Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Автор: Akbota19 • Февраль 1, 2023 • Реферат • 930 Слов (4 Страниц) • 214 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Қаржы және аудит кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Оқытушы:Инкарбаев Есенай Турганбаевич
Студент:Жұмағали Ақбота Сүйеубайқызы Мамандығы:Есеп және аудит-1 курс
Алматы, 2023ж.
Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Парадигма (грект-ң paradeiqта - теория, үлгі деген сөзінен) - зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория. Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялықпайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді. "Парадигма" ұғымын XX ғасырдың 20 жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш енгізген америка философы және қоғам тарихын зерттеушісі — Г.Кун. Кейін бұл ұғым ғылымның барлық саласында, соның ішінде саясаттануда кеңінен пайдалануда. Құнның ойынша, парадигма саясатты зерттеуге бағыт береді. Сол бағыт бойынша зерттеуші белгілі бір дәстүрлерге, саяси идеялар мен теорияларға сүйене отырып нақтылы мәселені шешеді. Ол саясаттың барлық тарихын бір парадигманың екінші парадигманы үнемі ауыстырып отыруымен түсіндіреді. Ол үшін қоғамда қалыптасқан парадигмаларға өмірдің даму барысында қайшылықтар шығады, олар ұлғая келіп жаңа жүйелі парадигманы тудырады. Ол біртіндеп ықпалын кеңітіп, негізделеді және алдынғы парадигманы ығыстырып, ауыстырады. Кейін оның өзі де осындай күн кешеді, яғни басқа парадигмамен ауыстырылады.
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді – сыни деп жүйелеуге болады. Енді қысқаша соларға тоқталалык. Теологиялық парадигма. Ол саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымнын алғашқы дами бастаған кезекінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінді. Натуралистік парадигма. Ол саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді. Географиялық ортанын саясатқа ықпал етуі туралы ертедегі ойшылдар Гиппократ, Платон, Аристотельдер атап айтқан болатын. Алайда оны теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529-1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан сол елдің философы Ш.Монтескье ( 1689-1755). Оның ойынша, географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттін құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады. Ал Оксфорд университетінің профессоры Маккиндер XX ғасырдың басында теңізге шығар жолы жоқ мемлекеттер даму жағынан артта қалады деді. Ол дүниені құрылықтық және теңіздік күштердеп екіге бөлді. Қалай болса да, бүгінгі танда елдің географиялык жағдайы оның сыртқы саясатын қалыптастыруға әсер ететіндігі даусыз. Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер (неміс ғалымы П.Майер, австриялық К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстырады.
...