Реанимацияның патофизиологиялық негіздері. Постреанимациялық ауру
Автор: 27121999 • Сентябрь 28, 2019 • Реферат • 1,124 Слов (5 Страниц) • 1,804 Просмотры
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»АҚ
В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Реанимацияның патофизиологиялық негіздері.Постреанимациялық ауру
Тексерген:Ниязбекова Қ.К.
Орындаған:Чаканова Л.С.
Тобы:306 ЖМ
Астана 2018
Жоспары:
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
2.1 Реанимация туралы жалпы түсінік
2.2 Реанимацияның негізгі әдістері мен орындалуы
2.3 Постреанимациялық ауруларға сипаттама
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Күнделікті өмірде,демалыс орындарында,аялдамада,күту орындарындарында,сауда орындарында неше түрлі жағдайлар себебінен көпшілік жағдайда адамдардың өлімі орнауда.Қарапайым халықтың осындай орындарда есінен танып,өмірден өтуі олардың өзінің денсаулығына салғырттықпен қарауы және алғашқы көмек,реанимация туралы хабарының аз болуы басты себеп болып отыр.Өлім мен өмірдің арасы аз ғана уақыт болғанымен,осы уақытты тиімді пайдалану адамның өмірін сақтап қалуға зор мүмкіндік береді.Организмнің тіршілігі бір мезетте емес,біртіндеп таусылады.Соңғы болып өмірлерін тоқтататындар орталық жүйке жүйесі мен ми болып табылады.Осы ми мен орталық жүйке жүйесі өлгенге дейін адамды құтқаруға мүмкіндік бар.Бірақ бұл мүмкіндік кімнің қолында? Әрине ,білікті алғашқы көмекті дұрыс көрсете алатын дәрігердің не болмаса практикалық тәжірибесі бар кез келген адамның қолынан келеді.Осы мақсатта реанимация ұғымы кең етек алуда(реанимация-қайта тірілту).Реанимацияның басты міндеті клиникалық өлімнің алдын алу,яғни адамның клиникалық өлімге түскен жағдайда,оны жан-жақты емдеу болып табылады.
Негізгі бөлім
Реаниматология-уақытша қызметі бұзылған ағзаны тірілту туралы ілім.Ол өлім механизмдерін, өмірден өлімге өту терминальдік жағдай өтпелі кезең жағдайының мәнін анықтап, зерттеу өмірлік функцияларды қалпына келтіру, өлімнің алдын алу және реанимациядан кейінгі кезеңді зерттеуді бағыт етіп алады. Басты міндеті клиникалық өлімнің алдын алу,яғни адамның клиникалық өлімге түскен жағдайда,оны жан-жақты емдеу болып табылады.
Жүректің және тынысалудың тоқтауы, қайтымсыз түрдегі өлім,яғни биологиялық өлімнің басталғанын көрсетпейді. Биологиялық өлім алдында 3-5 мин. клиникалық өлім болады,. Бұл жерде реанимация шараларын жылдам жүргізу керек. Бұл шаралар қаншалықты ерте басталса, соншалықты жақсы аяқтамаға мүмкіндік ұзарады және бұл жерде уақыт есебі минутпен емес, секундпен өлшенетінін ескеру керек. Клиникалық өлім-бұл өмір мен өлім арасындағы арпалыс жағдайына байланысты өзгермелі болады, ол организмнің бастапқы жағдайына тәуелді.Мысалы, метаболизм деңгей төмен болса , осыдан ағзаның оттегіне қажеттілігі азайғанда, клиникалық өлім периоды ұзаққа созылады.Клиникалық өлімнің мәні- өмір үшін, ми өлгенше күресу керек. Бірақ миды қайта тірілтуге болмайды.Мидың өлуінде, жүрек және тыныс алу жүйесін қалпына келтіруге болады, бірақ нәтижесінде мидың жоғарғы орталықтарын қайтымсыз зақымдалуы адамды вегетативтік өмір сүруге әкеледі.Ал мұның бәрі дұрыс реанимацияның арқасы.
Реанимация-адам организміне қажетті маңызды функцияларды қайта қалпына келтіру.Яғни,жүректің қызметін,тыныс алу жүйесін және гоместазды қалпына келтіру болып табылады.Көп жағдайда клиникалық өлімнің себебі болып: суға бату, улану, найзағай немесе электр тоғынан зақымдалу, жедел жалпы қансырау, мидың өмірлік маңызды орталықтарына қан құйылу, гипоксия және жедел жүрек жеткіліксіздігімен асқынған аурулар, т.б. Барлық осындай жағдайларда кешіктірмей жылдам қанайналым және тынысалуды қамтамасыз етудің жасанды шараларын бастау керек.
Мұндағы ең қолайлы реанимация шаралары жүректің сыртқы массажы және жасанды тыныс алуды қамтамасыз ету.Ең алдымен клиникалық өлімнің басталуы,естен танудан басталады.Келесі жағдайда есінен тапқан адамды дауыспен оятуға тырысу,ешқандай қимыл жоқ болған жағдайда оның ұйқы немесе сан артерияларында пульстің тексерілуі керек.Келесі амал тынысын
...