Кәсіпкерлік теориясы және оның пайда болу заңдылықтары
Автор: Nurssuluum • Октябрь 13, 2021 • Эссе • 767 Слов (4 Страниц) • 732 Просмотры
Кәсіпкерлік осыдан аз ғана уақыт бұрын ғылымнан алыс, сауданың қолданбалы саласы ретінде ғана қарастырылатын. Колледжге түсе алмай қалғандар «әйтеуір бизнесті кәсіп етіп, амалдап жүр» деген ұстаным басым болып, ол академиялық зерттеу саласына айналмады. Алайда біздің экономикамыз қашан да кәсіпкерлікке негізделген, ал әр экономикалық құлдыраудың соңынан кәсіпкерлік жігер мен табандылық қана жағдайды оңалтуға мүмкіндік бергенін тарих дәлелдеді. Осылайша, кейбір ғалымдар кәсіпкерлікті ғылыми тұрғыдан қарастыра бастап, оны академиялық салаға айналдыра білді. Бүгінде кәсіпкерліктің ғылым саласы екеніне күмән жоқ. Кәсіпкерлікке арналған академиялық журналдар , кәсіпкерлікті зерттейтін кафедралар мен профессорлар, кәсіпкерлік орталықтары жаһандық консорциумының ХХІ ғасырдағы кәсіпкерлікті зерттеу стипендиаттары және бар күш-жігерін кәсіпкерлікті зерттеуге арнаған жетекші ғалымдар санының артуы – соның айғағы.
Кәсіпкер сөзі француз тілінің entreprendre – «әрекет жасау» деген сөзінен шыққан. Кәсіпкер бизнесті ұйымдастырады, басқарады және осы бағытта әрекет етеді. Соңғы жылдары кәсіпкерлер көп нәрсе жасап жатқандықтан, енді бұл анықтаманы кеңейту қажет. Бүгінде кәсіпкер – мүмкіндіктерді мойындайтын және қолданатын инноватор немесе дамытушы; сол мүмкіндіктерді нарықтандырылған идеяларға айналдырады; уақыт, күш, ақша немесе дағдылар арқылы құндылықтар қосады; осы идеяларды іске асыру үшін нарықтағы ықтимал қатерлерді болжайды және осы күш-жігердің арқасында табыс табады.Кәсіпкер – бизнес әлеміндегі өзгерістерді батыл жүзеге асырушы. Ол – кең таралған, көпшілікке танымал жағдайда оқыс әрекетке барудан тартынбайтын тәуелсіз ойшыл. Кәсіпкерлікті зерттеуге арналған әдебиеттерде кәсіпкерлерге тән қасиеттердің кейбір ұқсастықтары мен айырмашылықтары көрінеді. Бұл қасиеттердің бастылары – жеке инициатива, ресурстарды шоғырландыру, басқарушылық дағдылар, дербестікке ұмтылу және тәуекелге бару қабілеті. Сонымен қатар басқа да қасиеттер: батылдық, бәсекеге қабілеттілік, мақсатқа бағдарланған мінез-құлық, сенімділік, мүмкіндіктерді іздеуге дайын тұру, интуиция, шынайы өмірге негізделген әрекеттер, қателіктерден сабақ алу және адами қарым-қатынас жасау дағдылары. Кәсіпкер терминінің бірден-бір кең танылған анықтамасы және бүгінгі кәсіпкерді сипаттайтын ортақ профайл жоқ болса да, зерттеу аясында субъектіге барған сайын көбірек көңіл бөлінуде.
Енді кәсіпкерлік тарихына қысқаша шолу жасайық.Әлем қазір бизнес пен экономикалық дамудың жаңа толқынында келеді, ал кәсіпкерлік – оны ілгері жылжытатын күш. Дегенмен әлеуметтік және экономикалық сипаттағы кәсіпкерлік жаңа мыңжылдықтан анағұрлым бұрын пайда болған. Іс жүзінде кәсіпкерлік рух адамзаттың көптеген жетістіктеріне қол жеткізуге түрткі болды. Кәсiпкерлердi мойындау XVIII ғасырда Франциядан басталды. Экономист Ричард Кантильон экономикадағы «тәуекелге бару» әрекетін кәсіпкермен байланыстырды. Сол кезеңдегі Англияда индустриялық революция дамып келе жатты, ал кәсіпкерлер тәуекелге баруда және ресурстарды өзгертуде айқын рөл атқара бастады. Кәсіпкерлік ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі мен қабілеттерін айқындайды. Оның дамуы орта ғасырлардан бастау алады, ал оған сол кездегі көпестер, саудагерлер, қолөнер қызметкерлерінің іс-әрекеттері дәлел болады. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы және жабайы қарапайым түрі болып саналады. Кәсіпкерліктің даму тарихына тоқталатын болсақ, алғашқы қауымдық қоғамда қатынастар іскерлік негіздегі бартерлік мәмілелер (тауар – тауар) формасында болғанын мысалға келтіре аламыз. Осы мәмілелердің табиғи іскерлігі аталған қауымдастықтардың ыдырап, құл иеленушілік қоғамның пайда болуына алып келді. Құл иеленушілік және феодалдық қоғамдағы кәсіпкерлік құрылуының мақсаты – жаулап алу нәтижесінде экономикалық мазмұнға ие болған нышандар. Алайда, кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі – сауданың пайда болуы және өркендеуі болып табылады. Орта ғасырда көпестер, саудагерлер, қолөнершілер және миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болған деп есептелінеді. Осылайша, халықаралық сауданың дамуы өткізу нарықтарында қиыншылық тудыруымен байланысты көпестердің бірігуіне, сөйтіп алғашқы акционерлік қоғамдардың құрылуына - Ост-Индиямен, Гудзон шығанағымен сауда жасаған ағылшын және голландия компанияларының пайда болуына алып келді.ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, содан кейін акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Индия сауда компаниясы, ал ХVІІ ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды. Қазақстанда да кәсіпкерлік қызмет ерте заманнан дамып келеді. Қазақстанның кӛшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік кең түрде дамыды. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қолӛнершілер, шеберлер қолдан жасап, оларға ою-өрнектерді ойып, безендіріп, тоқыма тоқып, кілемдер тоқып, іс тігіп, халықтың сұранысын қанағаттандырып отырды. Алғаш рет «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» терминдерін ХVІІ ғасырдың аяғы мен ХVІІІ ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650 – 1734 жж.) ғылымға енгізіп, оны «Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала» кітабында жариялаған. Р.Кантильон «кәсіпкер деп – тәуекел негізінде пайда табу мақсатында ӛндірісті ұйымдастыратын адам» деген болатын. Кейінірек ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Франсуа Квисней сияқты физиократтар кәсіпкерлік тұжырымдамасын кеңейте түсті. Олар Р.Кантильон сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ кейіннен бұл ұғымды кеңейте отырып, бұл анықтамаға ӛндіріс процесін енгізді. Ағылшын экономисі Адам Смиттің (1723-1790 жж.) пікірінше, «кәсіпкер – өзінің коммерциялық идеяларын жүзеге асырушы және пайда табу мақсатында өндірісті ұйымдастыра отырып, тәуекелге баратын адам». Сондайақ, 1776 жылы А.Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер» атты еңбегінде кәсіпкердің сипатына көп көңіл бөлген. Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуына өз үлесін қосқан және тұрпайы саяси экономикасын бастаушыларының тағы бір әйгілі экономисі Жан-Батист Сэй (1767-1832 жж.) болып табылады. Ол бизнес саласында өзінің тәжірибесімен таныла отырып, 1810 жылы алғашқы рет кәсіпкерлік қызметтің мәні мен оның қоғамдағы рөлін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді.
...