Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәуелсіз Қазақстан

Автор:   •  Март 20, 2020  •  Доклад  •  281 Слов (2 Страниц)  •  464 Просмотры

Страница 1 из 2

                       Тәуелсіз Қазақстан!

     Қазақстанның әрбір азаматы 1991 жылы болған оқиғаны қуанышпен еске алады.Сол уақытта тәуелсіздік оты біз үшін алаулады.Тәуелсіз Қазақстан! Осындай дәрежеге жету үшін біздің еліміз қандай қиындықтардан өтпеді? Қазақ әдебиетінде отан үшін отқа түс,күймейсің деген дана сөз бар.Осы мақалды басты ұғым қылып,отқа да,суға да түсуге даяр болды.Міне,осының бәрі де нәтиже көрсетіп отыр.Соңында бір кереметтей ел болдық.Бейбіт елімізде самғап ұшқан қыранымызға дейін қуанды емес пе?  

      Отан...Осы сөздің әр адамның жанына жақын,жүрегіне жылы екеніне сенімдімін.Әрбіріңнің бойыңда патриоттық сезім бар деген үміттемін.Отан деген сөзді естігенде, көз алдыма түтіні шыққан ауыл,жазық дала, елімнің тау-тасы,көлі және орманы елестейді. Құлағыма сыңғырлаған құстардың әсем үні естіледі.Шіркін!Отаны жоқтық-нағыз жоқтық деген шын екен-ау.Осы еліңнің салт-дәстүрін ғаріптеп,ана тілін ардақтау, әрбір адамзаттың борышы деп ойлаймын.

    Қазақстан көп ұлтты мемелекет.Адамды бөліп-жару деген біздің елімізге  тән емес.Қазақ осы -қарасың ба,ақсың ба, қоңырсың ба,жатсың ба,жатырқауды білмейді.Бұл сөзге  дәлел таба аламын.Себебі елімізде қаншама ұлт өкілдері бауырлас,тату-тәтті өмір сүруде.Бір үйдің балалары секілді.Бір-бірімздің салт-дәстүрлерімізді,әдет-ғұрыптарымызды сыйлай біліп,бір шаңырақтың астында бақыт деген сезімнің дәмін татып жатырмыз.

    Қазақ елінің тау-тасына жетер ештеңе жоқ.Өз елің,өлең төсегің деген рас екен-ау.Өзге елді қаншалықты құрметтегеніңмен, бәрібірде өз еліңді артық көресің.Солай емес пе?Иә,әрине қанша дегенмен Тәуелсіз Қазақстан бәрінен де артық.Мыңдаған әсем гүлдердәң ішінен жүрегіңнен жылу тапқан біреуін ғана алмайсың ба?Міне мұнда да солай секілді.

      Көзді ашып жұмғанша,"Мәңгілік ел" деген де атаққа ие бола білдік!Мұның өзі бір жетістік емес пе?Мәңгілік ел деген сөздің өзінде қаншама мән,мағына жатыр.Соны біреуі түсінсе,кейбіреуі түсіне қоймайды.Елімізді әлпештеп,ардақтай білмейтін адамдар  да кездеседі.Оларға қарап ашынғаннан басқа бала жүрегі не жасай алады?Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, көңілден кетсе де,жүректен өшпейтін қазақ елі аман болсын!"Тәуелсіз ел"-деген атақты жоғалтып алмайық.

...

Скачать:   txt (3.9 Kb)   pdf (42.6 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club