Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Автор:   •  Октябрь 20, 2023  •  Реферат  •  2,484 Слов (10 Страниц)  •  263 Просмотры

Страница 1 из 10

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

[pic 1]

         

     Реферат

         Тақырыбы: 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар»

Орындаған: 

«Кадастр» мамандығының

2 курс студенті

Махмут Арайлым

                                                                                                 Тексерген: 

                       Калиева Д.М.

                       

                                             

                                         

                                               Алматы – 2023ж 

        МАЗМҰНЫ

  1. КІРІСПЕ........................................................................................................3
  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
  1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу.............4
  2. Мемлекеттік тіркеудің құқықтық негіздері.....................................4
  1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қажеттілігі..........................8
  1. Тіркеу үшін ауыртпалықтар міндеті.................................................9
  1. ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................11
  2. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................12

        КІРІСПЕ

            Жылжымайтын мүлıкке құқықтарды мемлекеттıк тıркеу деп – мемлекеттıк органдарда жылжымайтын мүлıктıң құқықтық  жағдайын ресми түрде есепке алу және растау процесı. Бұл  меншıк иелерıнıң құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететıн  және жылжымайтын мүлıкке иелıк ету, пайдалану және оған  билıк ету құқығын белгıлеуге және бекıтуге көмектесетıн  маңызды рәсıм болып табылады.

            Жылжымайтын мүлıкке құқықтарды мемлекеттıк тıркеу тәртібі келесідей жүргізіледі.  Біріншіден, жасалатын мәміленің және жылжымайтын мүлікке құқықтардың (оның ішінде құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексереді. Сонымен қатар тіркеуші орган жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

Екіншіден, Құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) электрондық тіркеу нотариат куәландырған мәміле, мұраға құқық туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде жүргізіледі.

Үшіншіден, тіркеуші органдардың шешімімен ақпараттандыру жүзеге асады.

Осы секілді маңызды ақпараттарды негізгі бөлімде қарастыратын боламыз. Бұл жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2.1.        Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу

Жылжымайтын мүлік – жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілерді айтамыз.

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және құқықтық кадастрды жүргізуге қажетті басқа да сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырады.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік – осы  Заң мен өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауын, сондай-ақ өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауын қарастырады.

...

Скачать:   txt (31.1 Kb)   pdf (155.5 Kb)   docx (218.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club