырыс беріп айлап күтіп жүрген жандар қаншама. Сондықтан осындай дәрі-дәрмектердің құрамын зерттеп, елімізде өндірілуін қамтамасыз ету басты мақсаттарымның бірі. Германия сияқты үздік мемлекеттердің тәжірибелерін өз елімде жүзеге асырау арқылы талай адамның өмірінің ұзаруына үлес қосқым келеді.
Үшіншіден, халқымыздың салауатты өмір салтын сақтау және ұзақ өмір сүруі үшін фармацевтикалық көмек орталықтарын ашқым келеді. Елімізде дәрігерлердің басты мақсаты науқасты емдеу емес, қымбат дәрі- дәрмектерге сұранысты өсіру болып табылатын сәттер де кездесіп жатады. Сондықтан халықтың фармацевтикалық сауатын арттыру арқылы тұрғындардың орташа жасының ұзаруына, денсаулыққа уақытында дұрыс көңіл бөлуге ат салысқым келеді.
Ұлы педагог Ушинский: «Мамандық таңдап алуда жолыңыз болса және соған бар күш-жігеріңізді сарп етсеңіз, сізден бақытты жан болмайды»,- деген екен. Олай болса, мамандық таңдау әрбір жан үшін маңызды қадам болып саналады.Менің мамандығымның адам өмірін сақтауда атқаратын қызметі зор. Сондықтан мықты маман болу үшін бар күшімді, білімімді арнаймын.
...