Микроорганизмдердің сыртқы ортаға және экологияға әсері
Автор: ilana • Сентябрь 3, 2018 • Реферат • 4,984 Слов (20 Страниц) • 2,215 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
[pic 1]Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Эпизоотология,паразитология және ВСС» кафедрасы
[pic 2]
Тақырыбы: «Микроорганизмдердің сыртқы ортаға және экологияға әсері»
Орындаған: ВМ-23 топ студенті Илияс Г.Т.
Тексерген: в.ғ.к.,
Орал, 2014
ЖОСПАР
бет
Кіріспе бөлім................................................................... | ||
1 | Микроорганизмдерге сыртқы орта факторларының әсері.... | 3 |
2 | Микроорганизмдерге магнит өрісінің әсері............................ | 8 |
3 | Химиялық және биологиялық факторлар............................ | 9 |
4 | Микроорганизмдер экологиясы............................................... | 14 |
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................... |
Кіріспе
Микробтар ортаның көптеген факторларының әсеріне ұшырайды. Осы жағдайға қарамастан олар сұйық ауада да, терең вакуумде де, сіркеде де атом реакторының суында да тірі жәндіктер арасында да және олардың ішінде де тіршілік қабілетін сақтайды. Бұндай жерлерде күрделі, қолайсыз жағдайға бейімделген организмдер ғана өмір сүреді.Жағдайдың әр түрлілігі физикалық, химиялық, биологиялық және басқа факторлар әсерінен организмдер қасиеттері түрліше болады.
- Микроорганизмдерге сыртқы орта факторларының әсері
Физикалық факторлар.Температура терең микробтар тіршілігіндегі ең маңызды факторлардың бірі.Температура оптимальды, яғни дамуға ең қолайлы, сол сияқты максимальды, яғни тірщілік процесін әлсірететін, не өсуді тоқтататын болуы мүмкін.Әр түрлі микроорганизмдер тобының өсу аймағы кең көлемді.
Психрофильдер (суық сүйгіш микроорганизмдер) төменгі температурада өседі (+15˚-тен -8˚ С –қа дейін).Оларды Солтүстік теңізінен, мұздықтардан, тоңазытқыштарда және басқа жерлерде кездестіруге болады.Олардың арасында балық пен су өсімдіктері ауруларының қоздырушылары, азық-түлікті бұзатын, бүлдіретін микроорганизмдер болады.
Мезофильдер орташа температурада 20 -40˚ С-та өседі.Оларға 25˚-39˚ С температура қолайлы.Мезофильдер - адам мен жануарлар ауруларының, амонификациялық ашу және басқа процестердің қоздырғыштары.
Термофильдер (жылу сүйгіштер) дамуы үшін жоғарырақ 40-80˚ С температураны қажет етеді.Бұндай микроорганизмдер ыстық қайнарда, жануарлардың ас қорыту жолында, ауа-райы ыстық өңірлер топырағында кездеседі.Камчатканың ыстық қайнарларында термофильді микробтардың шар тәрізді, таяқша тәрізді және жіп тәрізді формалары табылған.Термофильді микробтар көңді биологиялық зарарсыздандыру, қоңыр және пішен дайындау, мал азығын сүрлеу және басқа процестерге қатысады.Ылғал көп болғанда термофильдер органикалық заттардың температурасын көрсетеді, оларды ыдыратады, бұның салдарынан жанғыш газдар – метан, сутегі көп жиналады;бұл газдар өсімдіктің өзіне-өзі жануына соқтыруы мүмкін.Температураның кенет өзгеруі микробтарды қырады.
Жоғары температураның микробтарға әсері. Жоғары температураға вегетативтік формалар ерекше сезімтал келеді. Температураны көтерген сайын микробтың өмір сүру уақыты қысқарады. Мысалы, тиф бактериялары 47˚ С –де 2 сағаттан кейін, 59˚ С-та 21 секундтан кейін қырылады. Бұндай жағдай жоғарырақ температурада спораларда да байқалады.
Егер 100˚ С –та споралар 20 сағаттан кейін, ал 130˚ С –та 2-4 минуттан кейін қырылады.
Микробтарға құрғақ буға қарағанда, қаныққан су буы тез әсер етеді.Сібір жарасы қоздырғышының споралары 1 минутта 132˚ С буда, құрғақ ыстықта 180˚ С –та қырылады. Стерилизация сапасына 1 мл суспензиядағы клеткалар саны да әсер етеді. Олар неғұрлым көп болса температура соғұрлым жоғары немесе экспозициясы ұзақ болуы керек.
...