Мәдени-тарихи мүрадаfы және патриотизмдi калыптастырудаfы саяси рәмiздердiн маныздылыfы
Автор: Shakonaii • Сентябрь 26, 2021 • Реферат • 2,504 Слов (11 Страниц) • 1,710 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:
МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАДАҒЫ ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ САЯСИ РӘМІЗДЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
ОРЫНДАҒАН :
ТЕКСЕРГЕН:
АЛМАТЫ, 2021
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
- Ұлттық рәміздердің бастауы. ҚР қазіргі мемлекеттік туы тарихы..4
- Мемлекеттік рәміздер – патриоттық тәрбиенің бастауы....................6
- ҚР мемлекеттік туы: мағына мен болмыс, образ және стиль..............6
- Тәуелсіз Қазақстан туының саяси мәртебесі.........................................9
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................11
КІРІСПЕ
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің,
біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».
Нұрсұлтан Назарбаев
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Бүгінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып келеді. Соның бірі жастар, жас өрендер арасында ұлттық нақыштағы рәміздерді насихаттау.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты – Қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін мақтан тұту идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту, қазақстандықтардың мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көк-көгiлдiр түсті, ол төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Көк түс түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетеді деп қорытуға болады. Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Мемлекеттік әнұран — елдің музыкалық-поэтикалық эмблемасы, әдеби-сазды төлқұжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлемхат іспеттес.
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді.
- Ұлттық рәміздердің бастауы. ҚР қазіргі мемлекеттік туы тарихы
«Әлемді нышандар мен рәміздер билейді»
Конфуций
Еркіндікке ұмтылған елдердің бәрі де өз дауысымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды. Сол жұлдызды сәт туған кезде өз болмысымен тіршілік кешу мүмкіндігі пайда болғанын, саяси бостандық алғанын шын сезінеді. Мемлекеттік рәміздер – белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі, идеологиясы. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілінде де сөйлейді. [1, 16 б].
...