Реанимацияның патофизиологиялық негіздері. Реанимациядан кейінгі аурулар
Автор: elamannb1 • Октябрь 21, 2019 • Реферат • 2,280 Слов (10 Страниц) • 2,847 Просмотры
«Астана медицина университеті» КеАҚ
В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Реанимацияның патофизиологиялық негіздері. Реанимациядан кейінгі аурулар
Орындаған: Базарбаев Е.Х.
Топ: 330 ЖМ
Тексерген: Ермуратов Н.М.
Нұр-Сұлтан 2019
Жоспар:
- Кіріспе бөлім
- Реанимация жайлы жалпы түсінік
- Негізгі бөлім
- Өлім және оның кезеңдері (преагония, агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім)
- Реанимацияның патофизиологиясы
- Постреанимациялық асқынулар және оның жүру кезеңдері
- Қорытынды бөлім
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мақсаты:
Реанимацияның патофизиологиясын түсіну
Міндеттері:
- Өлімнің кезеңдерін түсіну және ажырата білу
- Реанимацияның негізгі мәселелерін талдау
- Постреанимациялық кезең және оның асқынуларын түсіну
- Алған білімдерді практикада қолдана білу
Өзектілігі:
Реанимациялық және постреанимациялық кезеңдер аясында ой-өрісін кеңейту
Кіріспе
1.1 Реанимация туралы түсінік
Реанимация – (лат. re – қайта және animation - жандандыру) организмнің тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіруі. Организмді тірілту терминальдық жағдайларда, оның ішінде клиникалық өлім кезінде қолданылады. Әдетте, организмнің тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды. Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде өмір мен өлім арасында белгілі бір аралық жоғалтпайды. Мұны клиникалық өлім деп атайды. Бұл кезде тыныс алуға жүрек соғысы, шартты және шартсыз рефлекс байқалмайды, клиникалық өлім 5-8 минутқа созылады. Организмді тірілту үшін ең алдымен қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасалынады. Сондай-ақ, қан құю, жүректі электрмен дефибрилляция жасау шаралары да жатады. Организмді тірілтуге бағытталған негізгі шаралар түріне қарай:
- жүрек-өкпелік,
- жүрек, тыныс алу реанимациясы деп бөлінеді.
Клиникалық өлімнен организмді тірілту неғұрлым ерте (8 минуттан) басталса және қолдан тыныс алдырумен жүрекке массаж дұрыс жасалса нәтижелі болады. Бұрын ауырмаға адам кенеттен не кездейсоқ себептермен ( мысалы, электр тогы соққанда, наркоз көп мөлшерде берілсе, әр түрлі себептермен жүрегі тоқтап қалғада, т.б.) клиникалық өлімге ұшыраған жағдайда организмді тірілту жиі қолданылады.
Өлімнің жалпы 2 сатысын ажыратады: терминалды күй және биологиялық өлім.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1Ақтық жағдайлардың кезеңдері мен олардың клиникалық көріністері
Ағзаның өлу сатыларын (преагония, агония, клиникалық өлім) терминалды (ақтық) жағдайлар деп айтамыз.
Преагония - жанталасуға дейінгі жағдай. Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылулары мен гемодинамиканың бірден нашарлауымен сипатталады. Науқастың есі әлі сақталған, бірақ шатасқан, терісі боз немесе көгерген, пульс жіп тәріздес, жүрек соғуы жылдам (тахикардия). Артериялық қысым 80 мм с.б. дейін төмендейді. Дем алысы жиіленеді, үстірт болады. Көз рефлекстері сақталады, көзқарашықтары тарылған, жарыққа реакциясы әлсіз.
Осы фазаның ұзақтығы бірнеш еминуттан бірнеше тәулікке созылады.
Агония-жанталасу. Агония кезінде естің болмауы мүмкін, бірақ емделуші естуі мүмкін. Тері жамылғылары бозарады, акроцианоз, бастың мәрмәр түсті болуы немесе цианозы байқалады. Пульс тек ірі (ұйқы) артерияларда ғана анықталады, брадикардия. Тынысы сирек, ырғақсыз, «тынысты жұтады» (атоналды тыныс); Көз қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз; тырысулар, еріксіз зәр, нәжіс бөлінуі мүмкін.
Бұл кезең бірнеше минуттан бір неше сағаттарға дейін созылады.
...