Жануарлар физиологиясы және биохимиясы-3
Автор: fhgjhfg bncf • Июнь 13, 2022 • Практическая работа • 2,351 Слов (10 Страниц) • 261 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
АҚ «С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ КАФЕДРАСЫ
ЕСЕП
«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы-3» пәнінен оқу тәжірибе бойынша есеп.
Орындаған: Абилова Ж.О.
Курс: 2 Топ: 19-07
Мамандығы: «Ветеринария» бағыты «Тағам қауіпсіздігі»
Тексерген: б.ғ.д. доцент Жумадина Ш.М.
Нур-Султан 2021
Мазмұны:
Кіріспе
- Қазды зерттеу кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелер мен талаптар.
- Қазды фиксациялау.
- Қаздан фибрин, плазма және сарысу алу мен қан алу техникасы.
- Қаздың жүрек соғу жиілігін және артериялық қысымды анықтау.
- Қаздардың тыныс алу жиілігін анықтау. Кеудеге аускультация және перкуссия жасау.
- Қаздың асқазан-ішек жолының сырттай көрсеткіштерін зерттеу.
- Қаздың дене температурасын өлшеу әдістері.
- Қорытынды.
- Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
«Жануарлар физиологиясы» біздің мамандығымыз үшін маңызды пәндердің бірі. Физиология организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады.
Бұл пәнің негізгі мақсаты – организмнің зат алмасу, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару, жүйке жүйесі және т.б. заңдылықтарын үйрету; организмнің жеке даму жағдайында түрлі физиологиялық функциялардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу болып табылады.
Қаздар — қазтәрізділер отрядына жататын құстардың тұқымдас тармақтарының бірі. Қаздардың мойын омыртқасының саны 21-ден аспайды. Қаздар көбінесе құрғаққа ұялап, құрғақта оттайды, су оларға сусындау, түлеу және кейде демалу үшін ғана керек болады. Олар суда жақсы жүзе алады, бірақ сүңги алмайды. Қаздардың барлық түрлері 6—12 жұмыртқа салады да, балапандарын 25—28 күн басып шығарады, олар бір тәуліктен соң енесіне ере бастайды. Қаздардың еті өте құнды, мамығы да пайдалы.
Қаздардың ата-тегі жабайы сұр қаз болып табылады және оны алғаш рет Африка, Азия және Европада қолға үйреткен.
1-сурет
[pic 1]
- Қазды зерттеу кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелер мен талаптар.
Жалпы, құстармен жұмыс істеу алдында орындалатын қауіпсіздік ережелер мен нұсқаулар:
- Зерттеуге кіріспес бұрын, студент ақ халат, арнайы қалпақ киюге тиісті. Сонымен қатар қолға арнайы резеңке қолғап және аяқ киім кию қажет.
- Қолдануға қажетті құрал-жабдықтарды міндетті түрде дезинфекциялап, тазалықта ұстау қажет. Тәжірибе алдында және аяқталғаннан кейін жұмыс орнын жинап, құрал-жабдықтарды залалсыздандырғыш ерітінділермен тазалап жуу керек.
- Құстарды зерттеу кезінде тыныштық сақтаған жөн және оларды үркітіп, шошытпау үшін ақырын қимылдар жасау қажет.
- Әр құстың түрі мен ерекшеліктерін ескере отырып, оларға жақындау мен матап ұстау тәсілдерін меңгеріп, оны іске асыру.
- Тәжірибе жасар алдында құстың мінез-құлқына қарап алған жөн.
- Құстарды зерттегенде немесе ұстағанда, оларды көз бен беттен біраз арақашықтықта ұстаған жөн.
- Қазды фиксациялау.
Үй құстарын зерттеу үшін бір қолмен қанатынан, ал екінші қолмен аяғынан немесе мойнынан ұстайды. Бірақ құс тұншығып қалмас үшін кеуде қуысын қыспай ұстау қажет.
Суда жүзетін құстармен, яғни қаздармен жұмыс істеу кезінде көзді шұқып алмас үшін басын ұстап тұру керек және оларға тек созылған қол аралығында жұмыс жүргізу керек. Сонымен қатар қаздың қанаттарын ұстау керек, өйткені олар қанаттарымен қатты ұруы мүмкін. Қазды тыныштандыру үшін мойнынан ұстау әрекеттерін пайдалану қажет.
...