Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Орманды пайдалану, сүрек өндірісі туралы негізгі ұғымдар

Автор:   •  Ноябрь 18, 2024  •  Практическая работа  •  7,644 Слов (31 Страниц)  •  23 Просмотры

Страница 1 из 31

ОРМАНДЫ ПАЙДАЛАНУ

№1-дәріс

Тақырыбы: Орманды пайдалану, сүрек өндірісі туралы негізгі ұғымдар

Жоспар:

1. Сүректі пайдаланудың қысқаша тарихы

2. Орманды пайдалану нәтижесінде алынатын өнімдер

1. Сүректі пайдаланудың қысқаша тарихы

Көптеген ғасырлардан бері орман бізге пана, қорған болып келеді. Ол адамның өмірлік және рухани қажеттілігін өтей отырып, экологиялық тепе-теңдік пен биосфераның қалыпты дәрежедегі қызметін қамтамасыз етеді. Адамдар орман байлығын молынан танып-білген сайын оларды неғұрлым ауқымды түрде игеруге мүмкіндік ашылады.

Адамның ерте заманнан бері келе жатқан еңбек саласы ретінде белгілі болып отырған сүрек дайындау өндірісі қазіргі уақыттағы орман шаруашылығының ажырамас бөлігі деп есептеледі. Адамдардың өмірін ағашсыз елестету мүмкін емес. Адамзаттың тіршілік ету барысында сүрек өндірісі, ағашты пайдалануы адам өмірінің ажырамас бір бөлшегіне айналған. Ерте кезден ақ адам өмірі ағашқа байланысты болған. Ағаш адамды оттегімен қамтамасыз етеді, ауаны бактериялар мен микроптардан тазартады, адамның тынығуына жағдай жасайды, баспана болады және тұрмыстық қажетіне жарайды.

Ғалымдардың пайымдауы бойынша қылқанды ормандар 200 млн. жыл бұрын қалыптаса бастаса, жалпақ жапырақты ормандар 50 млн. жыл бұрын пайда болған. ал адамның ағашты өңдеуді үйренуі 10 мың жылдан астам уақыт бұрын деп есептелінеді.

Ежелдегі көшпенділер өмірінде де маңызды роль атқарған. баспанасы, қару-жарақтары, ыдыс-аяқтарының барлығы ағаштан жасалған.

Орманды пайдалану түрлеріне: сүрек дайындау, дәрілік және азықтық шикізат дайындау, жанама пайдалану, сонымен қатар ғылыми, мәдени-сауықтыру, аңшылық шаруашылығы мақсатында пайдалану жатады.

2. Орманды пайдалану нәтижесінде алынатын өнімдер

Орманды пайдалануды жүзеге асыра отырып көптеген өнім түрлерін алуға болады. Орманнан алынатын өнім түрлері 20 мыңнан астам деп есептелінеді. Ағаш сүрегін алатын болсақ, сүректен асатын әмбебап материал табу өте қиын. Сүрек шикізатынан – сүрек, бұтақтар, қабықтар, қылқандардан өндіріс пен адамдардың қажеттілігін өтеуге және халық шаруашылына қажетті өнімдердің 20 мыңнан астам түрін алуға болады. Олардың ішінде – целлюлоза, қағаз, картон, рубероид, линолеум, кино-фтоүлдір, жасанды жібек, жасанды тері, пластмасса, сүректалшықты және сүрекжаңқалы тақташалар, ағаш көмірі, шайыр, канифоль, скипидар, сірке қышқылы, илік заттар, дәрілік қоспалар, дәрумендер, тағамдық ашытқылар және де басқа көптеген пайдалы өнімдер. Сүрек бөшкелер мен сіріңке дайындауда, кен орындарында тіреу ретінде пайдалануда негізгі шикізат көзі болып қала бермек.

Орманның адам өміріндегі ролі өте зор. Орманның маңызы тек сүректі пайдаланумен ғана шектеліп қалмайды. Орман – бұл оттегі көзінің бірі, ауаны көмірқышқыл мен зиянды газдардан тазартатын табиғи сүзгі. Сонымен бірге орман ауасы фитонцидтерге толы. Фитонцидтер – өсімдіктерден бөлінетін адамдарды, жануарларды және өсімдіктердің өзін ауру тудыратын микроағзалар мен вирустардан қорғайтын жұпар иісті зат. Жалпақ жапырақты орманның 1 гектарынан тәулігіне 2 кг фитонцид бөлінсе, қылқан жапырақты орманда 4 тен 30 кг-ға дейін бөлінеді екен.

Орманды рекреациялық мақсатта пайдалана отырып біз өзіміздің физикалық және рухани күшімізді қалпына келтіре аламыз.

Орман – табиғи байлық қоймасы. Саңырауқұлақтар, мүктер, қыналар, жидектер, жаңғақтар, дәрілік өсімдіктер, бал беретін өсімдіктер, жануарлар мекені. Бұл байлық сарқылмайды десе де болады. Әйтсе де бұл байлықты ретсіз пайдаланған жағдайда одан айрылып қалуымыз мүмкін.

Сексеуілмен бірге есептегенде Қазақстан Республикасының орманы мемлекеттің 4,6% жерін алып жатыр. Аздығына қарамастан Қазақстан ормандары бағалы болып табылады. Орман су қорғағыштық, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру және де пайдалы қызметтер атқарады.

...

Скачать:   txt (109.1 Kb)   pdf (1.4 Mb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club