Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Автор: bvlnyr12_ • Апрель 19, 2023 • Реферат • 1,654 Слов (7 Страниц) • 218 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті: “Шығыстану”
Кафедра: “Қиыр Шығыс”
СӨЖ
Тақырыбы: “Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Орындаған: Серікбай Балнұр
Тексерген: доцент Іңкәрбаев Е.Т.
Алматы, 2022ж
Жоспар:
1. Парадигмаға жалпы анықтама.
2. Саяси парадигмаға анықтама.
3. Саяси парадигмалардың түрлері, оларға түсіндірме.
4. Саяси парадигмаларға мемлекеттер ретіедк мысал.
Ғылым мен философияда парадигма-бұл белгілі бір салаға заңды үлес қосатын теориялар, зерттеу әдістері, стандарттарды қоса алғанда, ойлау тұжырымдамаларының немесе модельдерінің жеке жиынтығы. Бұл ілімді алғаш ХХ ғасырдың басында Т. Кун енгізді. Кунның пікірінше, парадигма — бұл ғылыми қоғамдастық мүшелерін біріктіретін нәрсе, және, керісінше, ғылыми қоғамдастық белгілі бір парадигманы мойындайтын адамдардан тұрады. Әдетте, парадигмалар ғалымдардың еңбектерінде, оқулықтарда жазылады және жылдар бойы өзгертілмей, белгілі бір ғылымның саласында, ғылыми мектептерде мәселелер мее оларды шешу жолдарын белгілейді. Парадигмаларға, мысалы, Ньютон заңдарын, Аристотельдің көоқарастарын, тағы сол сияқтыларды жатқызуға болады. Келесі Т. Кунның цитатасын өзгертпей келтіріп кетейін:
"Парадигмалар арқылы мен белгілі бір уақыт ішінде ғылыми қоғамдастыққа проблемаларды қою және оларды шешу моделін беретін барлық мойындалған ғылыми жетістіктерді айтамын. Бұл терминді енгізе отырып, мен ғылыми зерттеулердің нақты тәжірибесінің кейбір қабылданған мысалдары-заң, теория, олардың практикалық қолданылуы және қажетті жабдықты қамтитын мысалдар - барлығы бізге ғылыми зерттеулердің нақты дәстүрлері пайда болатын модельдерді беретінін айтқым келді."
Саясаттануда парадигма дегеніміз өмірде болып жатқан саяси әрекеттерді, құбылыстардға логикалық түсініктеме беру үшін оларды теория ретінде жазу, қабылдау. Парадигмалардың арқасында белгілі бір саяси мәселенің түбіне жету, талдау, түсіну, сонымен қатар осы мәселені қалай шешуге болатын жолдарды анықтауды жеңілдетіледі. Ол нақты мәліметтерге, фактілерге сүйенеді.
Саясаттанудың парадигмаларын зерттей келе, оны 6 негізгі түрге бөлуге болады. Олар:
- Теологиялық.
- Натуралды.
- Әлеуметтік.
- Биополитикалық..
- Рационалды-сыни.
Әрқайсысына бөлек тоқтала кетейік.
Теологиялық - саясаттың дамуының ең алғашқы кезеңдерінде пайда болған саяси парадигма. Ол кезеңдерде әлеуметтік- саяси құрылыс киелі болып саналды, ал мемлекет пен билік тек қана Құдай жаратқан, әлемдік тәртіп ретінде саналды. Парадигманың бұл түрінің бастамасы болып сенім принциптерін алуға болады. Билікке қарсы шығу- Құдайға қарсы шығумен тең болды. Билік басында отырған адам ерекше күш пен құрметке ие болды. Мысалы, ежелгі Қытайда императорды тіпті “Құдайдың баласы” ретінде көрді. Фома Аквинский биліктің үш түрін бөлді: тәсіл, принцип, өмір сүру. Билікке күш берген Құдай, және де билікке тек Құдай секілді ойлайтын, әрекет ететін, сөйлейтін адам келеді деп есептелді.
Натуралды парадигма. Парадигманың бұл түрінде саясаттың барлығы, яғни, табиғаты, болмысы, құрылымы, пайда болуы табиғи, адамға қолжетімсіз себептермен түсіндіріледі: мемлекеттің географиялық орналасуы, климаттық жағдайлар, адамның психикалық және биологиялық болмысы, нәсілдік ерекшеліктері және тағы басқа да адамның қолынан өзгерту келмейтін факторлар.
Саясатқа және әлеуметтің саяси өміріне табиғат әсер етеді. XVII - XVIII ғасырлардан бастап натурализм Еуропадағы ағартушылық ойдың жетекші принципіне айналды. XIX–XX ғасырлар тоғысында табиғаттың антропо-географиялық принциптері, электоралдық география негіздері пайда болып, мемлекеттердің халықаралық стратегиясының түрлі сценарийлері даярланды. Саяси география мен геосаясаттың дербес бағыттары қалыптасты. Болашақ айқын көріне бастады, дипломатия дамыды, мемлекетаралық коммуникация өз жолын тапты. Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуі туралы алғаш ежелгі ойшылдар Аристотель, Гиппократ, Платон айтқан болатын. Соған қарамастан ең алғаш оны теория ретінде ғылымңа енгізген француз ойшылы Ж. Боден болып табылады. Оның идеясын ары қарай дамытқан Шарль Монтескье, ол да француз философы. Олардың айтуынша, әр халықтың түр-сипатында, қоғамдық құрылыста, мемлекеттің құрылымына, халықтың рухында географиялық орта, әсіресе климат шешуші орын алады. Сонымен қатар Оксфорд университетінің профессоры Маккиндер ХХ ғасырдың басында теңізге шығар жолы жоқ мемлекеттер даму бойынша артта қалады деп айтқан. Ол дүниені құрлықтық және теңіздік күштер деп екіге бөлді. Қорыта келе, қазіргі заманда да географиялық жағдайлар мемлекеттердің сыртқы саясатына әсер ететіні сөзсіз.
...