Табиғи және әлеуметтік- орта факторларының адам денесіне және адам өміріне әсері
Автор: zhakatovadinara • Апрель 12, 2022 • Реферат • 3,466 Слов (14 Страниц) • 366 Просмотры
11.10.2021
Орындаған:Серікқызы Жанерке
Тексерген: Ахметов Изгилик Жолманович
1.Табиғи және әлеуметтік- орта факторларының адам денесіне және адам өміріне әсері
2.Оқу жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында денешынықтыру құралдарын пайдалану ерекшеліктері.
Заманауи мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру мектепке дейінгі мекемеде мектепке дейінгі балалық шақ түсінігі адамның өмірінің негізін қалаушы және басты кезеңі ретінде байланыстырылады; қарым-қатынасты гуманизациялау жүйесі «бала-қоршаған әлем»; білім беруді мектепке дейінгі жастағы баланың тұлғалық даму жағдайларын қамтамасыз етуге бағдарлау, олардың бұл сатыда жеке тәжірибе алуы.
Мектепке дейін білім беруге әлеуметтік сұраныс пен жүйенің бүгінгі жайының арасындағы, мектепке дейінгі мекемедегі қазіргі жағдай мен ол жөніндегі балалардың, педагогтар мен ата-аналардың идеалды түсінігінің арасындағы қайшылықтар мамандарды балаларды әртүрлі іс-әрекет субъектісі ретінде дамытуға жетектейтін мектепке дейін білім беруді жүзеге асыру технологияларын іздестіруге себеп болды.
Бұл ізденістер контекстіндегі маңызды аспект мектепке дейінгі мекемеде, жанұяда, бүтін социумда баланы дамыту ортасын оңтайландыру проблемасын шешу болып табылады. Баланы дамытуға әжептәуір деңгейде тұқым уалаушылық, орта, тәрбие және басқа да факторлар әсер етеді. Дегенмен бала өмірінің алғашқы күнінен бастап қоршаған ортасы ынталандырады, тежейді немесе физикалық, психикалық, әлеуметтік, тұлғалық дамуы бейжай дәрежеде болады.
Психологтардың (Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн және т.б.) деректерінше, орта адам дамуының күшті факторы болып табылады, адамды қоршаған кеңістік, индивидтің дамуы мен ісінің тікелей белсенділік аймағы деп қарастырылады.
Психологиялық-педагогикалық сөздік ортаға мынадай анықтама береді: «Орта – адамды қоршап тұрған және онымен организм мен тұлға ретінде өзара ықпалдастықта болатын жағдайлардың жиыны». Орта ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Қоршаған орта – адамды қоршап тұрған ортаның түрі, ол физикалық және әлеуметтік болып бөлінеді. Ішкі орта организмнің күйімен анықталады және организмнің, жеке тұлғаның түрлі жүйелерінің өзара тәуелділігінде көрінеді. П. И. Пидкасистый, тұлғаның ортамен өзара әрекетінде оның өзгерістері ортаның өзгерістеріне тәуелді екендігін, тәрбие процесінде ескеруді талап ететіндей қайшылықтар туғызатынын атап көрсеткен.
Дамытушы орта дегеніміз не? Осы ұғымның мазмұнын ашайық.
В. А. Петровскийдің анықтамасы бойынша дамытушы орта – арнайы ұйымдастырылған баланың өздігінен білім алуына және дамуына жағымды әсер етуге қабілетті баланы қоршаған кеңістік.
М. Н. Полякова дамытушы орта – табиғи, өте жайлы, ыңғайлы, тиімді ұйымдастырылған, әртүрлі сенсорлық қоздырғыш және ойын материалдарымен толтырылған жағдай деп көрсетеді.
«Дамытушы заттық орта, - деп көрсетеді С. Л. Новоселова, - бұл баланың рухани және физикалық бейнесінің даму мазмұнын функционалды модельдейтін іс-әрекетінің материалдық объектілер жүйесі. Байытылған орта баланың түрлі іс-әрекетін қамтамасыз етудің әлеуметтік және табиғи құралдарының бірлігін көздейді». Бұл ортаның негізгі элементтеріне С. Л. Новоселова архитектуралық-ландшафтық және табиғи-экологиялық объектілерді; көркемдік студияларды, ойын, спорттық алаңдарды және олардың жабдықтарын; ірі габаритті, баланың бойына сай конструкторларды; ойыншықтардың тақырыптық жиынтықтарын, құралдарды; оқыту мен тәрбиелеудің аудиовизуалдық және ақпараттық құралдарын жатқызды.
...