Оңтүстік Кореяның қарулы күштерді қалыптастыру кезеңі (1945-1950)
Автор: Koreandream18 • Май 2, 2018 • Реферат • 1,083 Слов (5 Страниц) • 878 Просмотры
Оңтүстік Кореяның қарулы күштерді қалыптастыру кезеңі (1945-1950)
1945 жылдың соңында АҚШ әскери басқаруымен Кәріс Қарулы Күштері департаменті құрылып, әскери-әуе базалары құрылысы басталды, әскери кадрларды дайындау және қайта даярлау үшін мектептер ашылды. 1948 жылдың тамызында Құрама Штаттар Оңтүстік Кореямен әскери келісім жасасты, оған сәйкес Оңтүстік Корея американдық әскери командирлерді американдық қару-жарақ пен әскери техниканы алу үшін аэродромдар, порттар және әскери қондырғылармен қамтамасыз етті[1]. Оңтүстік Корея қарулы күштерінің құрылуы ресми күні 1948 жылы 30 қарашада «Ұлттық армия құру туралы» заң құрылғанда және əскерге шақыру жүйесі енгізілгенде, жарияланды. 1949 жылы Құрама Штаттар АҚШ-тың қару-жарақтарын, әскери техникаларын, сондай-ақ Оңтүстік Корея армиясының командирлерін дайындауды қамтамасыз ететін Оңтүстік Корея үкіметіне әскери көмек көрсетудің алғашқы бағдарламасын қабылдады. Тек 1949 жылы АҚШ Оңтүстік Корея армиясына қару-жарақ пен әскери техниканы 190 миллион долларға (соның ішінде 4 900 әскери машиналар, 105 мың винтовка және 2000 американдық пулемет, 2 мың қарсы танк гранатометр «базука» және т.б.) 1949 жылғы маусымда Оңтүстік Кореядағы АҚШ - тың әскери басқаруының иелігінде болған әскери объектілер ресми түрде Оңтүстік Корея қарулы күштерінің қарамағына берілді, олардың жалпы саны 100 мыңнан асты. (50 мың полицияны есептемегенде). 1950 жылдың қаңтарында Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттары арасында американдық «әскери миссияны» және “ Оңтүстік Корея Қарулы Күштерін жауынгерлік даярлау” жөніндегі әскери кеңесшілер институтын құру туралы келісім жасалды (олардың жалпы саны 500-ге жуық офицер-нұсқаушылар)
[1] https://ru.wikipedia.org/wiki/Вооружённые_силы_Республики_Корея
Солтүсік Кореяның әскери өнеркәсібінің пайда болуы.
Бірінші солтүстік корейлік әскерилендірілген бөлімшелер өткен ғасырдың 30-шы жылдарының басында Қытайда құрылды. Коммунистердің жетекшілері мен корейлер жапондық басқыншыларға қарсы күресті. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында солтүстік корей халқының армиясы 188 мың адамды құрады. Оның командирлерінің бірі КХДР-ның негізін қалаушы Ким Ир Сен болды және ол елді елу жыл басқарған Ким әулетінен шыққан бірінші адам болды.
Соғыс біткеннен кейін Корея 2-ге бөлінді. Солтүстік бөлігі КСРО – ның ықпалында ,ал оңтүстік бөлігі АҚШ-тың ықпалында болды. 1950 жылдың 25 маусымында Солтүстік Корея әскерлері 38-ші параллельді кесіп өтіп, оңтүстікке көшті. Бастапқыда бұл науқан Солтүстік үшін өте табысты болды: Сеул үш күннен кейін құлады, ал кейіннен Коммунистердің қарулы күштері Оңтүстік Кореяның 90% аумағын басып алды.
1.1.Оңтүстік Корея Республикасының Қарулы Күштері.
Соңғы 20 жылда Оңтүстік Корея кез келген мемлекеттің армиясына төтеп бере алатындай бірінші дәрежелі қарулы күштерді құрды. 2012 жылы Оңтүстік Кореяда барлығы 655 мың әскер болды. Корея Республикасының қарулы күштері туралы әңгіме айтатын болсақ, біз әрқашан оның ресми түрде мемлекеттік көршісі - Солтүстік Кореямен (КХДР) соғыс жағдайында екенін есте сақтауымыз керек. Корей түбегін бөліске салған екі мемлекеттің қарым-қатынасы ешқашан достық қарым-қатынаста болмады. 1950-1953 корей соғыс бастала салысымен Солтүстік Корея өзінің оңтүстік көршісінің «жас» жасақтарын сәттілікпен жеңді. Осы екі көршілес мемлекеттердің шабуылының ұзақ тарихы және КХДР-мен жалғасып келе жатқан қарсыласу елдегі еркектерге міндетті әскери қызмет көрсету үшін Корея Республикасының бюджетінен үлкен қаражаттың жұмсалуына (15% -ға дейін) себеп болып отыр. Конституцияға сәйкес, барлық Оңтүстік Корея азаматтары әскерде қызмет етуге міндетті. Сонымен қатар жас шамасы 18 жастан 35 жасқа дейін болуы керек. Соғыс уақытында әскери қызмет 18 жастан 45 жасқа дейінгі
...