Жер нарығының жалпы моделі
Автор: Адиль Омарханов • Ноябрь 1, 2022 • Лекция • 1,510 Слов (7 Страниц) • 240 Просмотры
8-дәріс. Жер нарығының жалпы моделі
Дәрістің мақсаты: жер нарығының жалпы теориясын оқып-үйрену.
4.1 Жер нарығы түсінігі
4.2 Жер нарығы өзіндік реттестіру жүйесінде
4.3 Жер нарығының субъектілері мен объектілері
4.4 Жер нарығының функциялары
4.5 Қазіргі жағдайдағы жер нарығының әлеуметтік-экономикалық және саяси негіздері
4.6 Жер нарығының сегменттері
4.1.Жер нарығы – заңмен рұқсат етілген жер учаскелерімен жіне жер пайдалану құқығымен мәмілелердің жиынтығы.
Жер нарығының негізгі мазмұны – ҚР-ның жер заңдарымен рұқсат етілген кәсіпкерлік мәмілелер жиынтығы болып келетін;
-жер учаскелерін, жер үлесін және жер пайдалану құқығын алып-сату;
-жерді жалға беру;
-жер учаскелерін және жер пайдалану құқығын кепілге беру;
-мемлекеттік қажеттілікке жер учаскелерін сатып алу болып табылады.
Жер нарығының ерекшеліктері. Біріншіден, нарықтық қатынастар жүйесі арқылы әр мәліметте жер қоры ақпараттары уақытынан бұрын беріледі. Екіншіден, жер жалға беріледі, белгілі ьір талаптарға сай сатылады, кепілге қойылады. Үшіншіден, жер учаскесінің басым көпшілігінде жер пайдаланушы (жер иеленуші) жиі ауыспайды.
Нарық жүйесінде жер нарығы екі рөл ойнайды:
Бір жағынан, ол жерді негізгі құндылық ретінде, оны жоғары өнімділік пен тиімді пайдаланатын қатынасты қамтиды.
Екніші жағынан, жер учаскесі басқа өндіріуші күштерге байланыссыз өзіндік кез келген уақытта құны қалыптастып бастайды.
«Жер туралы» заңды, әдетте синоним ретінде қарастырылған
«жердің мемлекеттік иесі» немесе жер иеленуші деген терминдер жоқ. Оларда жер учаскісінің иелік етушісі деген арнаулы ұғым ауыстырады. Бұл жайт қосалқы түрде, ҚР-да тек қана бір жалғыз жер иесі –мемлекет екендігін көрсетеді.
Жеке меншік құқығы берілмеген жер пайдаланған азаматтар мен заңды тұлғалар –жер пайдаланушы болып табылады. Ал, құқықтық тұрғыдан қарастырсақ –жер иеленуші болып саналады.
Қазақстан Республикасының Ата Заңнына сәйкес жер мемлекеттік меншік болып табылады.
Жер катынастарында нарықтық катынастардың алуан түрлі формалары қалыптасаты. Атап айтқанда алғашғы нарық төрт сигменттен тұрады:
1. Мемлекеттік жер учаскелерінің жеке меншік сатылуы;
2. Мемлекеттік жер учаскелерінің тұрақты жер пайдалануға берілуі;
3. Мақсатына байланысты жер учаскелерінін ( ауылшарушылық өндірісіне ) ақысызпайдалануға бері.
4. Тұрақты жер пайдалану құқығын кепілге беру, ауылшаруашылық кәсіпорындарын сырттан басқаруға беру, жер учаскелерін жалға беру, жермен басқа да мәмілелер жасау;
Бұл сигменттер қосалқы нарық пен мәмілелер кезінде жүзеге асырылады. Жер нарығының элементтерінің арнайы төлем түрлеріне негізделеді.
Алғашқы нарық негізгі төлем түрлеріне негізделеді:
• Меншікке немесе тұрақты пайдалануға жатады;
• Жер салығы;
• Жалгерлік төлем;
• Ауыл шаруашылық тауарлар өндірушілерінен табысқа салық;
• Мемлекеттік жарна;
• Шығын және залалды өтеуден түскен қаржы;
Төлем түрлері:
Жерге төлем;
Патентке табыс салығы (жер бағасының 25%)
Жалгерлік төлем (жер бағасының 3% және одан да %)
Жер салығы
Мемлекеттік жарна (есепті көрсеткіштердің үлес салмағынан алынады)
Алғашқы жер нарығының элементтері:
• Мемлекеттік жер учаскелерінің жеке меншік сатылуы ( өндірістік және өндірістік емес құрылыстар, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге және тұрғын үй құрылыстар)
...