Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дәлелді мейіргерлік тәжірибені қалыптастыру

Автор:   •  Январь 1, 2022  •  Реферат  •  790 Слов (4 Страниц)  •  662 Просмотры

Страница 1 из 4

Дәлелді мейіргерлік тәжірибені қалыптастыру

Кіріспе
Медициналық қызмет көрсету саласындағы жылдам өзгерістер және күрделі емдеу мейіргерлердің болжауына өзгеріс әкеледі. Мейіргерлерді дамытудағы негізгі элементтер зерттеу және ғылыми дәлелді клиникалық тәжірбие саласындағы білімді ілгерілету болып табылады (Skela-Savič, et al., 2016). Бұл мейіргерлер тәжірибесінде және мейіргерлік білім беруде көрінеді. Мейіргер ісі тәжірбиесіне қойылатын талаптар күн сайын жаңарады және бұл мейіргер ісі бойынша білім берудің қолданыстағы модельдері мен мазмұнын қайта қарастыруға мәжбүрлейді. Ғылыми білім мен дәлелді тәжірибе мейіргерлерді оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Әдебиеттер мейіргерлердің біліміне мейіргерлік зерттеулер үлкен әсер ететіндігін көрсетеді және бұл ғылыми дәлеледі клиникалық тәжірбиесінің дамуына және пациенттерді емдеу нәтижелерінің жақсаруына ықпал етеді.Мейіргер ісінде дәлелді клиникалық тәжірбие қағидаттарын қолдану өте пайдалы болса да, ол әлі де сирек қолданылады. Мұндай тәжірбиеден бас тартудың себептері әртүрлі дегенмен халықаралық деңгеймен салыстыруға болады, яғни білім мен тәжірибенің болмауы, жаңа тәжірбиелерді институционалдық қолдаудың жеткіліксіздігі, кәсіби және ғылыми әдебиеттерді оқуға уақыттың жетіспеушілігі, басшылық тарапынан ресурстар мен қолдаудың болмауы, өзгерістерді тәжірбиеде енгізуге өкілеттіктің болмауы және т.б. Зерттеулер сонымен қатар мейіргерлер әлі күнге дейін зерттеу жұмыстарын кәсіби қызметтің ажырамас бөлігі деп санамағанын көрсетеді . Black(2015) және оның әріптестері (2015) дәлелді клиникалық тәжірбиені кеңірек қолдану жолындағы кедергілердің себептерін, сондай-ақ мейіргерлердің күнделікті жеке және ұйымдастырушылық тәжірибесінде білімнің берілуі мен қолдануын зерттейді. Мейіргерлер үшін жеке кедергілер көбінесе зерттеу үдерісі туралы білімнің жеткіліксіздігінде және деректерді сыни бағалауда, сондай-ақ жүргізілген зерттеулерде, зерттеуді «қосымша жұмыс» ретінде қабылдауда,тәжірибені өзгерте алмау сезімінде жатыр. Анықталған ұйымдастырушылық кедергілерге жаңа идеяларды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз уақыт, қолданыстағы зерттеулерге нашар ұйымдастырылған қол жетімділік және зерттеуге байланысты білім беру құралдарының болуы жатады. Аталған барлық кедергілер мейіргер ісінің дамуын тоқтатқан жоқ және тоқтатпайды. Ғылыми дәлелді клиникалық тәжірибенің басталуы 19 ғасырда Флоренс Найтингейл пациенттердің денсаулығы үшін санитарияның маңыздылығын атап өткен кезде болғанын еске салған жөн. Ол ауруханалардағы өлім-жітімді және аурулар мен жарақаттарға байланысты өлім-жітімді тіркеу үшін денсаулық сақтау статистикасы бойынша құжаттамамен жұмысын жалғастырды. Бұл күндері мейіргер студенттеріне дәлелді клиникалық тәжірибиемен тығыз байланысты тәжірибе мен теория туралы білу әдеттегі тәжірибе мен мақсат болып табылады. Бұл тәжірибе соңғы онжылдықтарда пациенттерге оңтайлы күтім жасаудың негізгі құрамдас бөлігі болды.

Теориялық негіздері
Мейіргер ісі – бұл ғылыми пән және зерттеу мейіргерлік оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Зерттеу үдерісі жаңа білім алу, пациенттерге медициналық көмек көрсетуді жақсарту және ғылыми тәптіп ретінде мейіргер ісін үнемі дамыту үшін қажет. Осы мақсатқа жету үшін мейіргерлерге тиісті қолдау қажет - жаңа білімнің қолжетімділігі мен жүйенің зерттеуге бағдарлануы
Мейіргерлік зерттеу ортасы

Көптеген зерттеулер клиникалық жағдайда мейіргерлік зерттеулердегі кедергілерді жоюға бағытталған. Ең жиі кездесетін кедергілер - зерттеу үдерісін білмеу, уақыт пен ресурстардың жетіспеушілігі, зерттеу материалдарына қол жеткізудің, сапалы дәлелдемелерді анықтау және оларды түсіндіру үшін білімнің, статистика, құзыреттер туралы білімнің, ағылшын тілін білу, компьютерлік және электрондық сауаттылықтың болмауы.Осы кемшіліктердің барлығы клиникалық ортада ғылыми дәлелді клиникалық тәжірибені жүзеге асыруға айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар авторлар  зерттеуді қалайтын мейіргерлерді көтермелеу мен қолдаудың маңызды элементі басшылық деп санайды. Басшылық зерттеулерді әзірлеуге және енгізуге теріс әсер етуі мүмкін, себебі ол қолайлы даму стратегиясын ұсынбайды, сонымен қатар нашар ұйымдастырылған, дәлелді тәжірибеге негізделген тәжірибені енгізудің дамыған стратегиясының болмауы, білімді менеджерлердің болмауы және т. б. Олар басқаруға қарамастан, клиникалық жағдайда әртүрлі мамандықтар арасындағы зерттеулерге қатысты айырмашылықтардың болуын атап өтеді. Алайда, кәсіби мейіргерлер басшылық тарапынан кедергілердің болуына байланысты зерттеу жүргізу үшін қаржылық қолдау ала алмайтыны шындық.Клиникалық мекемелер мен жоғарғы оқу орындарының ынтымақтастығы, білім мен материалдық ресурстар, зерттеу қажеттілігі және зерттеулерге деген көзқарас, мейіргер болуды шешудің себептері, басқарушылық қолдау және қаржылық ресурстар, ресми және бейресми білім, білімді қолдану және зерттеу үдерісін түсіну – мейіргерлердің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға ықпал ететін және сонымен бірге тежейтін негізгі факторлар.
Талқылау
Мейіргер ісін ғылыми пән ретінде үнемі дамытудағы алғашқы қадам – жоғарғы оқу орны мен клиникалық орта арасында берік коалициялар қалыптастыру. Берік серіктестік мейіргерлерге тәжірбиелік және академиялық білімін арттыруға, кәсіби дағдыларын кеңейтуге және тереңдетуге және өмір бойы оқыту тұжырымдамасына енуге мүмкіндік беретін тұрақты жүйелер қалыптастырады. Сондай-ақ, сарапшылардың ұсыныстары мейіргер ісі саласындағы жетілуге қол жеткізу мақсатында академиялық және клиникалық орта ынтымақтастығының осы бағытына жатады.Skela-Savič және оның әріптестері (2017 жыл) мейіргерлік білім беруді түсінуге мейіргерлік күтім континуумының 4 санаты бойынша еуропалық мейіргерлер федерациясының (ЕМФ) матрицасы өте маңызды үлес қосатынын еске салады, ол медициналық қызмет көрсетушілердің төрт санатын анықтайды.ЕМФ құзыреттерінің құрылымы мейіргерлердің ресми біліктілігін қамтамасыз ететін мәселелерді анықтайды. Сондай-ақ, зерттеу солардың бірі болып табылады. Екінші жағынан, көптеген зерттеулер бізге кедергілердің қайда екендігі және оларды жою үшін қандай қадамдар жасау керектігінің нақты тізімді көрсетеді. Мейіргерлер әлі күнге дейін білімдерінің көп бөлігін мейіргерлердің жеке тәжірибесінен, конференцияларда, әріптестерден және басқа мамандардан алады деп хабарлайды. Сондықтан кедергілерді жою әлі де көп жұмысты қажет етеді. Мейіргерлер ақпараттандырылуы, оқытылуы керек және оларға ғылыми дәлелді клиникалық тәжірибені енгізуде қолдау қажет.
Қорытынды
Мейіргерлер - мейіргердің дәлелі клиникалық тәжірибесі мамандықтың, пациенттердің болашағы екендігімен келіседі. Алайда, олар кездесетін кедергілерге байланысты клиникалық жағдайда зерттеу үдірістеріне сирек қатысады. Осыған қарамастан, олар мейіргер ісін ғылыми пән ретінде дамыту теория мен тәжірбиенің ынтымақтастығын қажет ететінін түсінеді. Бұл идеялар туындайтын және іске асырылатын тиімді білім үшбұрышын қажет етеді. Сондықтан мейіргер ісі, дамуы мен сапасы туралы айту өте маңызды.

...

Скачать:   txt (12.6 Kb)   pdf (62.7 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club