Мұнай және мұнай өңдеу зауыттарының экологияға әсері
Автор: Amantayeva01 • Апрель 5, 2019 • Статья • 577 Слов (3 Страниц) • 9,008 Просмотры
МҰНАЙ ЖӘНЕ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТТАРЫНЫҢ
ЭКОЛОГИЯҒА ӘСЕРІ
Махамбетова Ж.К., Ұзақбай М.А.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Мұнай өндіру саласы - шаруашылық салаларының ішіндегі ең экологиялық қауіпті сала болып саналады. Ол өте үлкен жер көлемін алуымен, ластандыру мүмкіндіктерінің көптігімен, өндірістік нысандардың жарылыс және өрт қауіптілігінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Ұңғымаларды бұрғылауда, мұнай өндіру және дайындауда қолданылатын химиялық реагенттер мен олардың қоспалары өсімдік және жануарлар әлеміне, адам өміріне қауіп төндіретін зиянды заттар болып табылады [1].
Мұнай екі түрлі әдіспен өңделеді. Біріншісі - физикалық әдіс - мұнайды мұнарада фракцияларына бөлуден тұрады. Ол мұнайды айдау деп аталады. Екіншісі - химиялық әдістер: ауыр көмірсутектерді бөлшектеу арқылы жеңіл көмірсутектер алу немесе крекинг процесі және оларды ароматтандыру процесі. Алайда бұл процестерден біраз мөлшерде қалдықтар қалады [2].
Мұнай өңдейтін зауыттар ауа мен әлемдік мұхит суларын және литосфераны ластайтын көздердің бірі. Ластаушы заттар шығаратын негізгі көздерге - мұнайды күкірттен тазалау мен катализаторларды регенерациялау процестері, қыздырғыштар және қазандықтар жатады. Сонымен қатар мұнайдан, одан алынған өнімдерді сақтайтын ыдыстардан, су мен мұнай сепараторларынан әртүрлі заттар бөлініп, қоршаған ортаны ластап отырады [3].
Негізінде мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға кері әсерін тигізеді. Өндірістен шығатын ластауыш құрам бөліктерге көмірсутектер (48 %), көміртек оксиді (33 %), қатты заттар (20 %) жатады. Осы салада мұнаймен бірге шығатын газдар әлі толығымен қолданылмайтын болғандықтан, жыл сайын оның көлемінің 20 % - ы пайдасыз алауда жағылады. Сондықтан қоршаған ортаны ластаумен қатар, табиғи ресурстар ысырапталады. Осыған байланысты бұл газдарды пайдалану жолдарын іздестіру қажет. Бұрғылайтын қондырғылар мен магистральдық газ – мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін. Осы кезде қоршаған ортаның, әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайлардың туындауының негізгі себебі - тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап, жарылуы, сонымен қатар құрылыс техникасының осы құбырларды басып езіп кетуіне немесе технологиялық және құрылыстық ақаудың болуына да байланысты. Мұнай шығаратын өндірістерде басқа өндіріс салаларына қарағанда су көп пайдаланылғандықтан, олардың су қоймаларына шығаратын ластанған сарқынды суларының көлемі де жеткілікті.
...