Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Күш қолдану ұғымы

Автор:   •  Ноябрь 27, 2018  •  Курсовая работа  •  9,079 Слов (37 Страниц)  •  587 Просмотры

Страница 1 из 37

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ        3

1         КҮШ ҚОЛДАНУДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ӘЛЕМЕТТІК МАҢЫЗЫ        9

1.1         Күш қолданудың ұғымы және оның әлеуметтік маңызы        9

1.2         Шет мемлекеттердің заңнамасындағы кұш қолдану        22

2         КҮШ ҚОЛДАНУДЫҢ ТҮРЛЕРІ        28

2.1         Физикалық күш қолданудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы        28

2.2         Психикалық күш қолданудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы        50

2.3         Қорқыту психикалық күш қолданудың негізгі нысандарының бірі ретінде        66

ҚОРЫТЫНДЫ        

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ        


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Осы зерттеуде ғылыми және тәжірибелік мәні бар, күш қолданудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерімен байланысты өзекті мәселелер қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Денсаулық сақтаудың Бүкіл әлемдік қауымдастығымен 1996 ж. 49 сессияда WHA 49.25 Резолюциясы қабылданған болатын, ол жерде күш қолдану бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың маңызды және барынша күрделеніп келе жатқан проблема болып жарияланған.

Бір жағынан қазақстанның мемлекеттілігі қалыптасып жатса, екінші жағынан, — Қазақстанның қылмыстылықтың жаңа сапалы көріністерін туындататын әлемдік жаһандану проблемаларымен тоғысып қалулары орын алуда, адамдардың күш қолданушылық мінез-құлқына деген қызығушылық өзгеріссіз қалуда. Осылайша, күш қолданушылық қылмыстылығының құрылымындағы өзгерістер аясында жеке тұлғаға күш қолдануға қылмыстық-құқықтық қарсы тұру проблемасы тек қана азайған, керісінше, жаңа үткірлігі мен өзектілігіне ие болды.

Бұл, бірінші кезекте заңнамалық шешімдердің барлығы кезектілік сипатқа ие болмайтындығына байланысты және қылмыстық-құқықтық нормаларды құрастыру барысындағы жүйелілік қағидасын сақтау рухында ұсталған. Күш қолданушылық қылмыстар туралы нормаларды құрастыру барысында жүйелілік қағидасын сақтау күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстық әрекеттерді бағалауға бағытталған бірыңғай құқық қолданушылық тәжірибеге кепілдік береді. Бұл ретте заң шығарушы қоғамдық қауіпті күш қолданудың белгілерін әр түрлі мазмұндайды, кейбір жағдайларда осы анықтамаға тек қана физикалық күш қолдануды қосатын болса, ал басқа жағдайда — қорқытумен көрінетін психикалық күш қолдану туралы ғана айтады. Сонымен қатар қазіргі уақытқа дейін мұндай мәжбүрлеу сияқты қылмыстық құқықтық санат іс жүзінде жеткілікті дәрежеде зерттелмеген еді.

Осы барлық себептер ҚР ҚК нормаларында бағалаушылық белгілердің елеулі көлемінің барлығынан туындаған. Олардың заңи мәнін әр түрлі түсінуге қарамастан, іс жүзінде барлық авторлар мен тәжірибелік жұмысшылары қылмыстық заңның нақты бағалаушылық белгілері қылмыстық заңнаманың біыңғай қолданылуына кедергі келтіретін басты мән-жайғдайлардың бірі болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормалардың дұрыс қолданылуы оның әр бір элементтері мен белгілерін терең үғыну және мазмұнын ашуды ұйғарады. Бұл сұрақтарды шешу күш қолданумен ұласқан қол сұғушылықты терең және жүйелік талдаудың, және осы қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін құқықтық нормалардың негізінде ғана мүмкін болады.

Республиканың сот-тергеу органдарынан жүргізілген сұраудың негізінде ҚК өзіне «өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану, не болмаса осындай күш қолданамын деп қорқытуды» және «өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану, не болмаса осындай күш қолданамын деп қорқытуды» қосатын баптарымен сараланатын әрекеттерді бағалау елеулі қиынтықтарды туғызатындығы анықталды.

Бұл ретте тергеу және сот тәжірибесінде күш қолдану арқылы жасалған қылмыстарды саралау барысында, қателіктердің көп бөлігі тек аталған себептерге байланысты ғана емес, сондай-ақ жоғары сот инстанциясының түсіндірмелері көп жағдайларда айтарлықтай кереғар әрі кезексіз келеді, бұл қылмыстардың оссы түрлерін саралауға қатысты, олардың түрлі бағалауын туындату арқылы құқық қолданушылық тәжірибенің қажеттіліктерін әрдайым қанағаттандыра қоймайды.

...

Скачать:   txt (120.1 Kb)   pdf (352.4 Kb)   docx (51.5 Kb)  
Продолжить читать еще 36 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club