Ұжымды қалыптастыру мәселелерін зерттеудің тәжірибедегі қолданылуы
Автор: nazerek • Май 14, 2018 • Курсовая работа • 8,773 Слов (36 Страниц) • 1,633 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................
I тарау.Ұжымды қалыптастыру мәселелерін зерттеу теориялық негіздері
1.1 Ұжым, ұжымды қалыптастыру мәселелері
1.2 Студенттер ұжымын қалыптастыру кезеңдері, тұлға дамытуда және тәрбиелеуде ұжымды қалыптастырудың мәні
II тарау. Ұжымды қалыптастыру мәселелерін зерттеудің тәжірибедегі қолданылуы
2.1 Оқыту процесінде ұжымдық технологиялар
2.2 Студенттер арасында ұжымды қалыптастыру мәселелері бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................
КІРІСПЕ
Ұжым қандай да бір әлеуметтік-экономикалық формацияның туындысы емес, ол адамдар индивидтерінің нормалық жиынтығының құбылысы болып саналады, іскелік пен жолдастықтың өзара әрекетінің, әртүрлі мәселелерді нәтижелі шешудің жалпыға бірдей формасы ретінде адамзат өркениетінің құнды әлеуметтік жетістігі болып табылады. Б.Т . Лихачевтің пікірінше, ұжым адамзаттың бірлесіп өмір сүруінің обьективті формасы мен қоғамдық құбылысы ретінде өркениеттік мәнге ие, жалпы және мәңгі категория. Сондықтан да, зерттеу тақырыбымыз - ұжымды қалыптастыру мәселесін жан- жақты қарастыру, әлемде бәсекеге қабілетті бірлескен топтарды құрастыру мен жетілдіру үшін әрқашан да өзекті болып табылады.
Ұжымды қалыптастыруды педагогикада тәрбиенің мақсаты әрі маңызды құралы ретінде қарастырамыз. Тәрбие үрдісінің мазмұны жан-жақты және дамыған тұлғаның рухани, адамгершілік, эстетикалық, еңбектік, әлеуметтік қасиеттерден құралады. Тәжірибе жүзінде бұл мазмұн өзіне барынша сәйкес келген ұжымға өтеді. Егер бұл сәйкестік бұзылса, онда тәрбие қиын және шешілмес дағдарысқа тап болады. Ұжымды қалыптастыру арнайыкезеңдерден және сатылардан өтіп бірақ ұйымдасады.
Алғаш рет ұжымды қалыптастыру сатыларын ғылыми түрдеанықтап негіздегендірдің бірі А. С. Макаренко болды. Ол тәрбие ұжымын дамытуда педагогтың міндетті талаптарынан ұжымның талаптары тұсында жеке тұлғаның еркін талаптарының қалыптасу процессі жатады деп атаған.
Қазіргі кезде ұжымды дамыту барысында кезеңдерді зерттеумен көптеген зерттеушілер айналысады. Л.И.Новикова бойынша ұжым дамуының үш кезеңі бар: біріншіден, ұжымның қалыптасу кезеңі, екіншіден, ұжым тұлғаны тәрбиелеу құралына айналуы, үшіншіден, кез келген ұжым тәрбиеленушінің әлеуметтік тәжірибесін коррекциялау және шығармашылық жеке тұлғалық ерекшеліктерді дамыту.
Соңғы жылдары ұжым деп жоғары ыңтымақтастық деңгейі, интегративті қызмет, ұжымдық бағыты бар адамдар тобын ғана атайтын болды (Я. Л. Коломинский, А. В. Петровский, Л.И.Уманский)
Топтың аса негізгі және маңызды қасиеті оның әлеуметтік психологиялық жетілгендік деңгейі. Сол сияқты жетілгендіктің жоғары деңгейі топты жаңа әлеуметтік құрылым ретіндегі ұжымдық топқа айналдырады.
Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ұжымды қалыптастыру мен оның мәселелерін зерттеу.
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
- Ұжымды қалыптастыру мәселелері жөнінде психологиялық- педагогикалық әдебиеттерді зерттеу;
- Ұжым, ұжым мен тұлға арасындағы байланыс; - Ұжымды қалыптастыру жөнінде сипаттама беру;
- Ұжымды қалыптастырудың педагогикалық теориясы;
- Ұжымның қалыптасу кезеңдері мен олардың сабақтастығын зерттеу; - Студенттер ұжымы жөнінде сипаттама беру - Ұжымның қалыптасу
...