Егер мамандық бойынша қызмет жасамаса, диплом алудың маңызы қандай?
Автор: zong.plays • Октябрь 20, 2021 • Эссе • 1,549 Слов (7 Страниц) • 573 Просмотры
Жоба: ЭССЕ
Студент: Нұрахметқызы Аружан
Мамандығы: Менеджмент
Тобы: М-20-2к
Оқытушы: Усембаева Ғ.Т.
Нұсқа:
Сөз саны: 982
Егер мамандық бойынша қызмет жасамаса, диплом алудың маңызы қандай?
Түйіндеме
Бұл мақалада еліміздегі мамандықтардың жетпеуі туралы жайт қозғалады. Мемлекетімізде үш-төрт диплом ұстап алып сол бойынша жұмыс істемей жүргендер қарасы өте көп. Зерттеу еліміздегі басты мәселелердің бірі мамандықпен жұмыс істеу қажет деген пікірді білуге бағытталады. Жұмыс мамандық таңдауға байланысты негізгі ойлар: мемлекетімізге әсері, білікті мамандардың не себептен азайып барады деген мәселелерді қамтиды. Зерттеу нәтижесі бойынша мамандықпен жұмыс істемейтіндер саны өте көп болғандықтан, елімізде білікті мамандардың аз екендігін көрсетеді.
Түйін сөздер: мемлекет, қоғам, қаражат, тұлға, ата-ана, мәселе.
Аннотация
В этой статье речь пойдет о нехватке профессий в нашей стране. В нашем государстве очень много тех, кто держит три-четыре диплома и не работает по ним. Исследование направлено на осознание мнения, что одной из главных проблем в стране является необходимость работы с профессией. Работа охватывает основные моменты, связанные с выбором профессии: влияние на наше государство, почему квалифицированных специалистов становится все меньше. Исследование показывает, что в стране очень мало квалифицированных специалистов, так как существует большое количество людей, которые не работают по специальности.
Ключевые слова: Государство, Общество, средства, личность, родители, проблема.
Annotation
In this article, we will talk about the shortage of professions in the country. In our country, there are a lot of people who hold three or four diplomas and do not work on them. The study will be aimed at finding out the opinion that one of the main problems in the country is the need to work in a profession. The work covers the main points related to the choice of profession: the impact on our state, why qualified specialists are declining. According to the results of the study, the number of people who do not work in the specialty is very high, and there are very few qualified specialists in the country.
Keywords: state, society, funds, personality, parents, problem.
Кіріспе
Елімізде жалпы алғанда мамандық бойынша қызмет етпейтіндер саны өте көп десем де болады. Мұның салдарынан білікті мамандар жетіспеуі секілді мәселелер туындап жатыр. Сондықтан да келешек ұрпақ, яғни, мына біздер мамандық таңдаудан жаңылыспай, өзімізге ұнамды да, сүйікті іс таңдауымыз керек деп санаймын.
Мамандықпен жұмыс істеу және оны таңдау қоғамда әлі де болсын өзекті. Көптеген адамдар, не мақсатта екені белгісіз, өзіне ұнаймайтын мамандықты таңдап алып,ол мамандықпен кейін жұмыс істемейді . Шынына келетін болсақ бұл адамның өз болашағына жауапкершілікпен қарамауы болып саналады. Көптеген пікірлер, көзқарастар бойынша қазіргі уақытта жастар тек өз қара басын ғана ойлайды. Сонымен қатар өзіне не керек екендігін білмейді, алған дипломын, білімін керегіне мүмкіншілігінше қолдана алмайды дейді[1]. Сол себептен де осы нәрселердің бәрі тікелей еліміздегі мамандар жетіспеуі жағдайына үлкен әсер етіп жатыр.
Бұл жобаның мақсаты Еліміздегі мамандық таңдауда сараңдық пен немқұрайлықтың алдын алу болып саналады. Зерттеу кезінде сауалнама жүргізіліп жалпы студенттердің қарапайым жұмысшылардың нақты ойы анықталды. Зерттеу бөлімінде зерттеу нәтижесі толық түсіндіріледі.
Жобаның мақсаты: Мамандық таңдаудағы қателіктер мен немқұрайлықтың алдын алу.
Жұмыстың өзектілігі: Мамандық бойынша қызмет жасамайтындар санының көбеюінің себептері.
Зерттеу нысаны: Мамандық таңдай білу жолдары және өзіңе не қажет екендігін анықтау.
...