Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оттегін алу және оның қасиеттерімен танысу. Озон

Автор:   •  Февраль 19, 2023  •  Контрольная работа  •  898 Слов (4 Страниц)  •  264 Просмотры

Страница 1 из 4

№3 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Оттегін алу және оның қасиеттерімен танысу. Озон.

Жұмыстың мақсаты: Оттегін алу және жинау жолдарымен танысу, оның қасиеттерін сынау. Озон алу және оның қасиеттерімен танысу.

Құрал-жабдықтар: штатив, сынауықтар, шыны ыдыстар, техникалық таразы, шыны түтіктер, химиялық стақандар, кәрлен тостағанша, резеңке тығындар, спирт шамы, сіріңке.

Реактивтер: Бертолле тұзы, марганецтің диоксиді, марганец қышқыл калий, сынап оксиді, сутегі пероксиді, натрий, калий, темір, ағаш көмірі, күкірт, қызыл фосфор.

Жұмыстың барысы:

№3-1. Оттегін Бертолле тұзынан алу. Тәжірибе жасау үшін құрғақ таза сынауыққа 1:2 шамасындай Бертолле тұзын салып, сынауықты штативке көлбеу бағытта бекітіңдер. Одан соң сынауықты қыздырыңдар. Әуелі тұз балқып, артынан қайнаған сияқтана бастайды. Бұл-оттегінің бөлініп, тұздың айырыла бастағанының алғашқы белгісі. Сынауықтың аузына шала жанған шырпыны жақындатыңдар. Оттегі бөлінген болса, шырпы лап етіп жанады. Таза Бертолле тұзын айыру үшін шамамен 400оС-қа дейін қыздыру керек. Марганецтің диоксидін қосып, Бертолле тұзының айырылуын тездетуге болады. Онда қоспаны 240оС-қа дейін қыздырса жеткілікті. Құрғақ таза сынауыққа жоғарыдағыдай мөлшерде Бертолле тұзын салыңдар. Тұзды балқығанша қыздырыңдар. Балқыған тұзға алдын ала күйдірілген марганецтің диоксидінен азырақ салып, ағаш жаңқасының қызыл шоғын сынауықтың аузына апарып байқаңдар. Сонда оттегінің тез бөлініп жатқанын байқайсыңдар. Бұл реакцияда марганецтің диоксиді шығынсыз бастапқы мөлшерде қалады. Бірақ өздігінен баяу жүретін реакцияны тездетеді. Бертолле тұзымен жұмыс істегенде оны марганецтің диоксидінен басқа реактивтермен араластырмаңдар. Мысалы, көмір, күкірт немесе қағаз қиқымдары араласқан Бертолле тұзы қыздырғанда қатты қопарылыс береді. Сондықтан Бертолле тұзымен тәжірибе жасағанда өте сақ болыңдар. Тәжірибе жасайтын ыдыс өте таза болсын. Реакция теңдеуін жазыңдар.

№3-2. Оттегін марганец қышқыл калий тұзынан алу және оттекті жинау әдістері Ол үшін сынауыққа 2-3 г марганец қышқыл калий тұзын салып, штативке көлбеу етіп бекітіңдер. Сынауықтың ауыз жағы сәл көтеріңкі болсын. Сонан соң сынауықты газ шығатын түтігі бар тығынмен бекітіңдер. Сынауықтың ауыз жағы сәл көтеріңкі болсын. Сонан соң сынауықты газ шығатын түтігі бар тығынмен бекітіңдер. Түтіктің сыртқы имек ұшын ішінде суы бар кристалдағышқа батырып, іші суға толтырылған сынауықты кигізіңдер. (Тек естеріңде болатыны, сынауықтағы марганец қышқыл калийді біраз қыздырғаннан кейін оттегі бөлініп, сынауықтың ішіндегі ауаны ығыстырдыау деген кезде, суы бар төңкерілген сынауықты газ шығатын түтікке кигізіңдер). Сөйтіп, оттегімен сынауықты немесе цилиндрді толтырып алыңдар, себебі оны кейінгі тәжірибелерге пайдаланасыңдар. Марганец қышқыл калийді қыздырғанда реакция бір қалыпты жүреді. Тәжірибеге қажетті құралды құрастыру онша күрделі емес. Біріншіден, марганец қышқыл калийді қыздырғанда оттегімен бірге шығатын алынған заттың майда кристалдары болады, ол кейде түтікті бекітіп тастауы мүмкін. Ол өтіп кетпес үшін сынауықтағы тығынның алдына мақта салып қойған жөн. Екіншіден, алынған зат түгелдей пайдаланылмайды. Оттегінің белгілі бір бөлігі марганецтің (ІV) және калийдің оксидтерінде қалып қояды. Егер оттегін жоғарыда айтылғандай су үстінде жинаған жағдайда, марганец қышқыл калийді қыздыруды тоқтатқан кейін, газ шығатын түтікті судан тез шығарып алу керек, Әйтпесе, қыздырылған сынауықтың ішіне су еніп кетеді. Реакция теңдеуін жазыңдар.

№3-3. Сутегі пероксидінен оттегін алу. Ол үшін аузы кеңдеу колба немесе стақан алып, ішіне бірнеше тамшы сутегі пероксидін құйыңдар. Үстіне бір түйір марганец оксидін немесе марганец қышқыл калий тұзын (катализатор ретінде) салыңдар. Реакция лезде оттегін бөлу арқылы жүреді. Бұл экзотермиялық процесс болғандықтан, температураның көтерілуінен сұйықтық қайнағандай бұрқырап кетеді. Бөлінген оттегін шала жанған шырпымен тексеріп көріңдер. Реация теңдеуін жазыңдар. Оттегінің химиялық қасиеттері.

№3-4. Заттардың оттегінде жануы. Заттар оттегінде ауаға қарағанда әлдеқайда күшті жанады. Кейбір ауада жанбайтын заттар оттегінде жан-жаққа ұшқын шығарып, жақсы жанады. Мысалы, сұйық оттегі құйылған сынауыққа ағаш жаңқасы лаулап жанады. Ұсақталған заттардың қайсысы болмасын газ күйіндегі немесе сұйық күйіндегі оттегінде өте жақсы жанады, өйткені олардың оттегімен жанасатын беттері үлкен болады.

...

Скачать:   txt (12.7 Kb)   pdf (74.9 Kb)   docx (10.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club