Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өсімдіктер физиологиясы және өсімдік шаруашылығы

Автор:   •  Апрель 2, 2019  •  Реферат  •  13,183 Слов (53 Страниц)  •  1,116 Просмотры

Страница 1 из 53

Кіріспе

        Өзектілігі.Ауылшаруашылығы өсімдіктерінен мол өнім алу үшін, топырақта оған қажетті минералды және органикалық заттар жеткілікті мөлшерде болуы керек, ал топырақтағы қоректік заттардың мөлшері шексіз емес, олар жыл сайын өсімдіктің өніміне қарай жұмсалып белгілі бір шамасы кемиді. Сондықтан егістік жерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін ол жерлерге қосымша тыңайтқыш егу агротехникалық маңызды шара болып саналады.Мамандардың есептеуі бойынша, өнімнің өсуінің 50 проценті тыңайтқыш үлесіне, ал қалған 50 проценті агротехника, сорт, мелиорация т.б. шаралардың үлесіне тиеді. Алайда тыңайтқыш қолдану технологиясын сақтамау, оның құрамында өсімдікке зиянды әсер ететін улы қоспалардың кездесуі, сапасы нашар тыңайтқышты пайдалану топырақтың атмосфераның, жер асты суының тағы басқа бізді қоршаған объектілердің ластануына ықпал етеді. Бірақ қазіргі жағдайда тыңайтқышсыз  дақылдар өнімін айтарлықтай дәрежеге көтеру мүмкін емес. Микроэлементтер өсімдіктің даму, ұрықтану, жеміс салу процестерін және белок, көмірсу, май заттарының синтезделуін тездетеді.Өсімдіктің қоректенуіне микроэлементтердің жетіспеуі түрлі ауруларға төзімділігін төмендетеді Минералды тыңайтқыштар , әсіресе  молибден өсімдік тіршілігінде жан – жақты рөл атқаратындықтан өзекті мәселе ретінде зерттеу тақырыбына  таңдап алынды.

      Зерттеудің мақсаты- Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің физиологиясы мен өнімділігіне микротыңайтқыш ретінде молибденнің әсерін зертханалық жағдайда зерттеу, бағалау.  

     Зерттеу нысаны- күріштің Алтынай сорты, Бақанас сорты, Аналог-2 сорты, Мадина сорты пайдаланылды.

      Зерттеу пәні- Өсімдіктер физиологиясы және өсімдік шаруашылығы

     Зерттеудің міндеттері: Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай міндеттер қойылды:

         -  Микроэлемент молибденнің өсімдік үшін  маңызын қарастыру;

  • Тұқымды зертханалық жағдайда өсіру ;
  •  Өскіннің өсуін , салмағын өлшеу ,есептеу;
  • Өсімдік өсуіне молибденнің әсерін биоморфологиялық анализ арқылы бағалау;

        -   Молибденнің астық тұқымдас өсімдіктерінің бірқатар физиологиялық процестері мен өнімділігіне әсерін  лабораториялық жағдайда зерттеу нәтижелерінен қортынды жасау.

Зерттеу  әдiстерi: 

  • Дипломдық жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Униветрситеті Жаратылыстану және география институтының ботаника және жалпы биология кафедрасы өсімдіктер физиологиясы пәніне арналып жабдықталған зертханада орындалды.
  • Биоморфологиялық анализге өсімдік жағдайын бағалаудың әртүрлі әдістері пайдаланылды: тұқымды отырғызу, алдын ала молибденқышқылды аммоний ертіндісінің азғана концентрациясымен қанықтыру әдісі , өсуін өлшеу, есептеу әдістері қолданылды.

       Алынған нәтижелер: 

      Зерттеуiмiздiң ғылыми болжамы тәжiрибелік-эксперименттiк жұмыс барысында дәлелдендi және жүргiзiлген зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес мынадай нәтижелер алынды. 

  • Зерттеуге күріштің Өсімдіктер биологиясы және биотехнология институтының күріш селекциялалары :тұзға төзімді Бақанас, Мадина және тұзға орташа төзімді Алтынай, Аналог-2, сорттары  алынды;
  • Морфометриялық талдау жұмыстарының нәтижесінде күріш өскінінің жер үсті бөлігі ұзындығының (см)  бақылаумен салыстырғанда молибденқышқылды аммоний әсерінен: Алтынай сортында 20 %-ға, Бақанас сортында 16%-ға, Аналог-2 сортында 27 %-ға, Мадина сортында 90,0 %-ға  жоғарылағаны байқалды;
  • Сондай ақ күріш өскінінің негізгі тамыр ұзындығына (см) бақылаумен салыстырғанда молибденқышқылды аммоний әсерінен: Алтынай сортында 12%-ға және Бақанас сортында 11%-ға, Аналог-2 сортында 6%-ға, Мадина сортында 87 %-ға дейін күшейтетіндігін көрсетті;
  • Сонымен қатар күріш өскінінің тамыр санына (дана) бақылаумен салыстырғанда молибденқышқылды аммоний әсерінен: Бақанас сортында 24%-ға және Аналог-2 сортында 22%-ға дейін көбейгенін көруге болады. Бұл заңдылық Алтынай және Мадина сорттарында байқалмады;
  • Осылайша салыстырмалы анализ нәтижесі көрсеткендей молибденқышқылды аммоний күріш өскіндерінің жер үсті және жер асты мүшелелерінің өсуіне жағымды әсер бере отырып, жер үсті бөлігінің ұзындығын, тамыр жүйесінің ылғал мен қоректік заттарды қабылдау мүмкіндігін жетілдіре отырып тамыр түктерінің  дамуын күшейтеді Бұдан микротыңайтқыш ретінде молибденді  қолдану дақылдың өнімін арттырып қана қоймай, оның сапасына да елеулі әсер етеді деген қорытынды жасалды.

       Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Қазіргі таңда температураның өзгермелілігі (жоғары және төмен), ортаның сортаңдануы және басқа да антропогендік факторлардың ауылшаруашылығы және басқа да дақылдар үшін экологиялық  және экономикалық қауіп төндіретіндігі баршаға мәлім. Эксперименттертік жұмыстар жүргізуге микротыңайтқыш ретінде молибден таңдап алынды.Бұл микроэлемент басқаларымен салыстырғанда өсімдіктердің жерүсті және жерасты мүшелеріне бірдей реттеуші әсер ететіндігімен ерекшеленеді.Тәжрибеде алынған молибденнің ауылшаруашылығы өсімдіктердің тамырлануына, тұқымдардың өнімін жоғарылатуға, суыққа және тұздылыққа төзімділікті, сонымен бірге өсімдіктердің биоөнімділігін арттыру мүмкіндік бететіндігі анықталды. Зерттеу жұмысында игерілген ауыспалы егісте микротыңайтқыш ретінде молибденді қолданудың тиімді жүйесі, дақыл түсімін арттырудың шешуші шарттары қарастырылғандықтан экономикалық жағынан тиімді болса, зерттеу нәтижелері тиісті құрылымдар үшін қажет деп есептеймін.  

...

Скачать:   txt (172.7 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 52 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club