Тамақтану, тамақ өнімдері туралы ғылымның негізі және олардың химиялық құрамы. Тамақ рационының құрылымы
Автор: Arukamukan • Январь 23, 2021 • Реферат • 2,091 Слов (9 Страниц) • 748 Просмотры
Дәріс №1
Тақырыбы:Кіріспе. Тамақтану, тамақ өнімдері туралы ғылымның негізі және олардың химиялық құрамы. Тамақ рационының құрылымы
- Кіріспе. Тамақ өнімдері туралы ғылымның негізі және олардың химиялық құрамы.
- Ағзаның қуатылығына қажеттігі
1.Тамақтанудың тамақ заттарын меңгеру құбылысына, адам өміріне, денсаулығына, жұмыс жасау қабілетіне маңызы зор. Тамақ өмірлік процестің бәріне түгел қатысады. Тамақтану ісін дұрыс ұйымдастыру үшін адамға тамақ заттарының қаншалықты маңызды екенін анықтау қажет және адамның жасы, кәсібі ауа райы мен әлеуметтік — тұрмыс жағдайына қарай қандай тамақ қажет екенін жақсы білу керек.
Адам организмінің әрбір ұлпасы өсіп жетілуі қалпына келуі үшін, сонымен бірге жаңа клеткаларының пайда болуы үшін тамақтың сапасы жоғары болуы қажет.
Адамның ұлпасының салмағы 70 кг құрамында 45 кг су болады, 16-17 кг белок, 7-10 май, 3 кг минералды тұздар жэне 0.5 кг көміртегінен тұрады.
Организмде тамақты сіңіру, пайдалану жағдайы түрлі тамақ заттарының қышқылдану процесі үнемі жүріп жатады. Көптеген тамақгың бөлігі жылылық пайда болып диоксид көміртегімен және суға айналады.
Адам организміндегі қуаттың негізгі көзі - тамақ. Ас - адамның арқауы. Тамақты белгілі бір мөлшерде талап ету әдетге жылылық өлшемімен калориямен есептеледі. Организмде тамақтан бөлінген қуаттың мөлшері калориямен белгіленеді.
Адамның жасына қарай, еңбек етуіне қарай тамақтың қажеттілігі әр түрлі болады.
Ересек адамның жэне түрлі жастагы балалардың қанша калория жұмсайтындығын зерттегенде калория жұмсауына және тәуліктік рационының сапа құрамына қарай ересек халықты 4 топқа бөлуге болады:
бірінші топқа - ақыл ой еңбегінің адамдары және жұмыста отырып істейтін адамдар (мұғалімдер, студенттер). Қуаттың алмасуы 2200-2700 калория.
екінші топқа - мәдениет қызметкерлері, кітапханашылар 2700-3000 калория
үшінші топқа - бір қалыпты ауыр дене еңбегімен шұғылданушылар, халыққа қызмет ету саласындағы адамдар (аспасшы, даярпш) 2900-3400 ккал.
төртінші топқа - ауыр дене еңбегімен шұғыдданатын ауылшаруашылық жұмысшылар, шахтерлер 3400-3900 ккал жұмсайды.
Адам денесіне тамақтың калориялығы тиісті мөлшерде берілуі қажет. Адам өмір сүруі үшін қажетті: белоктар, майлар, көміртегі, сондай-ақ түрлі витаминдер мен минералдық заттар. Азық - түліктің құрамындағы белоктар өте маңызды. Тамақта белоктың жетпеуінен организм инфекциялық ауруға шалдығуы мүмкін.Бұл пән тағамдық заттар мен олардың технологиясы, шикізаттардың және дайын өнімдердің сапасын талқылайды.
Технология 2 ұғымнан тұрады. Техно – мәдениет, кәсіп; логос – ғылым, білім деген сөз. Сондықтан “технология” деген сөзді тамақ өндірісінің саласына қатысты өнімдерді өңдеу және ондағы қолданылатын әдістер және құбылыстар деп түсінуге болады.
Тамақ өнімдерінің жалпы технологиялық, ең басты қамтитын материалдары – нан, макарон, тәтті тағамдар,күрделі қоспалар өндірістерінде қолданылатын тағамдық заттар. Оған: ұн, су, ашытқы, крахмал, май, сүт, т.б шикізаттар жатады. Оның ішінде нан, макарон және тәтті тағамдарда қолданылатын шикізаттар іс жүзінде бірдей.
Соған байланысты бұл пән жоғарыда көрсетілген мамандық пәндерінде оқытылады.
Тамақтану туралы жалпы түсінік. Тамақ өнімдерінің шикізаттары. Өнімнің сапасын көрсететін факторлар
Тірі организмдердің ең негізгі көрсеткіші болып, сыртқы ортамен үздіксіз зат алмасуы, пластикалық және энергия қоры болып табылады.
Тірі организм жасушасының өздігінен бұзылып және олардың қалпына келуі. Ересек адамдарда бұл процесстер тепе теңдік күйде болады. Ал жас организмде ассимиляция диссимиляцияға қарағанда көбірек болады. Осы тепе теңдіктің ұзақ уақытқа бұзылуы организмнің көптеген ауруларына алып келеді.
...