Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы жəне оның нəтижелері

Автор:   •  Март 10, 2022  •  Эссе  •  1,199 Слов (5 Страниц)  •  451 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы жəне оның нəтижелері. 2010 жылғы 1- 2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммиті – бүкіл əлемдік маңызы бар оқиға.

1992 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ның мүшесі болып қабылданды. Бұл тарихи оқиға еліміздің 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісіне негізделген жалпыеуропалық үрдістерге еркін қатысуға, тəжірибе алмасуға деген ұмтылысын көрсетеді. Қазақстан ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда , ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы экономикалық жағдайға қатысты , аймақтың нарықтық экономикаға өтуіне қатысты , экономикалық реформалар жүргізу ,адам құқықтарын қорғау өңірлік қауіпсіздік салаларында бірқатар семинарлар өткізді. ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында өзара түсіністік меморандумына негізделіп , бұл ұйымның демократиялық институттары мен адам құқықтары жөніндегі бюросы Қазақстанда сайлау заңнамасын , соттық жүйені реформалау сияқты жұмыстарды атқаруда. Жылдан жылға ұшталып келе жатқан Батыс-Шығыс шиеленісі диалогында Қазақстан делдалдығы бағасыз.

Төрағалық жөніндегі шешім ЕҚЫҰ мүше мемлекеттерінің Қазақстанның əлемдік процестегі позитивті рөлі , оның құқықтық , демократиялық мемлекет құруға шынайы ұмтылыстарын ресми бағалауы болды. ЕҚЫҰ-ның тарихында бұл ұйымға мұсылман халқы басым түркі азиялық ел басшылық жасауда. ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қазақстан күн тəртібіне мəдениеттер мен діндер арасындағы үндестікті жақсарту,шыдамдылықты нығайту мен дискриминацияның барлық түрлерімен күресу сияқты мəселелерді қосуда .

Қазақстан ЕҚЫҰ-ның реформаларының басты субьектісіне айналды , өйткені ол – ЕҚЫҰ дағы батыстың да , шығыстың да елдерімен жақсы қарым – қатынастағы жəне ешқайсысымен қайшылығы немесе территориялық таластары жоқ жалғыз жəне ішкі саясаты ұлтаралық жəне конфессияаралық тұрақтылықпен сипатталатын бірден-бір мемлекет.Қазақстанның төрағалығы ЕҚЫҰ-на ең алдымен ұлтаралық,дінаралық,тіларалық келісімнің үздік үлгісін береді.Сонымен қатар,Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа да игі ықпал жасауда.

Қазақстан аса ауыр дағдарыс жағдайында тəуелсіздік алды. Сондай-ақ, Қазақстан Орталық Азияда көшбасшы болып табылады, бұл ретте Республика өңірдің тұрақтылығын нығайтуға үлес қосуда. Мемлекет əлемдік аренада да үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Мұны Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі дəлелдейді .

Қазақстан осы ұйымдағы өз жолының басынан бастап ЕҚЫҰ кеңістігінде қауіпсіздікті нығайту үшін белсенді түрде əрекет ете бастады. Сондай-ақ, өңірлік жанжалдардың алдын алу жəне Еуразиядағы бейбітшілікті қолдау үшін Н.Ə.Назарбаев арнайы күштер құруды ұсынды.

ЕҚЫҰ бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған өңірлік ұйымдардың ішіндегі ең ірісі болып саналады. Ол қауіпсіздік жəне қақтығыстардың алдын алу мəселелерімен айналысады. ЕҚЫҰ-ға Еуропа континенті, Күнгей Кавказ, Орталық Азия жəне Солтүстік Америка елдері кіреді. Ұйым Жерорта жəне Азия мемлекеттерінің серіктестерімен тығыз жұмыс істейді. Осылайша, ЕҚЫҰ Ванкуверден (Канада) Владивостокқа (Ресей) дейінгі географиялық кеңістіктегі еуроатлантикалық жəне еуроазиялық қоғамдастықты біріктіреді.

ЕҚЫҰ — ның негізгі қағидаты - бұл үш негізгі бағыттың: əскери-саяси, экономикалық, экологиялық жəне гуманитарлық өзара тығыз байланысты қамтамасыз ете отырып, қауіпсіздікке деген кең жəне жан-жақты көзқарас. Адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Экономика жəне қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.

Саммит Астана қаласында 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өтті. Аталған саммитке ұйымның 56 мүше – мемлекетінен жəне 12 əріптес – мемлекеттен , оның ішінде БҰҰ, НАТО, ТМД жəне т. б. 2,5 мыңға жуық делегат жиналды.

Саммиттің негізгі нəтижелерін жəне тұтастай алғанда, Қазақстанның

...

Скачать:   txt (18.7 Kb)   pdf (60.2 Kb)   docx (12.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club