Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоздырушының сыртқы ортаға төзімділігі

Автор:   •  Октябрь 11, 2018  •  Реферат  •  1,753 Слов (8 Страниц)  •  841 Просмотры

Страница 1 из 8

       Жоспары:

I.Кіріспе.

II. Негізгі бөлім:

               

                 2.1.Қоздырушының сыртқы ортаға төзімділігі.

                 2.2. Клиникалық белгілері.

                 2.3. Дауалау және күресу шаралары

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

I.Кіріспе.

   

  Вирустық диарея /орыс. вирусная диарея крупного рогатого скота, лат. Diarrhea viralis bоvит, ағыл.viral diarhea/ - дененің ыстығы көтеріліп, ас қорыту жолдарының кілегейлі қабығы ойылып, қан аралас іш өтуі, коньюнктивит және ринит арқылы ерекшеленеіін жіті өтетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректср. Ауру 1946 ж. АҚШ-та анықталып, оның қоздырушы вирусын П.Олафсон ашты. Бастапқыда оның негізгі белгісі - ас қорыту жолдарының ойылып зақымдануына байланысты кілегейлі қабықтарының ауруы деп аталды. Көпке дейін кілегейлі қабықтардың ауруы мен вирустық диарея екі түрлі ауру ретінде қарастырырылып келеді. Кейіннен ол екі аурудың қоздырушысы бір ғана вирус екені анықталған соң, оларды бір аурудың екі клиникалық түрі ретінде қарастырып, басты клиникалық синдромы ескеріліп, вирустық диарея аталатын болды. Қазіргі уақытта бұл ауру дүние жүзінің барлық елдеріңде тіркеліп отыр. Қазақстанда алғаш рет К.Н. Бучнев пен Керімбеков 1973 ж. Алматы облысының Балқаш ауданында анықтады.

Қоздырушысы – Воvіпе virus diarrhea pesitvirus, құрамыңда РНК бар Тоgаvіridае тұқымдастығының Pestivirus туыстастығына жатады. Шошқа обасының вирусымен ортақ антигені бар. Шошқа обасына қарсы гипериммунды қан сарысуы сиыр диареясының вирусын бейтараптайды.Ауырған малдың организмінде вирус ішек-қарынның кілегейлі қабығында үнемі кездеседі, ал виремия кезінде қанда, сөл түйіндерінде, ішкі ағзаларда болады.

II.Негізгі бөлім

Төзімділігі. Диарея вирусы - 20°С-тан төмен температурада жылдар бойы сақталады. Патматериалда 4°С-та 6 ай бойы тіршілігін жоймайды, ал 37°С-та 5 тәулік ішіңце өледі. Вирус хлороформға, эфирге сезімтал. Қышқыл ортаның әсеріне төзімсіз, рН 5,7 ден төмендегенде ыстыққа да төзімсіз. 56°С-тан жоғары температура уыттылығын тежеп, тіршілігін тоқтатады. Сыртқы ортаны зарарсыздандыру үшін кәдімгі дезинфектанттар қолданылады.

Індеттік ерекшеліктері. Вирустық диареямен табиғи жағдайда сиыр, буйвол, бұғы және елік аурады. Ірі кара әдетте 2 айдан 2 жасқа дейінгі аралықта аурады, жаңа туған бұзаулар мен сақа сиырлар ауруға сирек шалдығады. Торайлар мен көжектерге оны қолдан жұқтыруға болады.Ауру қоздырушысының бастауы - ауруға шалдыққан жануарлар, олар жазылғаннан кейін де 4 ай бойы вирус алып жүреді. Ересек сиырларда ара-тұра іш тастау арқылы байқалатын жасырын инфекция болады. Вирус денеден нәжіс, несел, сілекей, танаудан аққан сора мен көзден аққан жас арқылы бөлініп шығады. Негізгі жұғу жолы алиментарлық, кейде аэрогеңдік жолмен немесе тумай тұрып жатырда жұғады. Жұқтыру факторы рөлін вируспен ластанған жемшөп, күту саймандары, су, күтуші адамдардың киім-кешегі атқарады.

Вирустық диарея індет ретінде тұтанып, жылдың суық мезгілдерінде байқалады. Аурудың шығуына малды ауыстырып, топтастыру, күтімінің

нашарлығы, технологиялық процестер кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталмауы ықпал етеді. Ауруға шалдығу көрсеткіші жана басталған індет ошақтарында 90 %-ке, ал өлім көрсеткіші 30%-ға дейін жетеді. Тұрақтанған ошақтарында ауруға шалдығу деңгейі төмендеп, керісіншс ауырған малдың шығыны көбейеді.

Вирустык диареяға әдетте жұкпалы ринотрахеит пен парагрипп қабаттасып, ауруды асқыңдырып жібереді. Сонымен қатар бірқатар бактериялар да /эшерихиялар, сальмонеллалар, пастереллалар, гемофильді бактериялар/ бұл аурудың асқынып, зілді түрде өтуіне себепкер болады.

Дерттенуі. Ас қорыту және тыныс жолдарына түскен вирус кілегейлі қабықтардың эпителийінде көбейіп, қанға өтеді де, лейкоциттерге жабысады. Бұл кезде дененің ыстығът көтеріледі. Вирусты бейтараптаушы антиденелер пайда болып, олар қанға түскенде виремия тежеледі. Вирус қан мен сөл арқылы сөл түйіндеріне және басқа да лимфоидты мүшелерге жетіп, шоғырланады. Сөл түйіндерінде, көк бауырда, Пейер түйіндерінде жас торшалар өліп, көбею орталықтары дегенерацияға шалдығады /азғындайды/.Өліеттену әсірсе Пейер түйіндерінде едәуір болады. Гранулоциттердің түзілуі тежеліп, уақытша кең ауқымды лейкопения қалыптасады, нәтижесінде мононуклеарлы торшалар шамадан тыс көбейеді. Бұл торшалар ауыздағы, аңқадағы, қарындағы, ішектегі, танаудағы эпителий капиллярларының манайына шоғырланады. Кейінде эпителий торшаларының бір бөлгі өліеттенеді де, олардың сыдырылуының салдарынан вирустық диареяға тән ойылымдар пайда болады. Ас қорыту және тыныс жолдарының бөлінділерімен вирус сыртқы ортаға бөліне бастайды. Ауру басталғаннан соң 1-2 апта өткенде қанда антиденелер пайда болып, егер ауру асқынбаса, жануар жазыла бастайды, немесе процесс созылмалы сипатталады. Аурып жазылған малдың қанында антиденелер 1-1,5 жылға дейін сақталады. Кейіннен серологаялық реакциялар өшеді, бірақ вирусты қаннан немесе сөлден бөліп алуға болады. Мұндай малдың лимфоциттері арқылы сау малға ауру жұқтыруға болады.

...

Скачать:   txt (25.7 Kb)   pdf (272 Kb)   docx (152.4 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club