Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы

Автор:   •  Февраль 9, 2022  •  Контрольная работа  •  2,447 Слов (10 Страниц)  •  428 Просмотры

Страница 1 из 10

Дәріс №1

Кіріспе

Мақсаты: Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы пәніне жалпы түсінік беру. Пәнінің дамуы жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің басқа ғылымдармен байланысы туралы түсінік беру.

Дәрістің жоспары:                                                                                                       1.Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің мазмұны , мақсаты және салалары.

2. Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасының маңызы

3.Пәнінің дамуы

4. Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің басқа ғылымдармен байланысы                                                                                                   5. Зерттеу әдістері

«Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы» жалпы курсын оқытудың мақсаты: Студенттерді адамдар ағзасында өтетін әртүрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік процестерінің (зат алмасу, тыныс алу, қоректену және т.б.) заңдылықтар және жеке мүшелер қызметінің маңызы мен таныстыру; азға мен сыртқы орта араларындағы өзара әсерлерінің механизмдерімен таныстыру; адамдар ағзасында жеке мүшелер және мүшелер жүйелерінің қызметінің жасқа сай ерекшеліктерімен таныстыру; болашақ мамандықты игеруге қажет білім жинақтауға мүмкіндік беру.

«Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәнін оқытудағы негізгі міндеттері:

  • Жалпы биологиялық пәндері ретінде физиология пәнін таныту. Жасқа сай физиологиясы мектеп гигиенасы пәні бойынша жаңа мәліметтерге сүйене отырып, әдебиеттерді қолдана білуге үйрету.
  • Ағзаның әр түрлі жүйесіндегі және олардың жекеленген құрылымдық элементтерінің арнайы ерекшеліктері мен жалпы заңдылықтары туралы түсінікті қамтамасыз ету;
  • Ағзаның әртүрлі жүйелерінің даму ерекшеліктері туралы туралы түсінікті беру;
  • Физиологиялық ғылымның  жаңа жетістіктері мен оның дамуындағы қадымдарымен таныстыру;
  • Біртұтас ағза мүшелерінің өзара байланыстылығын түсіндіру. Қоршаған ортаның ағзаға, мүшелерге әсері туралы түсінікті беру.
  • Маманның интелукталыды – танымдық іс-әрекетін дамытуда физиологияның рөлін түсіндіру.  

       «Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәнін оқыту нәтижесінде студент білуі және істей-білуі тиіс.

  • Ағзада өтетін физиологиялық процестердің қалыпты жағдайларын білу. Эволюциялық дамудың әртүрлі сатысындағы немесе әртүрлі экологиялық жағдайда тіршілік ететін адамдардың физиологиялық қызметтердің сапалық айырмашылығын;
  • Балалар мен жас өспірімдердің физиологиялық ерекшеліктерін, олардың жекеше дамуының қалыптасу заңдылықтарын және тәрбие жұмысының физиологиялық функциялардың ерекшеліктерін;
  • Ғылыми – зерттеу іс-әрекетінде теориялық білім мен практикалық дағдыларын қолдану мүмкіндіктерін. Басқа да кәсіптік пәндермен физиологияның логикалық байланысын, олардың кәсіби іс-әрекетте қолдана білу.

Осы пәнді оқу үшін қажет:                                                                   Валеология, естествознание, жалпы биология, математика, физика, химия.

 «Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәні – бастапқы білім деңгейін оқытудағы болашақ педагогтар үшін дүниетанымды дамытудағы қажетті курстың жалпы пәні болып табылады.

        

Мақсаты: Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің тура туралы жалпы түсінік беру, пәнінің дамуы; жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы пәннің басқа ғылымдармен байланысы туралы түсінік беру.

Негізгі сұрақтар:

1.         Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің мазмұны, мақсаты және салалары.                                   2.        Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасының маңызы.

3.        Пәннің дамуы. негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы, салмағы және кеуде шеңбері. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Организмнің дамуы – сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, оганизм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл–ой өрістерінің молаюы.

...

Скачать:   txt (15.9 Kb)   pdf (101.4 Kb)   docx (12.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club