Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дене тәрбиесі және спорттың мақсаты мен міндеттері

Автор:   •  Сентябрь 14, 2021  •  Лекция  •  646 Слов (3 Страниц)  •  2,761 Просмотры

Страница 1 из 3
  1. Дене тәрбиесі және спорттың мақсаты мен міндеттері.

Дене тәрбиесі теориясында әр түрлші  ұғым дар, түсініктер бар: дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті т.б. қолданылатын әр түрлі құбылыстардыкөрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.

Дене тәрбиесінің міндеттері:

- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;

- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;

- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;

-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;

-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;

- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;

- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.

  1. Дене шынықтыру мен спорт жүйесін жан-жақты  зерттеу.

Дене  шынықтыру жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене шынықтыру мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене шынықтыру жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар төрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі жалпы міндеттерге негізделеді:

Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде арнайы білім беру.

Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты күшейту.

Тәрбиелік міндеттер - адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету. Дене шынықтыру жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді.

Тағы  да бір маңызды сынамалық негіз - спорттық топтастыру. Республикалық спорттық топтастыру дегеніміз - жасөспірімдер дәрежесінен бастап халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын беру, соның ережесін бекітіп, тәртібі мен сынамаларын белгілеу. Ол спортта жоғары жетістіктерге жетуге, жаттықтырушы жүмысын жетілдіруге, мектептердің, спорт қоғамдарының жұмысын жақсартуға ықпал етіп, Қазақстан спортының дамуына негіз болады. Спорттық топтастыру КСРО-да 1935 жылы қабылданды. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, төуелсіздік алуына байланысты қазір елімізде топтастыру мазмұны мен құрылымы көп өзгерді, әлі де жетілдіріліп келеді. Дене шынықтыру жүйесі мемлекеттік және қоғамдық негізде мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында, әскери бөлімдерде, емханаларда және басқа да мемлекеттік, қоғамдық мекемелерде үйымдастырылады. Сабақ мемлекеттік бағдарламада көрсетілген ресми кесте бойынша жүргізіледі. Ол үшін арнайы уақыт белгіленіп, қаржыландыру мөселесі шешіліп, материалдық негіз жасалады. Республикамызда дене шынықтыру жүмысын басқарып, бағыт беріп отыратын арнаулы мемлекеттік ұйымдар бар.

...

Скачать:   txt (9.8 Kb)   pdf (60.5 Kb)   docx (10.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club