Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Иммунитет дегеніміз не және оны қалай көтереміз?

Автор:   •  Апрель 7, 2022  •  Эссе  •  1,359 Слов (6 Страниц)  •  276 Просмотры

Страница 1 из 6

   

Қазақстан  Республикасының  Білім  және  Ғылым  министрлігі

[pic 1]

ЭССЕ

Тақырыбы:  «Иммунитет дегеніміз не және оны қалай көтереміз?»

                                       

                                                        Орындаған: Мауленкулова М.

                                                        Тобы: 1505-29

                                                        Қабылдаған: Маметова А.

 

Шымкент  

2022 ж

      Иммунитет дегеніміз организмнің зиянды әсерлерді немесе бүлдіруші уларды қабылдамау қасиеті. Әрине бұндай қасиет организмнің жеке басының тіршілік ортасына бейімделуіне, сол ортадағы зиянды микроорганизмдер, вирустар және олар бөлетін түрлі бүлдіруші қасиеті бар заттарға қарсы тұра алатындығына тікелей байланысты. Осындай өзара байланыстың, дәлірек айтқанда күрестің нәтижесінде аса күрделі биологиялық процестер басталады. Сөйтіп, организмде қорғаныштық қасиет арта түседі, оның түрлі зиянды микроорганизмдерді, вирустарды құртатын және улы заттардың уытын жойып, ыдырататын қабілеті күшейеді. Иммунитет түзілуде бүкіл бір тұтас организм қатысады әрине бұнда басқарушы және бағыттаушы—орталық нерв жүйесі. Ал осы иммунитет деген не? Ол адамда қалай қалыптасады? Қайдан келеді? Осы тақырыпты қысқаша тарқата кетейін.    

     Үнемі шаршап, ұйқысы келіп, басы мең-зең болып жүретін, сәл салқын тисе тұмауратып қалатын адамдарды көргенде, сіздің иммунитетіңіз төмен екен деп айтып жатамыз. Иммунитет - бұл ағзаның зиянды бактериялар мен вирустардың шабуылына қарсы тұру қабілеті. Адамның иммундық жүйесі - бұл мамандандырылған жасушалардың күрделі жүйесі. Ол организмнің денсаулығын қорғауға, бөгде патогенді микроорганизмдерге, бактерияларға, сүзгіден өткен вирустарға, паразиттерге және т.б. қарсы тұра алады. Тіпті қатерлі ісік ауруының алдын алады. Сондықтан адам ағзасында күшті иммунитет болса ауруға оңай жеңілмейді. Көптеген адамдар иммунитет көзі  ішектің маңызды ас қорыту ағзасы екенін біледі. Ол адам ағзасының маңызды иммундық органы болып табылады. Т- иммундық жасушалардың 70-пайыздан астамын құрайды. Мысалы, Т-жасушалары, В-жасушалары және табиғи өлтіруші жасушалар ішекке шоғырланған. Ішек, ас қорытудың маңызды ағзасы ғана емес, сонымен бірге маңызды иммундық орган болып табылады. Ішкі жағдайының адам денсаулығына қаншалықты маңызды екендігі өзінен-ақ айқын коруге болады.  

       Иммунитет дегеніміз — ағзаның антигендік қасиеті бар бөгде заттарды қабылдамауы, әртүрлі инфекциялық ауру қоздыратын бактериялар мен вирустарға, антигендік қасиеті бар бөгде заттардың әсерлерінің ықпалына ағзаның қарсы тұруы дедік. Енді қандай жағдайда иммунитет өз функциясын толық орындай алмайды деген сұраққа тоқталайын. Иммунитет төмендеген кезде, оның қорғаныштық қызметі әлсірейді. Ал, иммунитет төмендеудің себебі:  

1) Психологиялық шиеленіс. Мазасыздық пен психологиялық шаршау нервке кері әсерін тигізеді. Ал вегетативті нерв эндокриндік жүйемен және иммундық жүйемен тығыз байланысты. Ұзақ уақыттық күйзелістен туындаған ауруларды емдеу қиынға соғады.  

2) Физикалық әлсіздік. Ұйқының жеткіліксіздігі немесе шамадан тыс шаршау психологиялық стресс ретінде вегетативті нервтердің жүктемесін арттырады. Сонымен қатар эндокриндік жүйеге және иммундық жүйеге кері әсер етеді.   3) Теріс пессимизм. Тым теріс және пессимистік көзқарас иммунитеттің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан жайлы көңіл-күйді сақтау өте маңызды.  

4) Тамақтану теңгерімсіздігі. Уақытылы дұрыс тамақтанбау, диетадағы шатасулар, теріс тамақтану т.б. дененің иммундық жүйесіне кері әсер етеді.   5) Жеткіліксіз жаттығулар. Көп отыру, қозғалмау, дене жаттығуларының жеткіліксіздігі физикалық күштің төмендеуіне әкеледі. Дене күші қалыпты болмағандықтан шаршауға қарсы тұру қиын. Сондықтан иммунитет төмендейді.  

...

Скачать:   txt (16 Kb)   pdf (189.7 Kb)   docx (123.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club