Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі
Автор: mirzhannauryzbek • Октябрь 14, 2020 • Курсовая работа • 16,038 Слов (65 Страниц) • 961 Просмотры
Аннотация
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дене тәрбиесіне байланысты «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» атты тақырыпты таңдап алдым. Менің бұл тақырыпты таңдап алу себебім өзімнің болашық мұғалім ретінде білімімді одан әрі тереңдетіп білу мақсатында болды. Осы курстық жұмысты даярлау барысында мен дене тәрбиесі мұғаліміне қойылатын басты талаптар мен таныса отырып өз алдыма мақсат қойдым. Өйткені осы курстық жұмыс ұрпақты тәрбиелеудегі дене тәрбиесінің алатын орны, әдістері, оның мәнімен қызметі, дене тәрбие жоспарларының, әдістерінің түрлері, оларды топтастырудағы қажеттілікке арналады.
Мектептің міндеті – оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс. Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асып, қоғамдық тәрбиемен ұштасады. Сонымен қатар дене тәрбиесін оқытудағы негізгі мақсаттар мен оның алға қойған міндеттері, әдістемелік оқу құралы педагогикалық колледж студенттеріне арналған.
Дене тәрбиесіне келмек болса дене тәрбиесінің түпкі мақсаты жастарды еңбекке, Отан қорғауға дайынындау. Негізінен егемен еліміздің мектебіндегі дене тәрбиесі сабағының нормаларын, әдістерін, жоспарларын негіз етіп оларды салыстырдым.
1.Кіріспе
Дене тәрбиесінің мақсаты денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын қорғауға және уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2030" бағдарламасында: "Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтындығымыз, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиіс екендігіміз" туралы айтылған. Бұдан егемен елімізде жас ұрпақтың дене тәрбиесіне айрықша көңіл бөлініп отырғаны көрінеді. Ол түсінікті де. Келешекте Азия Барысына айналатын елдің іргесін нығайтатын да қазіргі жас ұрпақ.
Осы жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде ұстаздың жеке
басының рөлі ерекше. Бұл туралы кезінде орыстың
атақты педагогі К.Д.Ушинский: "Сөз жок, көп нәрсе оқу
орындарындағы жалпы тәртіпке байланысты, бірақ ең
негізгісі тәрбиеленушімен тікелей қарым-қатынаста
болатын тәрбиешінің басының жас жанға ықпал етуі оқулықпен де, моральдық ақыл айтумен де, жазалау және мадақтау жүйелерімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелеуші күш болып табылады", — деген болатын. Бұл айтылғандар дене тәрбиесі мұғалімдеріне де түгелдей қатысты.
Дегенмен бұл талаптардың үдесінен шығу жалпы, өздігінен бола қалатын шаруа емес. Бұл міндеттерді ойдағыдай орындау үшін дене тәрбиесі мұғалімдеріне бар ынтамен жұмыс істеуге, ізденуге тура келеді. Бұл жерде сөз, ең алдымен, өздерінің ғылыми-әдістемелік білімі мен практикалық біліктілігін арттырудағы күй жұмыстары, арнайы әдебиеттерден қажетті. Бала білмеуден білуге қадам басқанда, әр түрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту процесіндегі ең негізгі қайшылық, ол - педагогикалық міндет-талаптар мен оқушының мүмкіндіктерінің (білімі мен дағдысының және дамуының казіргі дегейі) арасындағы қайшылық. Бұған тағы да оқушының теориялық білімі мен практикалық бейімділігінің арасындағы, шығармашылық ойы мен репродуктивтік ойы арасындағы, т.б. қайшылықтар жатады. Осындай қайшылықтарды шешу оқушының саналы түрде көп күш-жігер жұмсауын керек етеді және оның дамуына ұлкен әсері болады.
...